Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімінің 2014 жылғы 15 сәуірдегі № 05 "Алматы қаласы Бостандық ауданында сайлау учаскелерін құру туралы" шешіміне өзгертулер енгізу туралы

Күшін жойған

Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімінің 2017 жылғы 10 тамыздағы № 05 шешімі. Алматы қаласы Әділет департаментінде 2017 жылғы 23 тамызда № 1400 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімінің 2019 жылғы 11 сәуірдегі № 2 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімінің 11.04.2019 № 2 (ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық Заңының 23 бабының 1, 2 тармақтарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37 бабын басшылыққа ала отырып, Алматы қаласы Бостандық ауданының әкімі ШЕШТІ:

      1. Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімінің 2014 жылғы 15 сәуірдегі "Алматы қаласы Бостандық ауданында сайлау учаскелерін құру туралы" № 05 шешіміне (нормативтік құқықтық акті 2014 жылғы 23 сәуірде нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 1027 болып тіркелген, "Алматы ақшамы" газетінің 2014 жылғы 29 сәуірдегі № 49-51 санында және "Вечерний Алматы" газетінің 2014 жылдың 29 сәуіріндегі № 49-50 санында жарияланған) келесі өзгертулер енгізілсін:

      аталған шешімнің қосымшасындағы № 228, 238, 240, 241 сайлау учаскелерінің шекаралары осы шешімнің қосымшасына сәйкес өзгертілсін.

      2. Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімінің аппараты осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, тіркелгеннен кейін ресми мерзімді басылымдарда, сондай-ақ Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде және Бостандық ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Бостандық ауданы әкімінің аппарат басшысы Б.Ж. Алияроваға жүктелсін.

      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Әкім Б. Торғаев

  Алматы қаласы
Бостандық ауданы әкімінің
2017 жылғы 10 тамызындағы
№ 05 шешіміне қосымша

№ 228 сайлау учаскесі
Орталығы: Алматы қаласы, Орбита-1 ықшам ауданы, 41 үй,
№ 60 гимназиясы, телефон 265-48-87

      Шекаралары: Навои көшесінен бастап Торайғыров көшесінің бойымен (оңтүстік жағы) шығысқа қарай, Орбита-1 ықшам ауданындағы 1, 2, 3, 4, 5 үйлерді және Навои көшесіндегі (солтүстік жағы) 208/2, 208/4, 208/7, 208/8, 210/3 үйлерді қоса есептегенде Үлкен Алматы өзеніне дейін, Үлкен Алматы өзенінің бойымен (батыс жағы) оңтүстікке қарай Навои көшесіндегі 310 үйдің бұрышына дейін, Навои көшесіндегі 314 үйді қоса есептегенде, Навои көшесіндегі 310 үйдің бұрышынан (шығыс жағы) солтүстікке қарай Торайғыров көшесіне дейін.

№ 238 Сайлау учаскесі
Орталығы: Алматы қаласы, Орбита-3 ықшам ауданы,
55 үй, № 45 жалпы білім беру мектебі,
телефон 229-33-64

      Шекаралары: Орбита-3 ықшам ауданы үйлерінің шекарасымен 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 7А, 8, 13, 16, 19, 20, 21, 22, 24, 25 үйлер.

№ 240 сайлау учаскесі
Орталығы: Алматы қаласы, Рысқұлбеков көшесі, 28 үй,
"Халықаралық білім беру корпорациясы" акционерлік қоғамы
(Қазақ бас сәулет құрылыс академиясының оқу корпусы),
телефон 309-63-06

      Шекаралары: Саин көшесінен бастап Рысқұлбеков көшесінің бойымен шығысқа қарай Рысқұлбеков көшесіндегі 34 үйге дейін, 34 үйден бастап оңтүстікке қарай Торайғыров көшесіне дейін, Торайғыров көшесіндегі 25, 27, 29, 39, 41, 43, 45, 45А, 47, 49, 51, 53 үйлерді қоса есептегенде және Орбита-3 ықшам ауданындағы 16, 20, 21, 22 үйлерді есепке алмағанда, Торайғыров көшесінің бойымен (солтүстік жағы) батысқа қарай Саин көшесіне дейін, Саин көшесінің бойымен (шығыс жағы) солтүстікке қарай Рысқұлбеков көшесіне дейін.

№ 241 сайлау учаскесі
Орталығы: Алматы қаласы, Рысқұлбеков көшесі, 20 үй,
№ 37 жалпы білім беру мектебі, телефон 265-19-91

      Шекаралары: Щепкин көшесінен бастап Торайғыров көшесінің бойымен (оңтүстік жағы) шығысқа қарай Навои көшесіне дейін, Навои көшесінің бойымен (шығыс жағы) солтүстікке қарай Тоқтабаев көшесіне дейін, Тоқтабаев көшесінің бойымен (оңтүстік жағы) шығысқа қарай Үлкен Алматы өзеніне дейін, Үлкен Алматы өзенінің бойымен (батыс жағы) оңтүстікке қарай Торайғыров көшесіне дейін, Навои көшесіндегі 208/2, 208/4, 208/7, 208/8, 210/3 үйлерді есепке алмағанда, Торайғыров көшесінің бойымен (солтүстік жағы) батысқа қарай Щепкин көшесіне дейін, Щепкин көшесінің бойымен (шығыс жағы) солтүстікке қарай Рысқұлбеков көшесіне дейін.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады