"Шаруа (фермерлік), жеке қосалқы шаруашылықтарда және өндірістік кооперативтерде ірі қара мал мен қойлардың аналық мал басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі шығындарды, ірі, шырынды, құрама жемшөп пен жемшөптік қоспаларды дайындау және сатып алу жөніндегі шығындарды 100%-ға дейін өтеуді, арзандатуды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар нормативтерін, сондай-ақ өлшемдер мен талаптарды бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 14 шілдедегі № 265 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2017 жылғы 22 қыркүйектегі № 380 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 29 қыркүйекте № 4325 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27, 50-баптарына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Шаруа (фермерлік), жеке қосалқы шаруашылықтарда және өндірістік кооперативтерде ірі қара мал мен қойлардың аналық мал басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі шығындарды, ірі, шырынды, құрама жемшөп пен жемшөптік қоспаларды дайындау және сатып алу жөніндегі шығындарды 100%-ға дейін өтеуді, арзандатуды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар нормативтерін, сондай-ақ өлшемдер мен талаптарды бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 14 шілдедегі № 265 қаулысының (2016 жылғы 26 тамыз "Әділет" Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3861 болып тіркелді) күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысының
      әкімі Қ. Ақсақалов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады