"Сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару ережелерін бекіту туралы" Петропавл қаласы мәслихатының 2017 жылғы 15 қыркүйектегі № 3 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық мәслихатының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 15 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 10 қаңтарда № 4493 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық мәслихатының 2021 жылғы 23 желтоқсандағы № 3 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық мәслихатының 23.12.2021 № 3 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексі 19-1 -бабының 3) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26-бабына сәйкес, Петропавл қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. "Сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару ережелерін бекіту туралы" Петропавл қаласы мәслихатының 2017 жылғы 15 қыркүйектегі № 3 шешіміне (Мемлекеттік нормативтік-құқықтық тіркеу тізілімінде 2017 жылғы 9 қазанда № 4337 болып тіркелді, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 20 қазанда жарияланды) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      шешімнің атауы мемлекеттік тілінде мынадай редакцияда баяндалсын:

      "Сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту туралы";

      орыс тіліндегі шешімнің атауы өзгеріссіз қалдырылсын.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Петропавл қалалық
      маслихат сессиясының
      төрағасы Е.Баженов
      Петропавл қалалық
      маслихат хатшысы А. Бердағұлов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады