Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының ауылдық округтері әкімдеріне кандидаттардың үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар анықтау және таңдаушылармен кездесулер өткізуі үшін үй-жай ұсыну туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 14 шілдеде № 244 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 31 шілдеде № 4277 болып тіркелді. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 16 қарашадағы № 373 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің 16.11.2017 № 373 қаулысымен (бұқаралық ақпарат құралдарында алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 28-бабының 4, 6-тармақтарына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Айыртау аудандық сайлау комиссиясымен бірлесіп (келісім бойынша) Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының Арықбалық ауылдық округінің, Гусаковка ауылдық округінің, Елецкий ауылдық округінің, Имантау ауылдық округінің, Казанка ауылдық округінің, Қамсақты ауылдық округінің, Қаратал ауылдық округінің, Нижнебурлук ауылдық округінің және Сырымбет ауылдық округінің әкімдеріне барлық кандидаттардың үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар 1-қосымшаға сәйкес анықталсын.

      2. Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының ауылдық округтері әкімдеріне кандидаттардың таңдаушылармен кездесулер өткізуі үшін шарттық негізде үй-жай 2-қосымшаға сәйкес ұсынылсын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімінің аппарат басшысы Ә.Ә.Ғаббасовқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы бұқаралық ақпарат құралдарында бірінші ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі А. Тастеміров
      "КЕЛІСІЛДІ"
      Айыртау аудандық
      сайлау комиссиясының
      төрағасы Е. Мерғасымов
      2017 жылғы 14 шілде

  Айыртау ауданы әкімдігінің
  2017 жылғы 14 шілдедегі № 244 қаулысына 1-қосымша

Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының ауылдық округ әкімдеріне барлық кандидаттардың үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары

№ р/с

Ауылдық округтің атауы

Сайлау алды үгіттің үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін құрылғылар орналасқан орындар мен мекенжайлар

1.

Арықбалық ауылдық округі

Арықбалық ауылы – орталық базар жанындағы қалқанда

2.

Гусаковка ауылдық округі

Гусаковка ауылы- "Гусаковка" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің демалыс орталығы ғимаратының жанындағы қалқанда (келісім бойынша)

3.

Елецкий ауылдық округі
 

Елецкое ауылы - "Агрофирма "Жер-Ана" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің "Елецкое" шаруашылығының жанындағы қалқанда (келісім бойынша)

4.

Имантау ауылдық округі

Имантау ауылы - шағын-базар жанындағы қалқанда

5.

Казанка ауылдық округі

Казанка ауылы - "Достық-Дән" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің № 3 өндірістік учаскесінің әкімшілік ғимаратының жанындағы қалқанда (келісім бойынша)

6.

Қамсақты ауылдық округі

Карасевка ауылы - "Қантай" дүкені ғимаратының жанындағы қалқанда (келісім бойынша)

7.

Қаратал ауылдық округі

Қаратал ауылы - "Қаратал ауылдық округі әкімінің аппараты" КММ ғимаратының жанындағы қалқанда

8.

Нижнебурлук ауылдық округі

Нижний Бурлук ауылы - "Балдырған" ясли-бақшасы мемлкеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны ғимаратының жанындағы қалқанда

9.

Сырымбет ауылдық округі

Сырымбет ауылы - "Сырымбет ауылдық округі әкімінің аппараты" КММ ғимаратының жанындағы қалқанда

  Айыртау ауданы әкімдігінің
  2017 жылғы 14 шілдедегі № 244 қаулысына 2-қосымша

Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының ауылдық округтері әкімдеріне кандидаттардың таңдаушылармен кездесулер өткізуі үшін шарттық негізде ұсынылатын үй-жай


р/с

Елді-мекеннің атауы

Таңдаушылармен кездесу үшін үй-жайлар

1.

Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы Саумалкөл ауылы

"Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің оқу залы, Ақан Сері көшесі № 31 үй


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады