Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібін, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшерін айқындау туралы

Жаңартылған

Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 12 желтоқсандағы № 294 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 27 желтоқсанда № 4456 болып тіркелді.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 2-тармағына, "Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы" Қазақстан Республикасы 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 3-бабы 2-тармағы 3) тармақшасына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Мыналар айқындалсын:

      1) осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен ақшалай сыйақы мөлшері;

      2) осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу тәртібі.

      3. "Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның мемлекеттік және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның Солтүстік Қазақстан облысы филиалына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін жіберуді;

      3) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Жамбыл ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Cолтүстік Қазақстан облысы
Жамбыл ауданының әкімі
И.Турков
      "КЕЛІСІЛДІ"
"Солтүстік Қазақстан облысы
Ішкі істер департаменті
Жамбыл ауданының
ішкі істер бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің бастығы
2017 жылдың "12" желтоқсаны
А. Құтұшев

  Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің 2017 жылдың 12 желтоқсанындағы № 294 қаулысына 1-қосымша

Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен ақшалай сыйақы мөлшері

      1. Жамбыл ауданы әкімінің құрмет грамотасы.

      2. Жамбыл ауданы әкімінің алғыс хаты.

      3. 10 еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшердегі ақшалай сыйақы.

      4. Бағасы 10 еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын бағалы сыйлық.

  Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 12 желтоқсанындағы № 294 қаулысына 2-қосымша

Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу тәртібі

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің 15.07.2019 № 186 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Осы тәртіп қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу тәртібін айқындайды.

      1. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу мәселелерін Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу жөніндегі аудандық комиссия (бұдан әрі - Комиссия) қарастырады.

      2. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге белсенді қатысатын азаматтарды көтермелеу туралы ұсынымды Комиссияға қарастыруға "Қазақстан Республикасының ішкі істер министрлігі Солтүстiк Қазақстан облысының полиция департаментiнің Жамбыл ауданының полиция бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Жамбыл ауданының ПБ) енгізеді.

      3. Комиссия қабылдайтын шешім көтермелеу үшін негіз болып табылады.

      4. Комиссия көтермелеу түрлерін, соның ішінде ақшалай сыйақы мөлшерін, көтермеленушiнiң қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қосқан үлесін ескере отыра, белгілейді.

      5. Ақшалай сыйақыны төлеу және бағалы сыйлықты алу үшін Комиссия қабылдайтын шешімге сәйкес, қосымша Жамбыл ауданының ПБ бастығының бұйрығы шығарылады.

      6. Жамбыл ауданының ПБ ақшалай сыйақыны төлеуді және бағалы сыйлықты алуды облыстық бюджет қаражаты есебінен жүргізеді.

      7. Көтермелеулерді төлеуге қаражат облыстық бюджетте, "Солтүстік Қазақстан облысының полиция департаменті" мемлекеттік мекемесінің 252 003 "Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу" бюджеттік бағдарламасымен көзделеді.

      8. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін азаматтарға Жамбыл ауданы әкімінің құрмет грамотасын, Жамбыл ауданы әкімінің алғыс хатын, ақшалай сыйақыны, бағалы сыйлықты беруді Жамбыл ауданының ПБ салтанатты жағдайда жүзеге асырады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады