Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының аумағында ауылдық округтері және Булаев қаласы әкімдеріне кандидаттарға үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орын белгілеу және таңдаушылармен кездесулер өткізу үшін үй-жай ұсыну туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев аудандық әкімдігінің 2017 жылғы 16 маусымдағы № 159 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 23 маусымда № 4234 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 31 қазандағы № 278 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімдігінің 31.10.2017 № 278 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық Заңының 27-бабы 3-тармағына, 28-бабы 4, 6-тармақтарына, "Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалары, ауылдық округтері, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кенттері мен ауылдары әкімдерінің сайлауын өткізудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 24 сәуірдегі № 555 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалары, ауылдық округтері, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кенттері мен ауылдары әкімдерін қызметке сайлау, өкілеттігін тоқтату және қызметтен босату Қағидаларының 29-тармағына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының сайлау комиссиясымен бірлесіп (келісім бойынша) Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы аумағында ауылдық округтер және Булаев қаласы әкімдеріне кандидаттарға үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін 1-қосымшаға сәйкес орын белгіленсін.

      2. Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы аумағында ауылдық округтер және Булаев қаласы әкімдеріне кандидаттарға таңдаушылармен кездесулерін өткізу үшін шарттық негізде 2-қосымшаға сәйкес үй-жай ұсынылсын.

      3. Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімдігінің "Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының ауылдық округтері және Булаев қаласының әкімдеріне кандидаттардың таңдаушылармен кездесулер өткізу үшін үй-жайды және үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар анықтау туралы" 2015 жылғы 17 шілдедегі № 220 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 22 шілдедегі № 3319 болып тіркелген, 2015 жылғы 24 шілдедегі аудандық "Мағжан жұлдызы" № 31 газетінде, 2015 жылғы 24 шілдедегі аудандық "Вести" № 31 газетінде жарияланды) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімі аппаратының басшысы С.И. Мақұловқа жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысы
      Мағжан Жұмабаев ауданының
      әкімі А. Бегманов
      "КЕЛІСІЛДІ"
      Қазақстан Республикасы
      Солтүстік Қазақстан облысы
      Мағжан Жұмабаев аудандық
      сайлау комиссиясының
      төрағасы В.А.Фиц
      2017 жылғы 16 маусым

  Солтүстік Қазақстан облысы
  Мағжан Жұмабаев ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 16 маусымдағы № 159 қаулысына 1-қосымша

Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы аумағында ауылдық округтер және Булаев қаласы әкімдеріне кандидаттарға үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін белгіленген орын

№ р/с

Елді мекеннің атауы
 

Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін белгіленген орын

1

Булаев қаласы

Солтүстік Қазақстан облысы, Мағжан Жұмабаев ауданы, Булаев қаласы, Юбилейная көшесі, 45 "Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімдігінің "Халық өнерпаздарының шығармашылығы және бос уақыт қызметі орталығы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның ғимаратына іргелес аумақтағы ақпараттық стенд


  Солтүстік Қазақстан облысы
  Мағжан Жұмабаев ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 16 маусымдағы № 159 қаулысына 2-қосымша

Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы аумағында ауылдық округтер және Булаев қаласының әкімдеріне кандидаттарға таңдаушылармен кездесулерін өткізу үшін ұсынылған үй-жай

№ р/с

Елді мекеннің атауы

Кездесулер өткізу орны

1

Булаев қаласы

Солтүстік Қазақстан облысы, Мағжан Жұмабаев ауданы, Булаев қаласы, Буденный көшесі, 10 "№ 2 Булаев орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мәжіліс залы


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады