Қазақстан Республикасының ер азаматтарын 2018 жылдың қаңтарынан наурызына дейін Тайынша ауданының аумағында тіркеуді және медициналық куәландыруды ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімінің 2017 жылғы 4 желтоқсандағы № 57 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 20 желтоқсанда № 4439 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 33-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы Заңының 16 бабына, "Әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 24 қаңтардағы №28 бұйрығымен бекітілген Әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алу қағидаларының 10-тармағына сәйкес (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №14881 болып тіркелген) Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының әкімі ШЕШТІ:

      1. Қазақстан Республикасының тіркелу жылында он жеті жасқа толатын ер азаматтарын "Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының қорғаныс істер жөніндегі бөлімі" республикалық мемлекеттік мекемесінің (келісім бойынша) шақыру учаскесінде 2018 жылдың қаңтарынан наурызына дейін тіркеу және медициналық куәландыру ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Тайынша ауданы әкімінің міндетін атқарушы Н.Трифонов
      КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасы Қорғаныс
министрлігінің "Солтүстік Қазақстан облысы
Тайынша ауданының қорғаныс істер жөніндегі бөлімі"
республикалық мемлекеттік мекемесінің бастығы
2017 жылғы "___" желтоқсан
Т. Тұрабай

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады