Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындарды белгілеу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 31 тамыздағы № 179 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 19 қыркүйекте № 4312 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 9 тамыздағы № 196 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің 09.08.2022 № 196 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Сауда қызметін реттеу туралы" Қазақстан Республикасы 2004 жылғы 12 сәуірдегі Заңының 27-бабына, "Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 бұйрығымен бекітілген Ішкі сауда қағидаларының 102-тармағына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындар қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Е. Сагдиев

  Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 31 тамыздағы № 179 қаулысына қосымша

Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындар

      Ескерту. Қосымшаға өзгеріс еңгізілді - Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің 30.09.2021 № 247 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

р/б №

Ауылдық округтердің атауы

Автодүкендерді және (немесе) шатырларды (павильондар) орнату орындары

1

Ақжан ауылдық округі

Ақжан ауылы, Мир көшесі бойынша, "Солтүстік Байлық" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі орталық кеңсесінің қарсысындағы алаң

Приозерное ауылы, Центральная көшесі бойынша, фельдшерлік-акушерлік пунктінің жанындағы аумақ

2

Ақсуат ауылдық округі

Ақсуат ауылы, Сәбит Мұқанов көшесі бойынша, Солтүстік Қазақстан облысы "Ақсуат ауылдық округі" КММ-нің қарсысындағы алаң

3

Белоградов ауылдық округі

Белоградовка ауылы, Школьная көшесі бойынша, бұрынғы дүкеннің аумағы

4

Дзержинский ауылдық округі

Дзержинское ауылы, Ақсуат көшесі бойынша, ауылдық мәдениет үйі ғимаратының алдындағы аумақ

5

Докучаев ауылдық округі

Докучаево ауылы, Школьная көшесі бойынша, "Надежда" дүкенінің аумағы

6

Дмитриев ауылдық округі

Дмитриевка ауылы, Торговая көшесі бойынша, фельдшерлік-акушерлік пунктінің жанындағы аумақ

Жарқын ауылы, Орталық көшесі бойынша, фельдшерлік-акушерлік пунктінің жанындағы аумақ

Ынтымақ ауылы, Центральная көшесі бойынша, фельдшерлік-акушерлік пунктінің жанындағы аумақ

7

Интернационал ауылдық округі

Дружба ауылы, Мир көшесі бойынша, стадион алдындағы алаң

8

Есіл ауылдық округі

Есіл ауылы, Киров көшесі бойынша, асхана жанындағы аумақ

9

Комсомол ауылдық округі

Комсомольское ауылы, Комсомольская және Абай көшелердің қиылысы

10

Ленин ауылдық округі

Ленинское ауылы, Комсомольская көшесі бойынша, жастарға арналған демалыс орталығы ғимаратының алдындағы аумақ

11

Мичурин ауылдық округі

Мичурино ауылы, Жамбыл көшесі бойынша, стадион алдындағы аумақ

12

Москворецк ауылдық округі

Москворецкое ауылы, Центральная көшесі бойынша, "Москворецкое" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі орталық кеңсесінің алаңы

13

Құртай ауылдық округі

Степное ауылы, Элеваторная көшесі бойынша, фельдшерлік-акушерлік пунктінің жанындағы аумақ

14

Хмельницкий ауылдық округі

Хмельницкое ауылы, Комсомольская көшесі бойынша, ауылдық мәдениет үйі мен "Сағат-СК" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі орталық кеңсесінің арасындағы аумақ

15

Целинный ауылдық округі

Целинное ауылы, Школьная көшесі бойынша, ЖК Тюфякова М.И. дүкенінің аумағы

16

Тимирязев ауылдық округі

Тимирязев ауылы, Комсомольская көшесі бойынша, "Ассорти" дүкеніне іргелес аумақ

Тимирязев ауылы, Молодежная көшесі бойынша, ЖК Саркисян Л.В. кафесіне іргелес аумақ

Тимирязев ауылы, Комсомольская ауылы, стадионның қарсысында (мереке күндері)

Тимирязев ауылы, Жеңіс көшесі бойынша, мәдениет үйінің қарсысында (мереке күндері)


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады