Көшелерге атау беру туралы

Жаңа

Атырау облысы Құрманғазы ауданы Сүйіндік ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 2 маусымдағы № 35 шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 19 маусымда № 3895 болып тіркелді

       "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37-бабына сәйкес және Атырау облыстық ономастика комиссиясының 2017 жылғы 7 ақпандағы қорытындысы негізінде, Сүйіндік ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Сүйіндік, Жалғызапан, Батырбек, Егінқұдық ауылдарындағы кейбір көшелерге қосымшаға сәйкес келесі атаулар берілсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Округ әкімі А. Алдамжаров

  Сүйіндік ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы "2" маусым № 11 шешіміне қосымша

1. Сүйіндік ауылындағы көше атауларының тізімі:

      1) № 1 көшеге – "Бекмұханбет Хазрет Қалпе" есімі;

      2) № 2 көшеге – "Жеңіс" атауы;

      3) № 3 көшеге – "Жастар" атауы;

      4) № 4 көшеге – "Шәден Тұржанов" есімі;

      5) № 5 көшеге – "Ардагерлер" атауы;

      6) № 6 көшеге – "Абай" есімі;

      7) № 7 көшеге – "Айтқали Таңатаров" есімі;

      8) № 8 көшеге – "Ғабдолла Омаров" есімі;

      9) № 9 көшеге – "Құрманғазы" есімі;

      10) № 10 көшеге – "Сисен Омаев" есімі.

2. Жалғызапан ауылындағы көше атауларының тізімі:

      1) № 1 көшеге – "Жәңгір хан" есімі;

      2) № 2 көшеге – "Бөкей хан" есімі.

3. Батырбек ауылындағы көше атауларының тізімі:

      1) № 1 көшеге – "Нарын" атауы;

      2) № 2 көшеге – "Шағыл" атауы.

4. Егінқұдық ауылындағы көше атауларының тізімі:

      1) № 1 көшеге – "Тұщықұдық" атауы;

      2) № 2 көшеге – "Жұмыскер" атауы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады