Субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар нормативтерін, өлшемшарттары мен талаптарын бекіту туралы

Күшін жойған

Оңтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң 2017 жылғы 14 сәуірдегі № 89 қаулысы. Оңтүстiк Қазақстан облысының Әдiлет департаментiнде 2017 жылғы 19 сәуiрде № 4055 болып тiркелдi. Күші жойылды - Оңтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң 2018 жылғы 14 мамырдағы № 132 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң 14.05.2018 № 132 (жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      Ескерту. Қаулының атауы жаңа редакцияда - Оңтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң 07.12.2017 № 348 қаулысымен (ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 27 қаңтардағы № 30 бұйрығымен бекітілген, Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнiмдiлiгін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларының 5-тармағына сәйкес Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14813 болып тіркелген Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар нормативтері:

      1) асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға:

      дистрибьютерлік орталықтардың асыл тұқымды жануарлардың ұрықтарын өткізу жөніндегі шығындарын, асыл тұқымды орталықтардың жеке қосалқы шаруашылықтарда ірі қара малдың және қойдың аналық басын қолдан ұрықтандыру бойынша қызметтер көрсетуге арналған шығындарын 100 %-ға дейін өтеу;

      бал ара ұяларымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстарды жүргізуге кеткен шығындарды арзандату;

      2) мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруға:

      жылқы етін, түйе етін, сүт (бие, түйе) өндіру, ауыл шаруашылығы жануарлары азығына жұмсалған шығындар құнын арзандату осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгерістер енгізілді - Оңтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң 07.12.2017 № 348 қаулысымен (ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi).

      1-1. Субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар өлшемшарттары мен талаптары: асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға; мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыру осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      Ескерту. Қаулы 1-1 тармақпен толықтырылды - Оңтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң 07.12.2017 № 348 қаулысымен (ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi).

      2.а"Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

      1)аосы қаулыны Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялануын және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне жолдануын;

      2)аосы қаулыны Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Б.С.Жамаловқа жүктелсін.

      Облыс әкімі Ж.Түймебаев
      Д.А.Сатыбалды
      Ә.Е.Тұрғымбеков
      Ж.Қ.Бөкенбаев
      Б.С.Жамалов
      Е.Ә.Садыр
      Ұ.Сәдібеков
      А.С.Сабитов
      К.Н.Мендебаев

  Оңтүстік Қазақстан облысы
әкімдігінің 2017 жылғы
14 сәуірдегі № 89
қаулысына 1-қосымша

Субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар нормативтері: асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға; мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыру

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - Оңтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң 07.12.2017 № 348 қаулысымен (ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi).

Субсидиялау бағыты

Өлшем бірлігі

1 бірлікке арналған субсидия нормативтері, теңге

Мал шаруашылығы

1

Жеке қосалқы шаруашылықтарда және ауыл шаруашылығы кооперативтерінде сондай-ақ, қойдың қаракөл тұқымдарын өсірумен айналысатын шаруа (фермер) қожалықтарында ірі қара малдың аналық басын қолдан ұрықтандыруды ұйымдастыру

бас

3844

Қой шаруашылығы

2

Жеке қосалқы шаруашылықтарда, ауыл шаруашылығы кооперативтерінде, сондай-ақ, қойдың қаракөл тұқымдарын өсірумен айналысатын шаруа (фермер) қожалықтарында қойлардың аналық басын қолдан ұрықтандыруды ұйымдастыру

бас

1392

Балара шаруашылығы

3

Балара ұясымен селекциялық және асыл
тұқымдық жұмыс жүргізу

балара ұясы

4110

Жылқы шаруашылығы

4

Бие сүтін өндіру және қайта өңдеу құнын арзандату, оның ішінде ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін

кило- грамм

110

5

Жылқы етін өндіру құнын арзандату

кило- грамм

120

Түйе шаруашылығы

6

Түйе сүтін өндіру және қайта өңдеу құнын арзандату, оның ішінде ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін

кило- грамм

92

7

Түйе етін өндіру құнын арзандату

кило- грамм

109

Азық өндіру

8

Ауыл шаруашылығы жануарлары азықтарына арналған шығындар құнын арзандату

бас

228 000


  Оңтүстік Қазақстан облысы
әкімдігінің 2017 жылғы
14 сәуірдегі № 89
қаулысына 2-қосымша

Субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар өлшемшарттары мен талаптары: асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға; мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыру

      Ескерту. Қаулы 2-қосымшамен толықтырылды - Оңтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң 07.12.2017 № 348 қаулысымен (ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi).

Р/с№

Субсидиялау бағыттары

Өлшемдер мен талаптар

1.

Жеке қосалқы шаруашылықтарда және ауыл шаруашылығы кооперативтерінде сондай-ақ, қойдың қаракөл тұқымдарын өсірумен айналысатын шаруа (фермер) қожалықтарында ірі қара малдың аналық басын қолдан ұрықтандыруды ұйымдастыру

1. Дистрибьютерлік орталық мәртебесінің болуы.
2. Дистрибьютерлік орталықтың лабораториясының болуы, ұрық сақтайтың дьюар ыдысының болуы.
3. Асыл тұқымды бұқаның ұрығын тарататын арнайы тасмалдау көлігінің болуы.
4. Қажетті көлемде азот шығаратын зауыттармен келісім-шарттың болуы.
5. Асыл тұқымды куәліктің болуы.

2.

Жеке қосалқы шаруашылықтарда, ауыл шаруашылығы кооперативтерінде, сондай-ақ, қойдың қаракөл тұқымдарын өсірумен айналысатын шаруа (фермер) қожалықтарында қойлардың аналық басын қолдан ұрықтандыруды ұйымдастыру

1. Дистрибьютерлік орталық мәртебесінің болуы.
2. Лабораториясының болуы.
3. Асыл тұқымды қошқарларды тасмалдайтын арнайы тасмалдау көлігінің болуы.
4. Асыл тұқымды куәліктің болуы.

3.

Бал ара ұясымен селекциялық және асыл
тұқымдық жұмыс жүргізу

1. Асыл тұқымды мәртебенің болуы.
2. Шаруашылықты жүргізу кітабынан немесе араның бал ұясының бары туралы 24-ауыл шаруашылығы нысаны есебінен үзінді.
3. Лабораторияны пайдалану жөніндегі келісім-шарт.

4.

Ауыл шаруашылығы жануарлары азықтарына шығындар құнын арзандату

1. Ағымдағы жылғы 1 қаңтарға меншігіндегі сиыр мен қашарлардың (2 жастан ересек) аналығы 400 бастан, орташа жылдық сауын сиыр 350 бастан, бір сиырдан орташа сауылым 5000-9000 килограмнан кем емес.
2. Малдың бірдейлендіру нөмірінің болуы және мал басын ауыл шаруашылығы малдарын сәйкестендіру және ақпараттық талдамалық жүйе базасында тіркеу.
3. Ветеринариялық, ветеринариялық санитариялық іс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру және зоотехикалық есепті жүргізу.
4. Тиісті инфрақұрылымы, механикаландырылған сауу, көң шығару және азық тарату, автосуар мүмкіндігі мен азық цехі бар сүт кешенінің болуы.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады