Арыс қаласы аумағындағы көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындарды белгілеу туралы

Күшін жойған

Оңтүстiк Қазақстан облысы Арыс қаласы әкiмдiгiнiң 2017 жылғы 11 қазандағы № 364 қаулысы. Оңтүстiк Қазақстан облысының Әдiлет департаментiнде 2017 жылғы 23 қазанда № 4240 болып тiркелдi. Күші жойылды - Түркістан облысы Арыс қаласы әкiмдiгiнiң 2020 жылғы 9 маусымдағы № 204 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Арыс қаласы әкiмдiгiнiң 09.06.2020 № 204 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 2-тармағына, "Сауда қызметін реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі Заңының 27 бабының 2-тармағына және "Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11148 болып тіркелген) сәйкес, Арыс қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Арыс қаласының аумағында көшпелi сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындар осы қаулының қосымшасына сәйкес белгiленсiн.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкiмiнiң орынбасары С.Дәрібайға жүктелсiн.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қала әкімі М.Қадырбек

  Арыс қаласы әкімдігінің
2017 жылғы 11 қазандағы
№ 364 қаулысына қосымша

Арыс қаласының аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындар

Р/с

Қала және ауыл округінің атауы

Орналасатын орны

1

Арыс қаласы

Привокзальный көшесі, ескі Қазпочта ғимаратының жаны

2

Арыс қаласы

Азизаев көшесі және Шпал зауыт көшелерінің қиылысы

3

Арыс қаласы

Ақынбеков көшесі, №№ 127, 128, 129 көп қабатты тұрғын үйлердің алды

4

Арыс қаласы

Әль-Фараби көшесі, №№ 5, 45, 7 көп қабатты тұрғын үйлердің алды

5

Арыс қаласы

Әль-Фараби көшесі, №№ 36, 46 көп қабатты тұрғын үйлердің алды

6

Арыс қаласы

Майлықожа көшесі №№ 110, 112 көп қабатты тұрғын үйлердің алды

7

Арыс қаласы

Көктем 2 мөлтек ауданы, № 1 көшесіндегі № 1 және № 3 көп қабатты тұрғын үйлердің алды

8

Арыс қаласы

Көктем 2 мөлтек ауданы, № 8 көшесіндегі № 37 және № 39 көп қабатты тұрғын үйлердің алды

9

Монтайтас ауылдық округі

клуб ғимаратының алды

10

Ақдала ауылдық округі

Шымкент-Арыс тас жолы, Арыс топтасқан су ғимаратының шығыс жағы


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады