Ауыл, ауылдық округ әкімінің басқаруына берілетін аудандық коммуналдық меншіктің тізбесін айқындау туралы

Күшін жойған

Оңтүстiк Қазақстан облысы Қазығұрт ауданы әкiмдiгiнiң 2017 жылғы 8 тамыздағы № 271 қаулысы. Оңтүстiк Қазақстан облысының Әдiлет департаментiнде 2017 жылғы 23 тамызда № 4196 болып тiркелдi. Күші жойылды - Түркістан облысы Қазығұрт ауданы әкiмдiгiнiң 2020 жылғы 10 қыркүйектегі № 232 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Қазығұрт ауданы әкiмдiгiнiң 10.09.2020 № 232 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 1 тармағының 2-1) тармақшасына, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 122 бабының 5 тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы №148 қаулысымен бекітілген Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің басқаруына берілетін аудандық коммуналдық мүліктің үлгі тізбесіне сәйкес, Қазығұрт ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Ауыл, ауылдық округ әкімінің басқаруына берілетін аудандық коммуналдық меншіктің тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С.А. Тұрсынқұловқа жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Т.Т. Телғараев

  Қазығұрт аудан әкімдігінің
2017 жылғы 8 тамыздағы
№ 271 қаулысына қосымша

Ауыл, ауылдық округ әкімінің басқаруына берілетін аудандық коммуналдық меншіктің тізбесі

      1. Аудандық коммуналдық заңды тұлғалар (балабақша, мектеп, мәдениет үйі, кітапхана).

      2. Аудандық коммуналдық заңды тұлғаларға бекітілген мүлік (ғимарат, қызметтік автокөлік).

      3. Ауданның мүлкі, оның ішінде аудандық коммуналдық меншікке айналдырылған (түскен) мүлік:

      1) иесі жоқ жылжымайтын заттар;

      2) тасталған заттар;

      3) мұраға қалдыру құқығы бойынша өткен мүлік; 

      4) иесіз қалған мүлік;

      5) олжа;

      6) қараусыз қалған жануарлар;

      7) өз бетінше салынған құрылыс.

      4. Жалпы пайдаланудағы объектілер және аудандық коммуналдық заңды тұлғаларға бекітіліп берілмеген өзге де мүлік (автомобиль жолы, елді мекеннің көшесі, саябақ, сквер, бос уақытты өткізу орны, ескерткіш).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады