Жетісай қаласының көшелеріне атаулар беру туралы

Жаңа

Бірлескен Оңтүстiк Қазақстан облысы Мақтаарал ауданы әкiмдiгiнiң 2017 жылғы 27 қазандағы № 926 қаулысы және Оңтүстiк Қазақстан облысы Мақтаарал аудандық мәслихатының 2017 жылғы 27 қазандағы № 18-148-VI шешiмi. Оңтүстiк Қазақстан облысының Әдiлет департаментiнде 2017 жылғы 14 қарашада № 4268 болып тiркелдi

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6, 31 баптарына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 12 бабына, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігі жанындағы облыстық ономастика комиссиясының 2017 жылғы 27 қыркүйектегі қорытындысы негізінде және Жетісай қаласы тұрғындарының пікірін ескере отырып, Мақтарал ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Мақтарал аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Жетісай қаласының көшелеріне келесі атаулар берілсін:

      1) Т.Айбергенов көшесіне Зайырбек Ахметов атауы;

      2) жоба көшесіне Алға атауы;

      3) жоба көшесіне Бәйтерек атауы;

      4) жоба көшесіне Қарашаңырақ атауы;

      5) жоба көшесіне Қостөбе атауы;

      6) жоба көшесіне Құсмұрын атауы;

      7) жоба көшесіне Сарыбұлақ атауы;

      8) жоба көшесіне Талдысай атауы;

      9) № 1 жоба көшесіне Көкорай атауы;

      10) № 3 жоба көшесіне Әндісай атауы;

      11) № 4 жоба көшесіне Көктерек атауы;

      12) № 6 жоба көшесіне Т.Айбергенов атауы;

      13) № 10 жоба көшесіне Шалқыма атауы;

      14) № 17 жоба көшесіне Ақтоғай атауы;

      15) № 19 жоба көшесіне Азат атауы;

      16) № 1 өткеліне Назқоңыр атауы;

      17) Комсомол тұйығына Заман атауы;

      18) Мехтупик тұйығына Сарбаз атауы;

      19) Октябрь тұйығына Ұлан атауы;

      20) Садовый тұйығына Алшалы атауы;

      21) Декабристер орамына Туражол атауы;

      22) Киров орамына Ақжол атауы.

      2. Осы бірлескен қаулы мен шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі: Ғ.Исмайлов
      Аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы: Е.Жұмаділов
      Аудандық мәслихаттың
      хатшысы: М.Жайлымшиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады