Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы

Күшін жойған

Оңтүстiк Қазақстан облысы Ордабасы ауданы әкiмдiгiнiң 2017 жылғы 18 шілдедегі № 298 қаулысы. Оңтүстiк Қазақстан облысының Әдiлет департаментiнде 2017 жылғы 4 тамызда № 4179 болып тiркелдi. Күші жойылды - Оңтүстiк Қазақстан облысы Ордабасы ауданы әкiмдiгiнiң 2017 жылғы 28 желтоқсандағы № 536 қаулысымен

      Ескерту. Күшi жойылды - Оңтүстiк Қазақстан облысы Ордабасы ауданы әкiмдiгiнiң 28.12.2017 № 536 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн қолданысқа енгiзiледi).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 2 тармағына, "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6 бабының 4 тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес, Ордабасы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының 1, 2, 3 – қосымшаларына сәйкес мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері бекітілсін.

      2. Ордабасы ауданы әкімдігінің 2016 жылдың 28 қарашадағы № 392 "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3903 болып тіркелген, 2016 жылғы 10 желтоқсандағы "Ордабасы оттары" газетінде жарияланған) қаулысы күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Е. Жеңісбековке жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі А. Мамытбеков

  Ордабасы ауданы
әкімдігінің 2017 жылғы
18 шілдедегі № 298
қаулысына 1-қосымша

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы

Мектепке дейінгі мекемелердегі орын саны

Оның ішінде

Республикалық бюджет есебінен

Жергілікті бюджет есебінен

1

6540

5104

1436


  Ордабасы ауданы
әкімдігінің 2017 жылғы
18 шілдедегі № 298
қаулысына 2-қосымша

Жан басына шаққандағы қаржыландырудың мөлшері

Айына бір тәрбиеленушіге кететін орташа шығыс, теңге

Балабақша

Мектеп жанындағы шағын орталық

26480

14278


  Ордабасы ауданы
әкімдігінің 2017 жылғы
18 шілдедегі № 298
қаулысына 3-қосымша

Ата-ананың ақы төлеу мөлшері

Барлығы

Күніне бір баланың шығыны, 3 жасқа дейін теңге (көп емес)

Күніне бір баланың шығыны, 3 жастан 7 жасқа дейін теңге (көп емес)

267,53

329,29


      Ескертпе: 1 күніне бір балаға жас ерекшелігіне қарай кететін шығын. Нақты жұмыс күніне есептелген

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады