Сарыағаш ауданы аумағындағы көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындарды белгілеу туралы

Күшін жойған

Оңтүстiк Қазақстан облысы Сарыағаш ауданы әкiмдiгiнiң 2017 жылғы 21 қыркүйектегі № 343 қаулысы. Оңтүстiк Қазақстан облысының Әдiлет департаментiнде 2017 жылғы 28 қыркүйекте № 4219 болып тiркелдi. Күші жойылды - Түркістан облысы Сарыағаш ауданы әкiмдiгiнiң 2020 жылғы 20 желтоқсандағы № 342 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Сарыағаш ауданы әкiмдiгiнiң 20.12.2020 № 342 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 2 тармағына, "Сауда қызметін реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі Заңының 27 бабының 2 тармағына және "Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11148 болып тіркелген) сәйкес, Сарыағаш ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Сарыағаш ауданының аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындар осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ж.Агибаевқа жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі К.Абдуалиев

  Сарыағаш ауданы әкімдігінің
2017 жылғы 21 қыркүйектегі
№ 343 қаулысына қосымша

Сарыағаш ауданының аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындар

Орналасқан жері

1

Сарыағаш қаласы, Бәйтерек көшесі, № 150 көппәтерлі тұрғын үйдің жаны

2

Дарбаза ауылдық округі, Құрсай ауылы, Ынтымақ көшесі № 26 тұрғын үйдің жаны

3

Әлімтау ауылдық округі, Әлімтау ауылы, А.Молдағұлова көшесі, № 174 ескі балабақша ғимаратына қарама қарсы бет

4

Ақтөбе ауылдық округі, Қаратөбе ауылы, Егемендік көшесі, № 92 ескі мектеп ғимаратының жаны


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады