Шардара ауданының аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындарды белгілеу туралы

Күшін жойған

Оңтүстiк Қазақстан облысы Шардара ауданы әкiмдiгiнiң 2017 жылғы 9 наурыздағы № 78 қаулысы. Оңтүстiк Қазақстан облысының Әдiлет департаментiнде 2017 жылғы 6 сәуірде № 4016 болып тiркелдi. Күші жойылды - Оңтүстiк Қазақстан облысы Шардара ауданы әкiмдiгiнiң 2017 жылғы 16 тамыздағы № 248 қаулысымен

      Ескерту. Күшi жойылды - Оңтүстiк Қазақстан облысы Шардара ауданы әкiмдiгiнiң 16.08.2017 № 248 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

      Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы Заңының 31 бабының 2 тармағына және "Сауда қызметін реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі Заңының 27 бабының 2 тармағына, "Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11148 болып тіркелген) сәйкес, Шардара ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Шардара ауданының аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындар, осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қ.Ж.Жолдыбайға жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Б.Кистауов

  Шардара ауданы әкімдігінің
2017 жылғы "9" наурыздағы
№ 78 қаулысына қосымша

Шардара ауданының аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындар

Орналасқан жері

1

Шардара қаласы, "Қарымсаков және К" орталық базарының солтүстік жағы

2

Шардара қаласы, Төлеби көшесінің бойындағы "Жомарт" сауда дүкенінің алдыңғы жағы

3

Шардара қаласы, Қанай датқа шағын ауданы, "Кулпаршын" мал базарының алдыңғы беті

4

Қауысбек Тұрысбеков ауыл округі, Шардара елді-мекеніндегі "Шардара" мешіті және "Ернұр" дүкенінің аралығы

5

Қауысбек Тұрысбеков ауыл округі, Шардара елді-мекеніндегі құрылыс заттар дүкенінің шығыс жағы


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады