Қалалық коммуналдық мүлікті жекешелендіру туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 17 наурыздағы № 1146 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 17 сәуірде № 4957 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 4 қаңтардағы № 102 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімдігінің 04.01.2018 № 102 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
       РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 18-бабының 4) тармақшасына, 96-бабына сәйкес, Өскемен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулыға қосымшаға сай қалалық коммуналдық мүлік жекешелендірілсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары А.М. Исқақовқа жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Өскемен қаласының
      әкімі Е. Аймұқашев

  Өскемен қаласы әкімдігінің
2017 жылғы 17.03.
1146 қаулысына
қосымша

Жекешелендіруге жататын қалалық коммуналдық мүліктің тізімі

Реттік №

Мүліктің атауы

Мүліктің баланс ұстаушысы

Мүліктің орналасқан жері

1

Шевроле Нива 21230 автокөлігі, мемлекеттік нөмірі F894FF, 2005 жылы шығарылған

Өскемен қаласы әкімдігінің "Белгілі тұрағы жоқ адамдарға арналған әлеуметтік бейімдеу Өскемен қалалық орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Шығыс Қазақстан облысы, Глубокое ауданы, Белоусовка кенті, Пушкин көшесі, 59а

2
 

Са 5037xxyk212 автокөлігі, мемлекеттік нөмірі F751КТ, 2005 жылы шығарылған

Өскемен қаласы әкімдігінің "Белгілі тұрағы жоқ адамдарға арналған әлеуметтік бейімдеу Өскемен қалалық орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Шығыс Қазақстан облысы, Глубокое ауданы, Белоусовка кенті, Пушкин көшесі, 59а


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады