"Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек беру туралы" Бесқарағай аудандық мәслихатының 2014 жылғы 30 қыркүйектегі № 26/7-V шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық мәслихатының 2017 жылғы 27 маусымдағы № 12/6-VI шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 21 шілдеде № 5132 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық мәслихатының 2018 жылғы 17 қазандағы № 29/7-VI шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық мәслихатының 17.10.2018 № 29/7-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аймақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18- бабының 5- тармағына сәйкес Бесқарағай аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. "Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек беру туралы" Бесқарағай аудандық мәслихатының 2014 жылғы 30 қыркүйектегі № 26/7-V (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 3520 нөмірімен тіркелген, "Бесқарағай тынысы" газетінде 2014 жылғы 22 қарашада № 94 санында жарияланған) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:

      1-тармақта:

      үшінші абзац жаңа редакцияда жазылсын:

      "Мемлекеттiк әлеуметтiк қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына әлеуметтік көмек 12500 (он екі мың бес жүз) теңге мөлшерінде берілсін.".

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған қүнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрайымы Л. ХАМИТОВА
      Бесқарағай аудандық
      мәслихатының хатшысы Қ. САДЫҚОВ

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады