Ұлан ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 28 қазандағы № 623 "2016 жылға мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасы туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 20 маусымдағы № 285 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 28 шілдеде № 5145 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 13 ақпандағы № 53 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы әкімдігінің 13.02.2018 № 53 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 26-бабына сәйкес, Ұлан ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. 2016 жылғы 28 қазандағы № 623 "2016 жылғы мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасы туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4763 нөмерімен тіркелген, 2016 жылғы 30 желтоқсандағы № 54 "Ұлан таңы" газетіне жарияланды) қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:

      аталған қаулының тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2017 жылға мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасы туралы";

      аталған қаулының мемлекеттік тіліндегі қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Р. Мамырбаеваға жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


      Ұлан ауданының әкімі Д. Батырбаев

  Ұлан ауданы әкімдігінің
2017 жылғы "20" маусым
285 қаулысына
қосымша

Мүгедектер үшін жұмыс орындарының квота мөлшері

Тізімдік саны бар ұйымдар

Квота мөлшері (%)

елуден жүз адамға дейін

2

жүз бірден екі жүз елу адамға дейін

3

екі жүз елу бірден артық адам

4


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады