Шемонаиха қаласының көшелері мен тұйық көшелерін қайта атау туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха аудандық мәслихатының 2017 жылғы 22 желтоқсандағы № 19/7-VІ шешімі, Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 22 желтоқсандағы № 329 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 8 қаңтарда № 5388 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 12 бабының 5-1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына, Шемонаиха қаласы тұрғындарының пікірін ескере отырып, 2017 жылғы 7 қарашадағы Шығыс Қазақстан облысының ономастикалық комиссиясының қорытындысы негізінде Шемонаиха аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ және Шемонаиха ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Шемонаиха қаласының келесі көшелері мен тұйық көшелері:

      1) Дзержинский көшесі Шаңырақ көшесі;

      2) Комсомольский көшесі Халықтық көшесі;

      3) Красноармейский көшесі Мерей көшесі;

      4) Пионерский көшесі Теректі көшесі;

      5) Пролетарский көшесі Бастау көшесі;

      6) Пугачев көшесі Өркен көшесі;

      7) 2-ші Совхозный көшесі Шапағат көшесі;

      8) Фурманов көшесі Болашақ көшесі;

      9) Колхозный тұйық көшесі Трудовой тұйық көшесі;

      10) Октябрьский тұйық көшесі Дорожный тұйық көшесі болып қайта аталсын.

      2. Осы бірлескен шешім мен қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Ж. Бектұрсынов
      Шемонаиха аудандық
      мәслихатының хатшысы А. Боровикова
      Шемонаиха ауданының әкімі А. Тоқтаров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады