Жаңақала ауданы Бірлік ауылдық округі Бірлік ауылының атаусыз көшелеріне атау беру туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданы Бірлік ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушысының 2017 жылғы 23 қазандағы № 8 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 30 қазанда № 4943 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңдарына сәйкес, Бірлік ауылы халқының пікірін ескере отырып және Батыс Қазақстан облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде, Бірлік ауылдық округінің әкімінің міндетін атқарушы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Жаңақала ауданы Бірлік ауылдық округі Бірлік ауылының атаусыз көшелеріне мынадай атаулар берілсін:

      №7 жобалық көшесі - "Астана" көшесі;

      №8 жобалық көшесі - "Болашақ" көшесі;

      №9 жобалық көшесі - "Құлагер" көшесі;

      №10 жобалық көшесі - "Атақоныс" көшесі;

      №11 жобалық көшесі - "Азаттық" көшесі.

      2. Бірлік ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы (А.Жақсыбаев) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Рсепубликасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ауылдық округ әкімінің
міндетін атқарушы
Е.Еслямгалиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады