Зияткерлiк меншiк объектiлерiнің кедендік тiзiлiмi нысанын және оны жүргiзу қағидаларын бекiту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 1 ақпандағы № 109 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 14 ақпанда № 16360 болып тіркелді.

      2017 жылғы 26 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Кодексi 460-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған:

      1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес зияткерлiк меншiк объектiлерiнің кедендік тiзiлiмi нысаны;

      2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес зияткерлiк меншiк объектiлерiнің кедендік тiзiлiмiн жүргiзу қағидалары бекітілсін.

      2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

      1) "Зияткерлiк меншiк объектiлерiнің кедендік тiзiлiмiн жүргiзу ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 16 шілдедегі № 356 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6386 болып тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінде 2010 жылғы 24 тамыздағы № 342-343 (26186) жарияланған);

      2) "Зияткерлiк меншiк объектiлерiнің кедендік тiзiлiмiн жүргiзу ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 16 шілдедегі № 356 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10224 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесі 2015 жылғы 13 наурызда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті (А.М.Теңгебаев) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі баспа және электронды түрдегі көшірмелерін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
      Қаржы министрі Б. Сұлтанов

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 1 ақпандағы
№ 109 бұйрығына
1-қосымша
Нысан

Зияткерлiк меншiк объектiлерiнің кедендік тiзiлiмi

ЗМО* кедендік тізілім бойынша тіркеу нөмірі

Зияткерлік меншік объектісінің атауы, (түрі, бейнесі)

Тауарлардың атауы, ТҚХЖ* бойынша тауарлардың классы/ ЕАЭО СЭҚ ТН* тауарлардың коды

Құқық иеленушi туралы мәліметтер

Қорғау құжатының атауы, нөмірі және берілген күні

Зияткерлік меншік объектісінің қорғау мерзімі

Құқық иеленушінің сенімді тұлғалары туралы мәліметтер

Комитеттің аумақтық органдарына зияткерлік меншік объектісінің ЗМО кедендік тізіліміне енгізілгені туралы хаттың нөмірі мен күні

1

2

3

4

5

6

7

8

      Ескертпе:

      * ТҚХЖ – Тауар мен қызметтің халықаралық жіктеу;

      * ЕАЭО СЭҚ ТН – Еуразиялық экономикалық одағының сыртқыэкономикалық қызметтің тауарлық номенклатурасы;

      * ЗМО – зияткерлік меншік объектісі.

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 1 ақпандағы
№ 109 бұйрығына
2-қосымша

Зияткерлiк меншiк объектiлерiнің кедендік тiзiлiмiн жүргiзу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Зияткерлік меншiк объектiлерiнің кедендік тiзiлiмiн жүргiзу қағидалары 2017 жылғы 26 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Кодексі (бұдан әрі - Кодекс) 460-бабының 2-тармағына сәйкес әзiрлендi және зияткерлік меншiк объектiлерiнің кедендік тiзiлiмiн (бұдан әрi – ЗМО кедендік тізілімі) жүргiзу тәртiбiн айқындайды.

2-тарау. Зияткерлік меншiк объектiлерiнің кедендік тiзiлiмін жүргiзу

      2. Зияткерлік меншік объектілері Кодексі 460-бабының 2-тармағымен бекітілген шарттар сақталған жағдайда кеден ісі саласындағы уәкілетті органымен (бұдан әрі – уәкілетті орган) шешім қабылдағаннан кейін ЗМО кедендік тізілімге енгізуге жатады.

      3. ЗМО кедендік тiзiлiмі осы бұйрықпен бекітілген нысан бойынша электронды түрде жүргiзiледi.

      4. ЗМО кедендік тiзiлiміне мынадай мәлiметтер енгiзiледi:

      ЗМО кедендік тізілімі бойынша тіркеу нөмірі;

      зияткерлік меншік объектісінің түрі (түрі, сипаттамасы, бейнесі);

      тауардың атауы, қорғау құжатына сәйкес тауарлардың және қызметтердің халықаралық сыныптамасы бойынша тауарлардың классы, Еуразиялық экономикалық одағының сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасы бойынша бірінші алты таңба деңгейіндегі тауарлар коды;

      құқық иеленушi туралы мәліметтер (ұйымдық-құқықтық нысаны көрсетілген ұйымның атауы немесе жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын растайтын құжатта көрсетілсе), орналасқан жері, почталық мекенжайы, телефоны, факсы, электрондық мекенжайы);

      қорғау құжатының атауы, нөмірі және берілген күні;

      зияткерлік меншік объектісіне қорғау мерзімі;

      құқық иеленушінің оның мүдделерін сенімхат бойынша немесе лицензиялық шарттың негізінде білдіретін сенімді тұлғалары туралы мәліметтер (ұйымдық-құқықтық нысаны көрсетілген заңды тұлғаның атауы немесе жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын растайтын құжатта көрсетілсе), орналасқан жері, почталық мекенжайы, телефоны, факсы, электрондық мекенжайы);

      уәкілетті органның аумақтық органдарына зияткерлік меншік объектісінің ЗМО кедендік тізіліміне енгізілгені туралы хаттың нөмірі мен күні.

      5. ЗМО кедендік тізілімі бойынша тіркеу нөмірі мынадай түрде қалыптастырылады:

      00000/ХХ - ККААЖЖ,

      мұнда: 00000 – оның түріне қарамастан зияткерлік меншік объектісіне берілетін жазбаның бес таңбалы реттік нөмірі;

      ХX – зияткерлік меншік объектісінің түрі:

      АҚ – авторлық құқық объектісі;

      СҚ – сабақтас құқық объектісі;

      ТБ – тауар белгісі (қызмет көрсету таңбасы);

      ЖА – тауарлар шығарылған жерінің атауы;

      ЖЖККАА – зияткерлік меншік объектісін кедендік тізілімге енгізу жылының күні, айы, соңғы цифрлары.

      6. Зияткерлік меншік объектісін ЗМО кедендік тізіліміне енгізгеннен кейін, уәкілетті орган жазбаша және/немесе электрондық нысанда үш жұмыс күні ішінде құқық иеленушіне немесе оның мүдделерін білдіретін адамға, сондай-ақ аумақтық органдарына ЗМО кедендік тізіліміне зияткерлік меншік объектісі енгізілгені туралы хабардар етеді.

      7. Уәкілетті орган зияткерлік меншік объектісі бойынша мәліметтерді ЗМО кедендік тізіліміне енгізеді және оның жариялануын, оның ішінде ресми интернет-ресурста, уәкілетті органның веб-порталында жариялануын қамтамасыз етеді.

      8. Зияткерлік меншік объектісі Кодексі 463-бабының 1-тармағына сәйкес ЗМО кедендік тізілімінен шығарылған жағдайда уәкілетті орган 3 (үш) жұмыс күні ішінде құқық иеленушіне немесе оның мүдделерін білдіретін адамға, сондай-ақ аумақтық органдарына зияткерлік меншік объектісінің ЗМО кедендік тізілімінен шығарылғаны туралы жазбаша және/немесе электрондық түрде хабардар етеді.

      9. Уәкілетті орган ЗМО кедендік тізілімі бойынша шығарылған тіркеу нөмірінің жолында ЗМО кедендік тізілімінен зияткерлік меншік объектісінің шығарылғаны туралы бұйрықтың нөмірін және күнін ЗМО кедендік тізіліміне енгізеді.

      10. Зияткерлік меншік объектісіне қорғау мерзімін ұзарту кезінде, сондай-ақ, ЗМО кедендік тізіліміне өзгерістер енгізу кезінде уәкілетті орган зияткерлік меншік объектісіне қорғау мерзімін ұзарту, ЗМО кедендік тізіліміне жаңартылған қорғау мерзімін және/ немесе өзгерістер енгізгеннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде құқық иеленушіне немесе оның мүдделерін білдіретін адамға, аумақтық органдарына жазбаша және/немесе электрондық түрде хабардар етеді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады