Салық төлеушілер Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асырғанда ақшалай есеп айырысулар кезінде деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын қолданатын қызмет түрлерін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 16 ақпандағы № 206 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 2 наурызда № 16467 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 25 наурыздағы № 245 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 25.03.2021 № 245 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 166-бабының 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес салық төлеушілер Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асырғанда ақшалай есеп айырысулар кезінде деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын қолданатын қызмет түрлері;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес салық төлеушілер Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асырғанда ақшалай есеп айырысулар кезінде деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын 2019 жылғы 1 сәуірден бастап қолданатын қызмет түрлері;

      3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес салық төлеушілер Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асырғанда ақшалай есеп айырысулар кезінде деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын 2019 жылғы 1 шілдеден бастап қолданатын қызмет түрлері;

      4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес салық төлеушілер Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асырғанда ақшалай есеп айырысулар кезінде деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын 2019 жылғы 1 қазаннан бастап қолданатын қызмет түрлері бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 27.11.2018 № 1029 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) бұйрығымен.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (А.М. Теңгебаев) заңнамада белгiленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күнінен бастап күнтізбек он күн ішінде оның көшірмелерін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу және ресми жариялау үшін Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнің "Республикалық құқықтық ақпараттық орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
Б. Сұлтанов

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 16 ақпандағы
№ 206 бұйрығына
1-қосымша

Салық төлеушілер Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асырғанда ақшалай есеп айырысулар кезінде деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын қолданатын қызмет түрлері

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 27.11.2018 № 1029 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Р/с

Қызмет түрлері

1

2

1.

Ағаш материалдарын, құрылыс материалдарын және сантехникалық жабдықтарды көтерме саудада сату

2.

Металл бұйымдарын, су құбырын және жылыту жабдықтары мен мүкәммалын көтерме саудада сату

3.

Компьютерлерді, перифериялық жабдықтар мен бағдарламалық қамтымды бөлшек саудада сату

4.

Аудио және бейнетехниканы бөлшек саудада сату

5.

Тұрмыстық электр аспаптарын бөлшек саудада сату

6.

Жиһазды, жарықтандыру жабдықтары мен өзге де тұрмыстық керек-жарақтарды бөлшек саудада сату

7.

Қонақ үйлердің көрсетілетін қызметтерді ұсынуы

8.

Мейрамханалар және тамақ өнімдерін жеткізу бойынша көрсетілетін қызметтер

9.

Кинофильмдер көрсету жөніндегі қызмет

10.

Шаштараздардың және сұлулық салондарының көрсетілетін қызметтерді ұсынуы

11.

Автомобильдерді және жеңіл автокөлік құралдарын сату

12.

Автокөлік құралдарына техникалық қызметтер және жөндеу

13.

Автомобильдерге арналған қосалқы бөлшектер мен құрал-саймандарды көтерме саудада сату

14.

Автомобильдерге арналған қосалқы бөлшектер мен құрал-саймандарды бөлшек саудада сату

15.

Сусындарды көтерме саудада сату

16.

Фармацевтикалық тауарларды көтерме саудада сату

17.

Тоқыма бұйымдарын сату

18.

Қапсырма бұйымдарын, лак-бояу материалдарын және шыныларды сату

19.

Киімдерді сату

20.

Фармацевтикалық тауарларды бөлшек саудада сату

21.

Сағат және зергерлік әшекейлерді сату

22.

Ломбард қызметі

23.

Жылжымайтын мүлікпен жүргізілетін операциялар бойынша агенттіктердің қызметі

24.

Сыйақы үшін немесе келісімшарт негізінде жылжымайтын мүлікті басқару

25.

Жарнама агенттіктерінің қызметі

26.

Құмар ойындар және бәс тігуді ұйымдастыру қызметі

27.

Уәкілетті ұйымдармен жүзеге асырылатын қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру қызметі

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 16 ақпандағы
№ 206 бұйрығына
2-қосымша

Салық төлеушілер Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асырғанда ақшалай есеп айырысулар кезінде деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын 2019 жылғы 1 сәуірден бастап қолданатын қызмет түрлері

      Ескерту. Бұйрық 2-қосымшамен толықтырылды – ҚР Қаржы министрінің 27.11.2018 № 1029 (01.04.2019 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 19.06.2019 № 603 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

Р/с

Қызмет түрлері

1

2

1.

Автомобильдер мен жеңіл автомобильдерді жалға алу және жалға беру

2.

Жеке меншік немесе жалданатын жылжымайтын мүлікті жалға беру және басқару

3.

Бағалы қағаздар мен тауарларға келісім-шарттар бойынша брокерлік қызметтер

4.

Брошюралық-түптеу және өңдеу қызметі және ілеспе қызмет көрсету

5.

Бейне жазбаларды жаңғырту

6.

Резеңке шиналар мен тыстарды қалпына келтіру

7.

Сақтандыру және зейнетақымен қамтамасыз ету бойынша қосалқы қызмет

8.

Үлбірді өңдеу және бояу

9.

Жүк темір жол көлігі

10.

Автомобиль көлігімен жүк тасымалдау

11.

Ақша-кредит делдалдығы

12.

Кестеге бағынбайтын жолаушылар әуе көлігінің қызметі

13.

Кестеге бағынбайтын жүк әуе көлігінің қызметі

14.

Коммерциялық, кәсіпкерлік және кәсіби мүшелік ұйымдар қызметі

15.

Өзге де пошталық және курьерлік қызмет*

16.

Қорларды басқару бойынша қызмет

17.

Саяси ұйымдар қызметі

18.

Кәсіподақтар қызметі

19.

Құрлық көлігі саласында көрсетілетін қызметтер

20.

Басқа топтамаларға енгізілмеген өзге де қоғамдық ұйымдар қызметі

21.

Діни ұйымдар қызметі

22.

Сақтандыру агенттерінің және брокерлерінің қызметі

23.

Такси қызметі

24.

Холдингтік компаниялар қызметі

25.

Қаржы нарығын басқарумен байланысты қызмет

26.

Спирттік ішімдіктерді тазарту, ректификациялау және араластыру

27.

Басқа қаржылық қызметтер, экономиканың басқа салаларын қаржыландыру, инвестициялық қызмет

28.

Жер жұмыстары

29.

Баспа қалыптарын дайындау және ақпараттық қызмет

30.

Коммерциялық қызмет және басқару мәселелері бойынша кеңес беру

31.

Төбе жабу жұмыстары

32.

Жылжымайтын мүлікті сатып алу және сату

33.

Ағаш кесу және сүргілеу өндірісі

34.

Жеңіл металдарды құю

35.

Өзге түсті металдарды құю

36.

Болат құю

37.

Шойын құю

38.

Сырлау және шыны жұмыстары

39.

Машиналық өңдеу; металдарды өңдеу және жабу

40.

Халықаралық саясат

41.

Өнеркәсіптік техника мен жабдықты жөндеу

42.

Сумен жабдықтау, жылыту және ауа баптау жүйелерін монтаждау

43.

Теңіз және жағалау суларында жүретін жүк көлігі

44.

Өмірді мемлекеттік емес сақтандыру

45.

Шығынды мемлекеттік емес сақтандыру

46.

Металдарды өңдеу және металдарға қаптамалар түсіру

47.

Түсті металдар мен балқымаларды өңдеу

48.

Ғимараттар құрылысы

49.

Жерлеуді ұйымдастыру және олармен байланысты қызметтер ұсыну

50.

Әрлеу жұмыстары

51.

Тәуекелдер мен шығынды бағалау

52.

Жолаушылар темір жол көлігі, қалааралық

53.

Автобуспен тасымалдау

54.

Кестеге бағынатын өзге де көлік түрлерімен тасымалдау

55.

Картопты өңдеу және консервілеу

56.

Етті қайта өңдеу және консервілеу

57.

Үй құсының етін қайта өңдеу және консервілеу

58.

Балықты, шаян тәрізділерді және былқылдақ денелілерді өңдеу және консервілеу

59.

Консервіленген сүттен басқа сүтті өңдеу және сырды өндіру

60.

Шайды және кофені өңдеу

61.

Ядролық отын өңдеу

62.

Қайта сақтандыру

63.

Газет басып шығару

64.

Жүн талшықты дайындау

65.

Полиграфиялық қызмет және сонымен байланысты көрсетілетін қызметтер

66.

Өндірістік емес мақсаттағы басқа да жылжымайтын мүлікті сатып алу-сату және жалға беру кезіндегі делдалдық қызмет көрсету

67.

Жалпыға бірдей қамту аймағында қызметтерді ұсыну міндеттемелеріне сәйкес почталық қызметтер*

68.

Түрпілі бұйымдарды өндіру

69.

Авто және электр тиегіштерді жасау

70.

Автомобиль және басқа да моторлы көлік құралдарын жасау

71.

Алюминий өндіру

72.

Жүк сөмкелерін, әйелдер сөмкелерін және ұқсас бұйымдарды өндіру

73.

Батареялар және аккумуляторлар жасау

74.

Бижутериялар және ұқсас бұйымдар жасау

75.

Биоэтанол өндіру

76.

Бағалы (асыл) металдарды өндіру

77.

Қағаз және қатырма қағаз өндіру

78.

Қағаз және қатырма қағаздан қапқорап өндіру

79.

Шаруашылық-тұрмыстық және санитарлық-гигиеналық мақсатқа арналған қағаз бұйымдарын өндіру

80.

Киім өндіру

81.

Жарылғыш заттар өндіру

82.

Жүзімнен шарап жасау

83.

Әскери жауынгерлік автокөлік құралдарын жасау

84.

Талшықты-оптикалық кабель жасау

85.

Гидравликалық жабдықты жасау

86.

Үй жануарлары үшін дайын тағам өнімдерін өндіру

87.

Фермалардағы жануарлар үшін дайын азықтарды өндіру

88.

Соғу, баспалау, штампылау және илектеу арқылы дайын металл бұйымдарын немесе жартылай фабрикаттарды өндіру

89.

Тоқыма бұйымдарының өндірісі

90.

Киімнен басқа, дайын тоқыма бұйымдарын өндіру

91.

Қозғалтқыштарды жасау

92.

Ағаш ыдыстарды өндіру

93.

Ағаш бұйымдар өндіру

94.

Балалар тағамын және диеталық тамақ өнімдерін өндіру

95.

Ағаш массасы мен целлюлозаны өндіру

96.

Темір жол локомотивтерін және жылжымалы құрамды жасау (жөндеусіз)

97.

Құлыптар, ілгектер және топсалар жасау

98.

Ойындарды және ойыншықтарды жасау

99.

Әк өндіру

100.

Асбестоцементтен және талшықты цементтен бұйымдар өндіру

101.

Баулардан және торлардан жасалған бұйымдарды өндіру

102.

Ғаныштан жасалған бұйымдарды құрылыста қолдану үшін өндіру

103.

Сымнан жасалған бұйымдар өндіру

104.

Мүгедектерге арналған арбаларды/креслоларды жасау

105.

Жасанды талшықтар өндіру

106.

Какаоны, шоколадты және қантты кондитерлік тағамдарды өндіру

107.

Қыш төсемдер мен плиталар өндіру

108.

Кірпіш, жабынқыш және күйдірілген саздан өзге құрылыс материалдарын өндіру

109.

Желім өндіру

110.

Кілем және кілем бұйымдарын өндіру

111.

Сығымдағыштарды жасау

112.

Компьютерлер мен шалғай жабдықтар өндіру

113.

Ауа кондиционерлерін, желдеткіштерін жасау

114.

Бояғыш заттар мен пигменттер өндіру

115.

Бояулар, лактар және ұқсас бояғыш заттар, баспаханалық бояулар мен мастика өндіру

116.

Крахмалды және крахмалдан өнімдерін өндіру

117.

Бекіту бұйымдарын өндіру

118.

Ас үй жиһазын жасау

119.

Жеңіл металл конструкцияларын жасау

120.

Ұшу аппараттарын жасау

121.

Табақты әйнек өндіру

122.

Макарон өнімдерін өндіру

123.

Маргарин және оған ұқсас тағамдық майларды өндіру

124.

Матрас жасау

125.

Металлургияға арналған машиналар мен жабдықты өндіру (жөндеусіз)

126.

Тігін және тоқыма өнеркәсібіне арналған машиналар мен жабдықтарды жасау

127.

Жиһаз жасау

128.

Сауда кеңселері мен кәсіпорындарына арналған жиһаз жасау

129.

Мыс өндіру

130.

Медициналық-хирургиялық аспаптарды жасау

131.

Металл бөшкелер және ұқсас сыйымдылықтар жасау

132.

Металл есіктер мен терезелер жасау

133.

Сыпырғыштар мен щетка жасау

134.

Минералды суларды және басқа алкогольсіз сусындарды өндіру

135.

Минералды оқшауланған материалдар өндіру

136.

Балмұздақ өндіру

137.

Ұн өндіру

138.

Сабын және жуу құралдарын, тазалайтын және жылтырататын заттар өндіру

139.

Электрлік емес тұрмыстық құралдар жасау

140.

Киімнен басқа, тоқымалы емес бұйымдарды өндіру

141.

Электрлік емес пештерді, оттықтарды, пештерге арналған қондырғыларды жасау

142.

Іш киімді өндіру

143.

Сәулелендіргіш электромедициналық және электротерапевтік жабдықтар жасау

144.

Тұсқағаздар өндіру

145.

Құрылыс материалдарын өңдеуге арналған жабдықтарды өндіру

146.

Дәнекерлеу мен пісіру, үстіртін жіберу және газотермикалық бүрку үшін машиналар мен аппараттарға арналған жабдықтарды өндіру

147.

Тамақ өнімдерін, сусындарды және темекі өнімдерін өндіруге және қайта өңдеуге арналған жабдықты өндіру (жөндеусіз)

148.

Аяқ киім өндіру

149.

Отқа төзімді бұйымдар өндіру

150.

Теріден тігілген киімді өндіру

151.

Қару-жарақ және оқ-дәрілер өндіру

152.

Жарықтандыру құралдарын жасау

153.

Негізгі фармацевтикалық өнімдерді өндіру

154.

Кеңсе техникасын және жабдығын жасау (компьютерлер мен шалғай жабдықтардан басқа)

155.

Орталықтан жылыту қазандарынан басқа, бу қазандарын жасау

156.

Парфюмерлік және косметикалық заттар өндіру

157.

Пестицидтер мен басқа агрохимиялық өнімдерді өндіру

158.

Сыра өндіру

159.

Жазу қағазы бұйымдарын өндіру

160.

Тауарларға арналған пластик ораулар өндіру

161.

Пластмасса бұйымдарын өндіру

162.

Пластмасса табақтар, шиналар мен профильдерге арналған камералар өндіру

163.

Мойынтіректерді жасау

164.

Көмірсутегі шикізатындағы алғашқы формада полимерлерді өңдіру

165.

Тұрмыстық электроника құралдарын өндіру

166.

Дайын тағам өнімдерін өндіру

167.

Тіркемелерді және жартылай тіркемелерді жасау

168.

Сымдарды суықтай созу әдісі арқылы өндіру

169.

Еттен және үй құсының етінен жасалған өнімдерді өндіру

170.

Мұнай өңдеу өнімдерін өндіру

171.

Кокс пештерінің өнімдерін өндіру

172.

Өнеркәсіптік газды өндіру

173.

Өзге де сырт киімді өндіру

174.

Электр сымының және кабельдің өзге түрлерін жасау

175.

Басқа да тоқылған және тоқыма бұйымдар өндіру

176.

Басқа дайын металл бұйымдар жасау

177.

Бетоннан, құрылыс ғанышы мен цементтен жасалған өзге бұйымдарды өндіру

178.

Қағаз және қатырма қағаздан басқа да бұйымдар өндіру

179.

Өзге қыш бұйымдарын өндіру

180.

Басқа крандар мен шұралар жасау

181.

Өзге машиналар мен жабдықтарды, бөлшектер мен түйіндерді жасау

182.

Өзге металл бұйымдар өндіру

183.

Өзге металл цистерналар, резервуарлар мен контейнерлер жасау

184.

Ашыған материалдан басқа тазартылмаған сусындар өндіру

185.

Басқа негізгі бейорганикалық химиялық заттарды өндіру

186.

Басқа санаттарға енгізілмеген басқа тамақ өнімдерін өндіру

187.

Өзге пластик бұйымдарын өндіру

188.

Басқа да тамақ өнімдерін өндіру

189.

Басқа санаттарға кірмеген басқа тоқыма бұйымдарын өндіру

190.

Басқа да техникалық және өнеркәсіптік тоқыма бұйымдарын өндіру

191.

Өзге техникалық қыш бұйымдарын өндіру

192.

Басқа топтамаларға енгізілмеген басқа көлік құралдары мен жабдықтарын жасау

193.

Автокөлік құралдарының және олардың қозғалтқыштарының басқа да бөлшектері мен құрал-саймандарын жасау

194.

Дәмқосарларды мен дәмдеуіштерді өндіру

195.

Орталықтан жылытудың радиаторлары мен қазандарын жасау

196.

Әр түрлі ағаш бұйымдарын өндіру

197.

Өсімдік және мал майы мен тоң май өндіру

198.

Тазартылған май және тоң май өндіру

199.

Резеңке және пластмасса бұйымдарын өндіру

200.

Резеңке өнімдерін өндіру

201.

Резеңке техникалық бұйымдарды өндіру

202.

Қант өндіру

203.

Жиналатын темірбетон және бетон конструкциялары мен бұйымдарын өндіру

204.

Құрама паркет жабындарды өндіру

205.

Қорғасын, мырыш және қалайы өндіру

206.

Ауыл шаруашылық және бау-бақша аспаптарын жасау

207.

Ауыл шаруашылығы машиналарын жасау

208.

Сидрді және басқа да жемісті шараптарды өндіру

209.

Уыт өндіру

210.

Арнайы киімді өндіру

211.

Шыны талшықтар өндіру

212.

Шыны ыдыс өндіру

213.

Басқа санаттарға енгізілмеген шыны бұйымдарды өндіру

214.

Бетоннан жасалған құрылыс бұйымдарын өндіру

215.

Пластик құрылыс бұйымдарын өндіру

216.

Отыруға арналған орындықтар және басқа да жиһаз жасау

217.

Кептірілген нанды және печеньені өндіру; ұзақ сақтауға арналған ұннан жасалған кондитерлік өнімдерді, торттарды, тәтті тоқаштарды, пирогтарды және бисквиттерді өндіру

218.

Құрғақ бетон қоспаларын өндіру

219.

Темекі өнімдерін өндіру

220.

Өндіріс мақсатындағы теле және радиоаппаратураны өндіру

221.

Қағазды және қатырма қағазды дайындауға арналған техниканы жасау (жөндеусіз)

222.

Полиграфиялық өнеркәсіпке арналған технологиялық жабдықтарды жасау

223.

Тауар бетонын өндіру

224.

Токарлық өңдеу, майдалау, бұрғылау, жоңғылау станоктарын өндіру

225.

Производство вязаного и трикотажного полотна

226.

Болаттан жасалған құбырлар, құбыржолдар, профильдер, фитингтерді өндіру

227.

Тыңайтқыштар өндіру

228.

Жеңіл металдардан буып-түюге арналған материалдар өндіру

229.

Фармацевтикалық препараттар өндіру

230.

Фото және кино жабдықтарын жасау

231.

Фотоматериалдар өндіру

232.

Жеміс және көкөніс шырындарын өндіру

233.

Хирургиялық және ортопедиялық құрылғыларды жасау

234.

Нан өндіру; ұннан жасалған кондитерлік жаңа піскен өнімдерді, торттарды және тәтті тоқаштарды өндіру

235.

Тұрмыстық-шаруашылық қыш құмыра бұйымдарын өндіру

236.

Клинкерлерді қоса алғанда, цементті өндіру

237.

Сағаттардың барлық түрлерін жасау

238.

Шойын, болат және ферроқорытпалар өндіру

239.

Жүн маталарды өндіру

240.

Қабыршақ, фанер, тақта және панель өндіру

241.

Автокөлік құралдарына арналған электр және электрондық жабдықтарды жасау (жөндеусіз)

242.

Тоңазытқыш пен мұздатқыштан басқа, электротұрмыстық құралдар жасау

243.

Алып тасталды – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 19.06.2019 № 603 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

244.

Электрод өнімдерін жасау

245.

Электрондық элементтерді өндіру

246.

Электронды тақшаларды өндіру

247.

Электр таратушы және реттеуші аппаратура өндіру (жөндеусіз)

248.

Эфир майларын өндіру

249.

Зергерлік бұйымдарды жасау

250.

Сақтандыру және зейнетақымен қамтамасыз етуден басқа, қаржылық қызметтерді ұсыну бойынша басқа қосалқы қызмет

251.

Сақтандыру және зейнетақымен қамтамасыз ету жөніндегі басқа қосалқы қызмет

252.

Жолаушылар мен жүк тасымалына жататын өзге де қызметтер

253.

Өзге де почталық және курьерлік қызмет

254.

Өзге де көліктік-экспедициялық қызметтер

255.

Баспа қызметі

256.

Кредит берудің өзге түрлері

257.

Басқа санаттарға жатқызылмаған жер үсті жолаушылар тасымалдарының өзге де түрлері

258.

Жемістерді және көкөністерді қайта өңдеу және консервілеу

259.

Өзге де әрлеу жұмыстары

260.

Өзге де мамандандырылған құрылыс жұмыстары

261.

Өзге де құрылыс-монтаж жұмыстары

262.

Арнайы кәсіптерді талап ететін өзге де құрылыс жұмыстары

263.

Өзге де электр техникалық және монтаждау жұмыстары

264.

Өзге де құрлықтағы жолаушылар көлігі

265.

Еденге жабын төсеу және қабырғаларды қаптау жұмыстары

266.

Ғимараттарды бөлшектеу және құлату

267.

Барлау мақсатымен бұрғылау

268.

Құрылыс жобаларын әзірлеу

269.

Экономикалық қызметті тиімді жүргізуді реттеу және жәрдемдесу

270.

Тасты кесу, өңдеу және әрлеу

271.

Жарнамалық қызмет

272.

Тұрмыстық электрониканы жөндеу

273.

Тұрмыстық аспаптарды, үй мен бау-бақша құрал-саймандарын жөндеу

274.

Әуе кемелері мен ғарыш кемелерін жөндеу және техникалық қызмет көрсету

275.

Кемелерді жөндеу және техникалық қызмет көрсету

276.

Ауыл және орман шаруашылығына арналған машиналар мен жабдықты жөндеу және техникалық қызмет көрсету

277.

Сәулелендіргіш, электромедициналық және электротерапевтік жабдықтарды жөндеу және техникалық қызмет көрсету

278.

Электромоторлар, генераторларды және трансформаторларды жөндеу және техникалық қызмет көрсету

279.

Машиналар мен жабдықтарды жөндеу және орнату

280.

Коммуникациялық жабдықтарды жөндеу

281.

Компьютерлер мен байланыс жабдықтарын жөндеу

282.

Компьютерлер мен шалғай жабдықтарды жөндеу

283.

Компьютерлерді, тұрмыстық бұйымдар мен жеке тұтынатын заттарды жөндеу

284.

Жиһаздарды және үйге қажетті заттарды жөндеу

285.

Аяқ киімдерді жөндеу

286.

Темір жолдардың жылжымалы құрамын жөндеу

287.

Жеке тұтынатын заттарды және тұрмыстық тауарларды жөндеу

288.

Өзге де жабдықтарды жөндеу

289.

Орталық жылыту радиаторлары мен қазандықтарын жөндеу

290.

Тігін бұйымдарын, бас киімдерді және тоқыма галантерея бұйымдарын жөндеу

291.

Әшекей бұйымдарды жөндеу

292.

Өзен жүк көлігі

293.

Балық аулау

294.

Астықты қоймаға қою және сақтау

295.

Мамандандырылған құрылыс жұмыстары

296.

Ағаш шеберлігі және ағаш ұстасы жұмыстары

297.

Су имараттарының құрылысы

298.

Жолдар мен автомагистральдар құрылысы

299.

Темір жолдар және метро құрылысы

300.

Тұрғын үй ғимараттарының құрылысы

301.

Кеме және қалқымалы конструкцияларды жасау

302.

Көпірлер мен туннельдер құрылысы

303.

Ойын-сауық және спорт қайықтарын жасау

304.

Азаматтық құрылыс

305.

Электр энергиясымен және телекоммуникациямен қамтамасыз етуге арналған бөліп таратқыш объектілердің құрылысы

306.

Сумен жабдықтау және кәріз жүйелеріне арналған құбырлардың құрылысы

307.

Құбырмен тасымалдау

308.

Көліктік ғарыш жүйесі

309.

Жүктерді көліктік өңдеу

310.

Көліктік-экспедициялық қызметтер

311.

Тресттер, қорлар және басқа осындай қаржы объектілері

312.

Су көлігі саласында қызметтер

313.

Тасымалдау бойынша қызметтер

314.

Азаматтарға тиесілі көлік құралдарын сақтау бойынша қызметтер

315.

Терминалдардың қызметі

316.

Дене шынықтыру-сауықтыру қызметі

317.

Медициналық құралдар мен техниканың қаржылық лизингінен басқа қаржылық лизингтер

318.

Табақты әйнекті құрастыру және өңдеу

319.

Химиялық тазалау және бояу

320.

Суықтай пішіндеу немесе бүктеу

321.

Суықтай созу

322.

Тиындарды және медальдарды соғу/шығару

323.

Сылақ жұмыстары

      Ескерту:

      Қызметі ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялар желiсi жоқ жерлерде орналасқан салық төлеушілер деректерді беру функциясы жоқ бақылау-касса машиналарын қолданады.

      Қызмет түрлері Қазақстан Республикасы Сауда және индустрия министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің 2007 жылғы 14 желтоксандағы № 683-од бұйрығымен мемлекеттік сыныптауыш ретінде бекітілген Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы сыныптауышына (ЭКДЖ) сәйкес көрсетілген.

      *Ұлттық пошта операторы жүзеге асыратын қызметті қоспағанда.

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 16 ақпандағы
№ 206 бұйрығына
3-қосымша

Салық төлеушілер Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асырғанда ақшалай есеп айырысулар кезінде деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын 2019 жылғы 1 шілдеден бастап қолданатын қызмет түрлері

      Ескерту. Бұйрық 3-қосымшамен толықтырылды – ҚР Қаржы министрінің 27.11.2018 № 1029 (01.07.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Р/с

Қызмет түрлері

1

2

1.

Сүрек және құрылыс материалдарын сату жөніндегі агенттердің қызметі

2.

Машиналарды, жабдықтарды, өнеркәсіптік жабдықтарды, теңіз және әуе кемелерін сату жөніндегі агенттердің қызметі

3.

Жиһаз, тұрмыстық тауарлар, бекітпе және өзге де металл бұйымдарды сату жөніндегі агенттердің қызметі

4.

Сусындар мен темекі бұйымдарын қоса алғанда, азық-түлік өнімдерін, сату жөніндегі агенттердің қызметі

5.

Ауыл шаруашылығы шикізатын, тірі мал, тоқыма шикізаты мен жартылай фабрикаттарды сату жөніндегі агенттердің қызметі

6.

Тоқыма бұйымдарын, киім, аяқ киім, былғарыдан және үлбірден жасалған бұйымдарды сату жөніндегі агенттердің қызметі

7.

Түрлі ассортименттегі тауарларды сату жөніндегі агенттердің қызметі

8.

Отындарды, кендерді, металдар және химиялық заттарды сату жөніндегі агенттердің қызметі

9.

Басқа топтамаларға енгізілмеген тауарлардың жекелеген түрлерінің немесе тауарлар топтарын сатуға мамандандырылған агенттер қызметі

10.

Тамақ өнімдерін, сусындар мен темекі бұйымдарын мамандандырылмаған көтерме саудада сату

11.

Малдарды тірідей көтерме саудада сату

12.

Астық, тұқым және малдарға арналған жемді көтерме саудада сату

13.

Тас көмірді көтерме саудада сату

14.

Компьютерлер мен шалғай компьютерлік жабдықтарды және бағдарламалық қамтамасыз етуді көтерме саудада сату

15.

Кофе, шай, какао және дәмдеуіштерді көтерме саудада сату

16.

Қара және түсті металл сынықтары мен қалдықтарын көтерме саудада сату

17.

Жиһазды, кілемдерді және жарықтандыру жабдықтарын көтерме саудада сату

18.

Механикалық станоктарды көтерме саудада сату

19.

Сүт өнімдерін, жұмыртқа және азықтық май және тоң майды көтерме саудада сату

20.

Ет және ет өнімдерін көтерме саудада сату

21.

Тұтынушылық мақсаттағы азық-түлік емес тауарлардың көтерме саудасы

22.

Аяқ киімді көтерме саудада сату

23.

Кеңсе жиһаздарын көтерме саудада сату

24.

Парфюмерия мен косметиканы көтерме саудада сату

25.

Тамақ өнімдерін, сусындарды және темекі бұйымдарын көтерме саудада сату

26.

Табиғи (жанатын) газды көтерме саудада сату

27.

Тамақ өнімдерін, сусындарды және темекі бұйымдарын көтерме саудада сату

28.

Өзге де кеңсе техникасы мен жабдықтарды көтерме саудада сату

29.

Өзге де техника мен жабдықтарды көтерме саудада сату

30.

Өзге де азық-түлік емес көп қолданылатын тауарларды көтерме саудада сату

31.

Өзге де тамақ өнімдерін көтерме саудада сату

32.

Өзге де аралық өнімдерді көтерме саудада сату

33.

Қант, шоколад және қантты кондитерлік бұйымдарды көтерме саудада сату

34.

Ауыл шаруашылығы техникасын, жабдықтарды және олардың қосалқы бөлшектерін көтерме саудада сату

35.

Темекі бұйымдарын көтерме саудада сату

36.

Кен өндіруге және азаматтық құрылысқа арналған техниканы көтерме саудада сату

37.

Тоқыма, тігін және трикотаж өндірісіне арналған техниканы көтерме саудада сату

38.

Кәрлен, шыны ыдыстар мен тазартқыш құралдарды көтерме саудада сату

39.

Жемістер мен көкөністерді көтерме саудада сату

40.

Химиялық заттарды және химиялық өнімдерді көтерме саудада сату

41.

Гүлдер мен басқа өсімдіктерді көтерме саудада сату

42.

Шойын, болат және олардың құймасын көтерме саудада сату

43.

Қандай да бір нақтылаусыз тауарлардың кең ассортиментін көтерме саудада сату

44.

Тері мен былғарыны көтерме саудада сату

45.

Электртұрмыстық техниканы көтерме саудада сату

46.

Электронды және телекоммуникациялық жабдықтарды және олардың қосалқы бөлшектерін көтерме саудада сату

47.

Автомобильдер мен мотоциклдерді қоспағанда, көтерме сауда

48.

Мамандандырылмаған дүкендердегі өзге де бөлшек сауда

49.

Мамандандырылған дүкендердегі өзге де бөлшек сауда

50.

Мамандандырылған дүкендерде ет және ет өнімдерін өзге де бөлшек саудада сату

51.

Дүкендерден тыс өзге де бөлшек сауда

52.

Мамандандырылған дүкендерде тамақ өнімдерін бөлшек саудада сатудың өзге де түрлері

53.

Көтерме сауданың өзге де қызметтері

54.

Өзге де автокөлік құралдарын бөлшек саудада сату

55.

Мамандандырылған дүкендерде аудио және видео жазбаларды бөлшек саудада сату

56.

Мамандандырылған дүкендерде тұрмыстық электр аспаптарын бөлшек саудада сату

57.

Мамандандырылмаған дүкендердегі бөлшек сауда

58.

Мамандандырылмаған дүкендерде көбінесе тамақ өнімдерін, сусындар мен темекі бұйымдарын бөлшек саудада сату

59.

Мамандандырылған дүкендерде газет және кеңсе тауарларын бөлшек саудада сату

60.

Сауда алаңы 2000 ш.м-ден астам (2000 ш.м. және жоғары) сауда объектілері болып табылатын мамандандырылған дүкендерде ойындар мен ойыншықтарды бөлшек саудада сату

61.

Мамандандырылған дүкендерде кітаптарды бөлшек саудада сату

62.

Мамандандырылған дүкендерде кілемдер, кілем бұйымдарын, сондай-ақ қабырға және еден жабындарын бөлшек саудада сату

63.

Мамандандырылған дүкендерде косметикалық тауарларды және гигиена заттарын бөлшек саудада сату

64.

Мамандандырылған дүкендерде медициналық және ортопедтік тауарларды бөлшек саудада сату

65.

Мамандандырылған дүкендерде отынды бөлшек саудада сату

66.

Мамандандырылған дүкендерде сусындарды бөлшек саудада сату

67.

Мамандандырылған дүкендерде аяқ киім және былғары бұйымдарды бөлшек саудада сату

68.

Мамандандырылған дүкендерде сусындарды қоса алғанда, тамақ өнімдерін және темекі бұйымдарын бөлшек саудада сату

69.

Дүкендерде ұсталған тауарларды бөлшек саудада сату

70.

Мамандандырылмаған дүкендерде сусындар мен темекі бұйымдарын қоса, көбінесе тамақ өнімдерін бөлшек саудада сату

71.

Мамандандырылған дүкендерде сусындарды қоса алғанда, тамақ өнімдерін және темекі бұйымдарын бөлшек саудада сату

72.

Сауда палаткаларында, дүкеншелерде және дүңгіршектерде тамақ өнімдерін, сусындар мен темекі бұйымдарын бөлшек саудада сату

73.

Мамандандырылған дүкендерде өзге де тұрмыстық жабдықтармен бөлшек сауда

74.

Мамандандырылған дүкендерде балық, шаян тәрізділерді және былқылдақ денелілерді бөлшек саудада сату

75.

Мамандандырылған дүкендерде бекітпе бұйымдармен, лак-бояу материалдарымен және шынылармен бөлшек сауда

76.

Мамандандырылған дүкендерде спорт жабдықтарын бөлшек саудада сату

77.

Мамандандырылған дүкендерде темекі бұйымдарын бөлшек саудада сату

78.

Мамандандырылған дүкендерде телекоммуникациялық жабдықтарды бөлшек саудада сату

79.

Мамандандырылған дүкендерде жемістер мен көкөністерді бөлшек саудада сату

80.

Мамандандырылған дүкендерде нан-тоқаш өнімдері, ұннан жасалған және қантты кондитерлік бұйымдарды бөлшек саудада сату

81.

Мамандандырылған дүкендерде гүлдерді бөлшек саудада сату

82.

Палаткалар мен базарлардағы бөлшек сауда

83.

Желілі маркетинг арқылы бөлшек саудада сату

84.

Почта бойынша тапсырыстар орындайтын фирмалар арқылы және Интернет арқылы бөлшек саудада сату

85.

Автомобильдер мен мотоциклдер саудасынан басқа, бөлшек сауда

86.

Мотоциклдерге және мотороллерлерге техникалық қызмет көрсету және жөндеу

      Ескерту:

      Қызметі ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялар желiсi жоқ жерлерде орналасқан салық төлеушілер деректерді беру функциясы жоқ бақылау-касса машиналарын қолданады.

      Қызмет түрлері Қазақстан Республикасы Сауда және индустрия министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің 2007 жылғы 14 желтоксандағы № 683-од бұйрығымен мемлекеттік сыныптауыш ретінде бекітілген Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы сыныптауышына (ЭКДЖ) сәйкес көрсетілген.

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 16 ақпандағы
№ 206 бұйрығына
4-қосымша

Салық төлеушілер Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асырғанда ақшалай есеп айырысулар кезінде деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын 2019 жылғы 1 қазаннан бастап қолданатын қызмет түрлері

      Ескерту. 4-қосымшамен толықтырылды – ҚР Қаржы министрінің 27.11.2018 № 1029 (01.10.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Р/с

Қызмет түрлері

1

2

1.

Автомобильдер мен жеңіл автомобильдерді жалға алу

2.

Су көлігі құралдары мен жабдықтарын жалға алу

3.

Әуе көлігі құралдары мен жабдықтарын жалға алу

4.

Жүк көліктерін жалға алу

5.

Автокөлікті жалға алу және жалға беру

6.

Азаматтық объектілердің құрылысына арналған құрылыс техникасы мен жабдықтарды жалға алу және жалға беру

7.

Қорғалған авторлық құқықтармен жасалатын жұмыстарды қоспағанда, зияткерлік меншікті және ұқсас өнімдерді жалға алу

8.

Басқа санаттарға енгізілмеген өзге де машиналарды, жабдықтар мен материалдық құралдарды жалға алу

9.

Өзге де кеңсе машиналарын және жабдықты жалдау

10.

Ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтарын жалға алу

11.

Жалдау, жалға беру, лизинг

12.

Веб-порталдар

13.

Ветеринарлық қызмет

14.

Астықты жинағаннан кейінгі ауыл шаруашылығы қызметінің түрлері

15.

Ауылшаруашылық дақылдарын өсіру саласындағы қызметтің қосалқы түрлері

16.

Жануарларды өсіру жөніндегі қызметтің көмекші түрлері

17.

Қосалқы білім беру қызметі

18.

Жүзімді өсіру

19.

Талшықты дақылдарды және олардың тұқымдарын өсіру

20.

Тұқым шаруашылығын қосқанда, дәнді дақылдарды және бұршақ дақылдарын өсіру

21.

Картопты және отырғызылатын материалдарды өсіру

22.

Азық дақылдарын және олардың тұқымдарын өсіру

23.

Майлы өсімдіктерді және олардың тұқымдарын өсіру

24.

Көкөністерді, олардың тұқымдары мен көшеттерін өсіру

25.

Жеміс ағаштарының және бұталы жемістер мен жаңғақтардың басқа да түрлерін өсіру

26.

Басқа да көпжылдық дақылдарды өсіру

27.

Басқа да маусымдық дақылдарды өсіру

28.

Күрішті өсіру

29.

Қант қызылшасын және тұқымдарын өсіру

30.

Дәнді жемістерді және сүйекті жемістерді өсіру

31.

Темекіні өсіру

32.

Шитті мақтаны өсіру

33.

Гүл өсіру, гүл тұқымдары шаруашылығы

34.

Цитрусты жемістерді өсіру

35.

Жоғары білім беру

36.

Уақытша жұмысқа орналастыру жөніндегі агенттіктердің қызметі

37.

Төлемдерді жинау бойынша агенттіктер мен кредиттік бюролардың қызметі

38.

Жұмысқа орналастыру агенттіктерінің қызметі

39.

Кең профильді және мамандандырылған ауруханалар қызметі

40.

Сәулет саласындағы қызметтер

41.

Өнер саласындағы қызмет

42.

Міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы қызмет

43.

Күзет жүйелері саласындағы қызмет

44.

Спутниктік телекоммуникациялар саласындағы қызмет

45.

Шығармашылық, өнер және ойын-сауық саласындағы қызмет

46.

Фотография саласындағы қызмет

47.

Әділет саласындағы қызмет және сот әділдігі

48.

Инкубаторлық-құс шаруашылығы станцияларының қызметі

49.

Ақпараттық-анықтамалық қызметтердің жұмысы

50.

Ақпараттық агенттіктердің қызметі

51.

Концерттік және театр залдарының қызметі

52.

Мұражайлар қызметі

53.

Мәдени және демалыс саябақтары мен тақырыптық саябақтар қызметі

54.

Абаттандыру бойынша қызмет; пейзаждық жоспарлау

55.

Өзара қарым-қатынас және жұртшылықпен байланыс бойынша қызметтер

56.

Фонограммалар мен музыкалық жазбаларды шығару бойынша қызмет

57.

Төтенше жағдайлардағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша қызмет

58.

Қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша қызмет

59.

Демалыс пен ойын-сауықты ұйымдастыру жөніндегі қызмет

60.

Тарихи орындар мен ғимараттарды, мәдени ескерткіштерді қорғау бойынша қызмет

61.

Кино, бейнефильмдер және телевизиялық бағдарламаларды шығару бойынша қызмет

62.

Кино, бейнефильмдер және телевизиялық бағдарламалар тарату бойынша қызмет

63.

Телевизиялық бағдарламалар жасау және тарату қызметі

64.

Компьютерлік жабдықтарды басқару қызметі

65.

Тұруды қамтамасыз етумен қарттар мен мүгедектерді күту қызметі

66.

Табиғи қорықтар қызметі, жабайы табиғатты қорғау

67.

Басқа да бас компаниялар қызметі

68.

Персоналмен жұмыс жөніндегі өзге де ұйымдардың қызметі

69.

Техникалық сынаулар мен талдауды жүзеге асыратын басқа да мекемелер қызметі

70.

Спорт клубтарының қызметі

71.

Спорттық объектілер қызметі

72.

Кеден қызметі

73.

Туристік агенттіктер мен операторлардың қызметі

74.

Фитнесс-клубтардың қызметі

75.

Жеке күзет қызметінің жұмысы

76.

Көлік құралдарының жүргізушілерін дайындау мектептерінің қызметі

77.

Ақыл-ой және дене кемістіктері, психикалық аурулар мен наркологиялық ауытқулары бар адамдарға арналған тұруға байланысты қызмет

78.

Балалардың күндізгі күтімі

79.

Асбест кенін өндіру

80.

Сәндік және құрылыс тасын өндіру

81.

Асыл тастар (алмастан басқа) және жартылай асыл тастар, жарқырауық тастар және кәріптас өндіру

82.

Бағалы металдар мен сирек кездесетін металл кендерін өндіру

83.

Темір кенін ашық тәсілмен өндіру

84.

Темір кенін жер асты тәсілімен өндіру

85.

Құрамында шикізат бар алюминийді өндіру және байыту

86.

Мыс кенін өндіру және байыту

87.

Металл емес кенді өндіру және байыту

88.

Қорғасын-мырыш кенін өндіру және байыту

89.

Титан-магний шикізатын (кенін) өндіру және байыту

90.

Әктасты, гипсті және борды өндіру

91.

Тас көмірді ашық тәсілмен өндіру

92.

Тас көмірді жер асты тәсілімен өндіру

93.

Лигнитті (қоңыр көмірді) ашық тәсілмен өндіру

94.

Химиялық өнеркәсіп пен тыңайтқыштар алу үшін минералды шикізаттар өндіру

95.

Табиғи газды өндіру

96.

Басқа түсті металл кендерін өндіру

97.

Тақтатас өндіру

98.

Тұз өндіру

99.

Шикі мұнайды және ілеспе газды өндіру

100.

Табиғи және жасанды кеуекті толтырғыштар үшін шикізат өндіру

101.

Уран және торий кенін өндіру

102.

Тапсырыспен тамақ жеткізу

103.

Мектепке дейінгі білім беру

104.

Ақпараттық технологиялар мен компьютерлік жүйелер саласындағы қызметтің басқа түрлері

105.

Телекоммуникациялық қызметтердің басқа түрлері

106.

Жерге орналастыру

107.

Газет шығару

108.

Журналдар мен мерзімдік басылымдарды шығару

109.

Кітап шығару

110.

Өзге де бағдарламалық қамтамасыз етуді шығару

111.

Анықтамалықтар және жазылушылар тізімдерін шығару

112.

Нарық конъюнктурасын зерттеу және қоғамдық пікірді зерттеу

113.

Сымды телекоммуникациялық байланыс

114.

Кәріз жүйесі

115.

Кешенді әкімшілік-басқарушылық қызмет көрсету

116.

Объектілерге кешенді қызмет көрсету

117.

Компьютерлік бағдарламалау, кеңестер беру және басқа ілеспе қызметтер

118.

Ақпараттық технологиялар саласындағы консультациялық қызметтер

119.

Концерт қызметі

120.

Орман шаруашылығы және өзге де орман шаруашылығы қызметі

121.

Ағаш материалдарын дайындау

122.

Қалдықтарды жою

123.

Теңіз аквадақылы

124.

Теңізде балық аулау

125.

Биотехнологиялар саласындағы ғылыми зерттеулер мен эксперименттік әзірлемелер

126.

Бастауыш білім беру (бірінші саты)

127.

Нотариалдық қызмет

128.

Тас көмірді байыту

129.

Қорғаныс қызметі

130.

Тұқымдарды көбейту үшін өңдеу және дайындау

131.

Қауіпсіз қалдықтарды өңдеу және жою

132.

Қауіпті қалдықтарды өңдеу және жою

133.

Білім беру

134.

Мәдениет саласындағы білім беру

135.

Жалпы дәрігерлік практика

136.

Жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар

137.

Конференциялар мен сауда көрмелерін ұйымдастыру

138.

Негізгі және жалпы орта білім беру

139.

Осы салада қызмет көрсетуді ұсынуды қоса алғандағы аңшылық пен аулау

140.

Аударма (жазбаша және ауызша) ісі

141.

Электр энергиясын беру

142.

Қара металдың қалдықтары мен сынықтарын қайта өңдеу

143.

Сусын беру

144.

Орта білімнен кейінгі білім беру

145.

Кино, бейнефильмдер және телевизиялық бағдарламалар дайындаудың өндірістен кейінгі сатысы

146.

Демалыс күндерінде және қысқа мерзімді тұрудың өзге де кезеңдерінде тұрғын үй беру

147.

Қарттар мен мүгедектер үшін тұруды қамтамасыз етпейтін әлеуметтік қызметтер көрсету

148.

Бұқаралық ақпарат құралдарында жарнама беру

149.

Тұщы сулық аквадақыл

150.

Тұщы суда балық аулау шаруашылығы

151.

Отандық өнімдерді дамытуға жәрдемдесуге бағытталған қоғамдық және гуманитарлық саладағы қолданбалы зерттеулер

152.

Газ тәрізді отынды құбырлар арқылы сату

153.

Электр энергиясын тұтынушыға сату

154.

Газ тәрізді отынды өндіру

155.

Кино-, бейнефильмдер және телевизиялық бағдарламалар, фонограмма және музыкалық жазбалар өндіру

156.

Үлбірден тігілген киімнен басқа, киім өндіру

157.

Питомник өнімдерін өндіру

158.

Аралас, ет-жұмыртқа өндірісі

159.

Дербес қазандықтардың жылу энергиясын өндіруі

160.

Жылу электр станцияларының электр энергиясын өндіруі

161.

Жұмыртқа өндіру

162.

Бейне жазбалар мен дискілерді жалға беру

163.

Жеке тұтынатын өзге заттарды және тұрмыстық тауарларды жалға беру және жалға алу

164.

Ойын-сауық және спорттық құрал-саймандарды жалдау және жалға алу

165.

Кәсіптік-техникалық орта білім

166.

Өзге де сымсыз телекоммуникациялық байланыс

167.

Құқық саласындағы өзге де қызмет

168.

Спорт саласындағы өзге қызмет

169.

Денсаулықты қорғау бойынша өзге қызмет

170.

Ғимараттар мен өнеркәсіптік объектілерді тазалау бойынша өзге қызмет

171.

Басқа санаттарға енгізілмеген кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет

172.

Басқа санаттарға енгізілмеген шаруашылық қызметіне қосалқы қызмет көрсетудің басқа түрлері

173.

Аталған санаттарда ескерілмеген ақпараттық агенттіктер қызметінің өзге түрлері

174.

Демалысты және ойын-сауықты ұйымдастыру жөніндегі қызметтің өзге де түрлері

175.

Басқа санаттарға енгізілмеген үйде күту бойынша қызметтің өзге де түрлері

176.

Білім берудің өзге де түрлері

177.

Басқа санаттарға енгізілмеген білім берудің өзге түрлері

178.

Басқа топтамаларға кірмеген, тамақтануды ұйымдастырудың өзге де түрлері

179.

Брондау бойынша көрсетілетін қызметтердің өзге түрлері және оған ілеспе қызметтер

180.

Тазалау бойынша қызметтердің барлық түрлері

181.

Өзге қосалқы білім беру қызметтері

182.

Жаратылыстану ғылымдары мен инженерия саласындағы өзге де зерттеулер мен әзірлемелер

183.

Басқа санаттарға енгізілмеген, тұруды қамтамасыз етпей көрсетілетін өзге әлеуметтік қызметтер

184.

Радиохабарлар

185.

Түйелерді және түйе тектес жануарларды өсіру

186.

Есектерді, қашырларды немесе мәстектерді көбейту немесе өсіру

187.

Жылқыларды өсіру

188.

Малдың сүтті тұқымдарын көбейту

189.

Қойларды және ешкілерді өсіру

190.

Жануарлардың басқа түрлерін өсіру

191.

Ет алу үшін ірі қара малдың басқа да тұқымдарын көбейту

192.

Ет алу үшін құсты, асыл тұқымды құстарды және балапандар өсіру

193.

Шошқаларды және торайларды өсіру

194.

Малтатасты және құмды карьерлерді қазу

195.

Бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу

196.

Газ тәрізді отынды құбырлар арқылы сату

197.

Электр энергиясын бөлу

198.

Өсімдік және мал шаруашылығы, аңшылық және осы салаларда қызметтер ұсыну

199.

Әлеуметтік қамсыздандырудан басқа, медициналық қызмет көрсетуді, білім беру, мәдени қызмет көрсетуді және басқа да әлеуметтік қызмет көрсетуді қамтамасыз ететін мекемелердің қызметін реттеу

200.

Топырақ құнарлылығын қалпына келтіру және қалдықтарды жою саласындағы өзге де қызметтер

201.

Орман шаруашылығының ағаш емес өнімін жинау

202.

Қауіпсіз қалдықтарды жинау

203.

Қауіпті қалдықтарды жинау

204.

Суды жинау, өңдеу және бөлу

205.

Аралас ауыл шаруашылығы

206.

Компьютерлік ойындар құру

207.

Дизайн бойынша мамандандырылған жұмыстар

208.

Арнайы дәрігерлік практика

209.

Спорттық білім және бос уақытты ұйымдастыратын мамандар білімі

210.

Стоматологиялық қызмет

211.

Кен өндіру өнеркәсібінің басқа салалары және жер асты қазба жұмыстары үшін техникалық қолдау

212.

Мұнай мен табиғи газды өндіру кезіндегі техникалық қолдау

213.

Спектакль көрсету кезінде техникалық қолдау

214.

Орман шаруашылығы саласында (орман шаруашылығы және ағаш дайындау) қызмет көрсету

215.

Кеңсе машиналарын және есептеуіш техникаларды жөндеу және техникалық қызмет көрсету

216.

Буып-түю

217.

Тұрғын үйдің басқа түрлеріндегі көрсетілетін қызметтер

218.

Шоттарды және бухгалтерлік есепті жасау саласындағы көрсетілетін қызметтер

219.

Тұруды ұйымдастыру бойынша қызметтер

220.

Тамақ өнімдері мен сусындар ұсыну бойынша қызметтер

221.

Деректерді қайта өңдеу және орналастыру қызметтері және басқа қызметтер

222.

Фильм және фонотека қызметі

223.

Фотокөшірмелеу жұмыстары, құжаттамалар дайындау және мамандандырылған кеңселік қызмет көрсетудің өзге де түрлері

224.

Жер суару жүйесін пайдалану

      Ескерту:

      Қызметі ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялар желiсi жоқ жерлерде орналасқан салық төлеушілер деректерді беру функциясы жоқ бақылау-касса машиналарын қолданады.

      Қызмет түрлері Қазақстан Республикасы Сауда және индустрия министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің 2007 жылғы 14 желтоксандағы № 683-од бұйрығымен мемлекеттік сыныптауыш ретінде бекітілген Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы сыныптауышына (ЭКДЖ) сәйкес көрсетілген.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады