"Заманауи педагогикалық технологиялар" жоғары оқу орындарының педагогикалық мамандықтар оқытушыларының біліктілігін арттыру курстарының білім беру бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 16 ақпандағы № 152 бұйрығына өзгерту енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 12 ақпандағы № 48 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 5 наурызда № 16497 болып тіркелді

      "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 38-2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      "Заманауи педагогикалық технологиялар" жоғары оқу орындарының педагогикалық мамандықтар оқытушыларының біліктілігін арттыру курстарының білім беру бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 16 ақпандағы № 152 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 13445 тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылдың 29 наурызында жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Заманауи педагогикалық технологиялар" жоғары оқу орындарының педагогикалық мамандықтар оқытушыларының біліктілігін арттыру курстарының білім беру бағдарламасы осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылған.

      2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті (С. Ысмагұлова) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электронды қөшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде ресми жариялау үшін оның көшірмелерін мерзімді баспасөз басылымдарына жолдауды;

      4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін;

      5) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Респуликасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі және халықаралық ынтымақтастық департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделеген іс-шаралардың орындаулы туралы мәліметтерді ұсынуды қаматамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі А. Қ. Аймағамбетовке жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі
Е. Сағадиев

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2018 жылғы 12 ақпандағы
№ 48 бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым Министрінің
2018 жылғы 16 ақпандағы
№ 152 бұйрығымен бекітілген

"Заманауи педагогикалық технологиялар" жоғары оқу орындарының педагогикалық мамандықтар оқытушыларының біліктілігін арттыру курстарының білім беру бағдарламасы 1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Заманауи педагогикалық технологиялар" жоғары оқу орындарының педагогикалық мамандықтар оқытушыларының біліктілігін арттыру курстарының білім беру бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) жоғары оқу орындарының (бұдан әрі-жоо) педагогикалық мамандықтар оқытушыларына арналған.

      2. Бағдарлама оқыту мен оқудың заманауи технологиялары саласында жоо педагогикалық мамандықтары оқытушыларының кәсіби шеберлік деңгейін арттыруға бағытталған.

2-тарау. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері, күтілетін нәтижелер

      3. Бағдарламаның мақсаты жаңартылған білім беру мазмұны мәнмәтінінде жоо педагогикалық мамандықтары оқытушыларының кәсіби құзыреттілігін дамыту болып табылады.

      4. Бағдарламаның мақсатына жету үшін мынадай міндеттер айқындалған:

      1) Аталған бағдарламаның оқу модульдері шеңберінде жоғары мектеп педагогының кәсіби дамуына психологиялық-педагогикалық қолдаудың әлемдік ғылым мен практиканың жетістіктері туралы біртұтас түсінік қалыптастыру;

      2) педагогикалық білім беруді жаңғыртудың ғылыми-әдіснамалық негіздері, оның ішінде жаңартылған білім беру мазмұны жөнінде біртұтас түсінік қалыптастыру;

      3) оқыту мен ғылыми-зерттеу қызметінде кәсіби қызметті модельдеу және жобалау, сондай-ақ тұлғалық-әрекеттік және құзыреттілік тәсілдер негізінде заманауи дәріс құруда дағдыларын жетілдіру;

      4) жоо оқу процесінде инновациялық білім беру технологиялар мен интерактивті әдістерді пайдалану білігін қалыптастыру;

      5) білім алушылардың бойында сыни және креативті ойлау, проблемалық міндеттер мен жағдаяттарды тұжырымдау және шешу білігін қалыптастыру дағдыларын дамыту;

      6) педагогтың кәсіби өзін-өзі талдау және өзін-өзі бағалау білігін қалыптастыру;

      7) оқу процесінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану құзыреттілігін қалыптастыру.

      5. Курс соңында тыңдаушылар:

      1) заманауи педагогикалық ғылым дамуының негізгі трендтерін, білім алушылардың интеллектуалдық мүмкіндіктерін белсендіруге, сыни және шығармашылық ойлауды ынталандыруға, күрделі мәселелерді түсіну, қоя білу және шешуге дағдыландыруға, адами іс-әрекеттің әртүрлі қызметінде, сондай-ақ тұлғааралық қарым-қатынас пен әлеуметтік қатынастарда нақты міндеттің кең спектрін шешу үшін білім алушылардың функционалдық сауаттылығын бағалауға бағытталған оқу процесін ұйымдастырудың тәсілдерін біледі.

      2) жаңартылған білім беру мазмұны жағдайындағы жоо-да инновациялық білім беру технологияларын, жоо-ның білім беру үдерісін жобалауды, жоспарлау және жүйелі бағалау мен рефлексия үдерістерін жетілдіруді қолдана алады.

      3) жоо-да білім беру процесінің мониторингін ұйымдастыру, өткізу және талдау, заманауи ғылыми-зерттеулер негізінде білім алушылардың жетістіктерін бағалау жүйесін жетілдіру, педагогикалық қызметті қарқындату жағдайындағы заманауи ақпараттық-коммуникативтік технологияларды қолдану, білім беру саласындағы зерттеулер жүргізу әдістерін, іс-әрекетті зерттеуді жоспарлау және жүргізу дағдыларын меңгереді.

3-тарау. Бағдарламаның құрылымы мен мазмұны

      6. Бағдарлама 5 (бес) модульден тұрады:

      1) нормативті-құқықтық;

      2) психологиялық-педагогикалық;

      3) мазмұндық;

      4) технологиялық;

      5) вариативтік.

      7. Вариативтік модульдің тақырыптары тыңдаушылардың кіріс сауалнамасы барысында анықталады.

4-тарау. Білім беру процесін ұйымдастыру, олардың нысандары мен әдістері, нәтижелерін бағалау

      8. Біліктілікті арттыру курстары мынадай режимде ұйымдастырылады:

      1) осы Бағдарламаға 1-қосымшаға сәйкес қашықтықтан оқыту және күндізгі оқу кезеңдері сондай-ақ тыңдаушылардың өзіндік жұмысынан тұратын курстың оқу-тақырыптық жоспары негізіндегі аралас оқыту. Курстың ұзақтығы - 240 сағат.

      2) осы Бағдарламаға 2-қосымшаға сәйкес курстың оқу-тақырыптық жоспарына сәйкес күндізгі оқу. Курстың ұзақтығы - 72 сағат.

      9. Оқу процесі оқытудың келесі интерактивті нысандары мен әдістерінен тұрады: дәріс, семинар, практикалық жұмыс, көшпелі практикалық сабақ, тренинг, шағын-сабақ таныстырылымы, кейс әдісі, жобалау әдісі, бейнефильмдерді талқылау, сондай-ақ вебинар, онлайн-форум, онлайн кеңес беру, және тыңдаушының оқытушымен өзіндік жұмысы, шағын топтардағы жұмыс, оқыту ойындары, кері байланыс, күрделі және дискуссиялық сұрақтар мен мәселелерді талқылау, шеберлік сыныбы, дөңгелек үстел, талдама есеп және жеке портфолио қорғау.

      10. Тыңдаушылардың білімін бақылау және бағалау мақсатында білім беру процесін ұйымдастыруда: өзіндік жұмыс, жобалау жұмысы (портфолио қорғау), шағын сабақ (шағын-іс-шаралар) презентациясы, психологиялық-педагогикалық және мазмұндық модульдер бойынша аралық тестілеу, технологиялық модуль бойынша қорытынды тестілеу жүргізіледі. Өзіндік жұмыс тапсырмалары, тест тапсырмалары курстың оқу-әдістемелік кешеніне енгізілген.

  Жоғары оқу орындарының
педагогикалық мамандықтары
оқытушыларына арналған
"Жаңартылған білім беру
мазмұны аясында жоғары оқу
орындарындағы заманауи
педагогикалық технологиялар"
педагогикалық кадрлар
біліктілігін арттыру
курстарының білім
беру бағдарламасына
1-қосымша

240 сағаттық курстың оқу-тақырыптық жоспары

Сабақ тақырыбы

Күндізгі оқу

Қашықтықтан оқыту

Барлығы

Дәріс

Таңдау дәрісі

Тренинг

Практикалық сабақ

ТОӨЖ

Портфолио қорғау

Онлайн-кеңестер

Вебинар

1.

Нормативтік-құқықтық модуль

2

-

-

-

-

-

-

-

2

1.1

Қазақстан Республикасының Президентінің 2017 жылғы 12 сәуірдегі "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" атты бағдарламалық мақаласы. Қазақстан Республикасының Президентінің 2015 жылғы 20 мамырдағы "Ұлт жоспары – бес институционалдық реформаны іске асыру бойынша 100 қадам" Бағдарламасы. Қазақстан Республикасының 2007 жылғы "Білім туралы" Заңы. Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 1 наурыздағы № 205 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы.

2

-

-

-

-

-

-

-

2

2.

Психологиялық-педагогикалық модуль

4

-

10

4

8

6

14

12

58

2.1

Жаңартылған білім беру мазмұнының теориялық-әдістемелік негіздері.

-

-

-

-

-

-

-

2

2

2.2

Оқытудағы гуманистік тәсілдеме (Дж. Дьюи, А.Маслоу, К.Роджерс). Оқытудағы когнитивтік тәсілдеме (Ж. Пиаже, М. Монтессори, Л.С. Выготский). Әлеуметтік-жағдаяттық тәсілдеме (А.Бандура). Құзырлылық тәсілдеме (Джон Равен, А. Шелтен, Э.Ф. Зеер, И.А. Зимняя, В.А. Сластенин).

-

-

-

-

-

-

-

2

2

2.3

Жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында білім алушылардың құзыреттілігін дамыту әдістемесі. "STEM" (СТЭМ) білім беру - жаңа мүмкіндіктер.

2

-

-

2

-

-

-

-

-

2.4

Озық білім беру тұжырымдамаларына шолу (Джон Биггс және Кевин Колливтің білім беру нәтижелері Таксономиясы, Колб моделі–ақыл-ой әрекетін сатылы қалыптастыру, Кен Робинсонның "Парадигмалар алмасуы").

-

-

-

2

-

-

-

2

4

2.5

Эмоционалды интеллектінің отандық және шетелдік теориялары. Эмоционалды интеллектінің үлгілері.

-

-

-

-

-

-

-

2

2

2.6

Эмоционалды интеллект (Даниел Гоулман). Эмоционалды интеллектті зерттеудің заманауи үрдістері.

2

-

-

-

-

-

-

-

2

2.7

Эмоционалды интеллекттің мәні, "эмоционалды интеллект" түсінігінің қалыптасу тарихы.

-

-

-

-

-

-

-

2

2

2.8

Тұлға және тұлғааралық қарым-қатынастар психологиясы.










2.9

Жоғары оқу орындары оқытушылары мен білім алушылардың эмоционалды интеллектісін дамыту технологиялары.

-

-

2

-

-

-

-

-

2

2.10

Эмоционалды интеллект диагностикасы.

-

-

2

-

-

-

-

-

2

2.11

Сыни ойлауды дамыту технологиясы: диалогтық оқыту әдістері.

-

-

2

-

-

-

-

-

2

2.12

Мотивация философиясы. Мотивация және өзін-өзі реттеу. Кәсіби өзін-өзі жүзеге асыру технологиялары.

-

-

2

-

-

-

-

-

2

2.13

Дивергентті және конвергентті ойлау анықтамасы. Білім алушының шығармашылық әлеуеті мен дивергентті ойлаудың байланысы. Білім алушының дивергентті ойлауын дамытуға бағытталған тапсырмалар құру ерекшеліктері.

-

-

2

-

-

-

-

-

2

3.

Мазмұндық модуль

6

-

24

8

16

8

32

24

118

3.1

Инновациялық білім беру технологиялары. Заманауи дидактикалық тұжырымдамалар.

-

-

2

-

-

-

-

-

2

3.2

Педагогикалық өлшемдердің параметрлері: Дублин дескрипторлары, Б.Блум таксономиясы.

-

-

-

-

-

-

-

2

2

3.3

Дублин дескрипторлары мен Б.Блум таксономиясын салыстармалы талдау.

-

-

2

-

-

-

-

-

2

3.4

Оқу материалын өзгертудің құрылымдық тәсілдері (сызықтық, шоғырлас, спиральді).

2

-

-

-

-

-

-

-

-

3.5

Оқытудың интербелсенді әдістері: "SWOT"-талдау (СВОТ-талдау) (Питер Друкер), дананың кілттері (Тони Райан), ассоциограммалар әдісі, "Ойлаудың алты қалпағы" (Эдвард-де Боно), ми шабуылы (А.Ф.Осборн), тиімді оқылым технологиясы, ДЖИГСО әдісі.

-

-

4

-

-

-

-

2

6

3.6

Мәселеге бағдарланған оқыту. "Case-study" (Кейс стади) әдісінің пайда болуы мен даму тарихы.

-

-

-

-

-

-

-

2

2

3.7

Кейсті құру. Кейсті талдау.

-

-

-

-

-

-

-

2

2

3.8

Білім алушының өзіндік жұмысын "сase-study" (Кейс стади) әдісін қолдана отырып ұйымдастыру.

2

-

2

2

-

-

-

-

6

3.9

Жобалық технология - білім алушылардың өзіндік жұмыстарын тиімді ұйымдастырудың құралы.

2

-

2

2

-

-

-

-

6

3.10

Тұлғаға бағытталған оқыту технологиясы (Н.А. Алексеев, И.А.Якиманская, В.В. Сериков және т.б. теориялары). Білім алушының өзіндік жұмысын тиімді ұйымдастырудың және мотивациялаудың тұлғаға бағытталған оқыту ұстанымдары.

-

-

-

-

-

-

-

2

2

3.11

Жоғары оқу орны оқытушысының кәсіби қызметінің әлеуметтік-психологиялық аспектілері.

-

-

-

-

-

-

-

2

2

3.12

Іс-әрекеттегі зерттеу. Педагогтың зерттеу қызметін дамыту.

-

-

2

-

-

-

-

2

4

3.13

Портфолио - білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау технологиясы.

-

-

2

-

-

-

-

-

2

3.14

Жаңартылған білім беру мазмұны аясында оқыту мақсаттары жүйесінің ұстанымдары.

-

-

2

-

-

-

-

-

2

3.15

Жаңартылған білім беру мазмұнының оқу-әдістемелік кешенінің ерекшеліктері.

-

-

-

2

-

-

-

2

4

3.16

Жаңартылған білім беру мазмұнындағы оқыту мақсаттарына сәйкес критерийлері мен дескрипторларын әзірлеу. "SMART" (СМАРТ) мақсаттарын қою әдісі.

-

-

2

2

-

-

-

2

6

3.17

Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың заманауи тәсілдері. Білім алушыларды критериалды бағалау технологиясы.

-

-

-

-

-

-

-

2

2

3.18

Сабақты қысқа мерзімді, орта мерзімді, ұзақ мерзімді жоспарлау. Оқу жетістіктерін қалыптастырушы және жиынтық бағалау.

-

-

4

-

-

-

-

-

4

3.19

Педагогикалық әсерлі құралдар: оқу үшін бағалау және оқуды бағалау.

-

-

-

-

-

-

-

2

2

3.20

Білім сапасын статистикалық бақылаудың әдісі.

-

-

-

-

-

-

-

2

2

4.

Технологиялық модуль

-

-

14

4

8

6

14

12

58

4.1

СМАРТ-оқыту технологиясы.

-

-

-

-

-

-

-

2

2

4.2

Қашықтықтан оқытудың әдіснамасы және жүйесілеріне шолу. Онлайн режимінде өткізілетін іс-шаралардың заманауи технологиялары.

-

-

-

-

-

-

-

2

2

4.3

Жаппай ашық онлайн курстар (ЖАОК) - біліктілікті арттыру жүйесіндегі заманауи үрдіс.

-

-

-

-

-

-

-

2

2

4.4

Электронды оқулықтарды жасау кезеңдері мен тұжырымдамасы. Мультимедиа технологиясын пайдалана отырып оқу үдерісін қарқындату.

-

-

-

-

-

-

-

2

2

4.5

Коллаборативтік орта сабақты ұйымдастырудың тиімді түрі ретінде.

-

-

-

-

-

-

-

2

2

4.6

Инфографика аудиторияға күрделі ақпаратты жеткізу әдісі ретінде.

-

-

-

-

-

-

-

2

2

4.7

Қашықтықтан оқыту технологиясы.

-

-

-

2

-

-

-

-

2

4.8

Электронды оқулықтарды жасау технологиясы. Білім алушының электрондық оқу әдістемелік материалдарын әзірлеу.

-

-

4

2

-

-

-

-

6

4.9

Мультимедиалық контентті әзірлеу технологиялары. Тақырып бойынша скринкасттар жасау.

-

-

2

-

-

-

-

-

2

4.10

Мультимедиалық контентті іздеу, өңдеу, сақтау және тарату технологиялары. Білім алушының тақырыбы бойынша мультимедиалық контентті жасау.

-

-

4

-

-

-

-

-

4

4.11

Бейне және анимация эффектілерін қолдану арқылы мультимедиалық презентациялар жасау технологиялары. Білім алушылардың тақырыбы бойынша мультимедиялық презентациялар мен тесттер жасау.

-

-

4

-

-

-

-

-

4

5.

Вариативті модуль

-

4

-

-

-

-

-

-

4


Таңдау дәрісі:

-

-

-

-

-

-

-

-

-


БАРЛЫҒЫ

12

4

48

16

32

20

60

48

240

      Ескертпе: 1академиялық сағат – 45 минут.

  Жоғары оқу орындарының
педагогикалық мамандықтары
оқытушыларына арналған
"Жаңартылған білім беру мазмұны
аясында жоғары оқу орындарындағы
заманауи педагогикалық технологиялар"
педагогикалық кадрлар біліктілігін
арттыру курстарының білім
беру бағдарламасына
2-қосымша

72 сағаттық курстың оқу-тақырыптық жоспары

Сабақ тақырыбы

Дәріс

Таңдау дәрісі

Тренинг

Практикалық сабақ

ТОӨЖ

Портфолио қорғау

Барлығы

1.

Нормативтік-құқықтық модуль

2

-

-

-

-

-

2

1.1

Қазақстан Республикасының Президентінің 2017 жылғы 12 сәуірдегі "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" атты бағдарламалық мақаласы. Қазақстан Республикасының Президентінің 2015 жылғы 20 мамырдағы "Ұлт жоспары – бес институционалдық рефор-маны іске асыру бойынша 100 қадам" Бағдарламасы. Қазақстан Республикасының 2007 жылғы "Білім туралы" Заңы. Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 1 наурыздағы № 205 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы.

2

-

-

-

-

-

2

2.

Психологиялық-педагогикалық модуль

4

-

6

4

-

-

14

2.1

Жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында білім алушылардың құзыреттілігін дамыту әдістемесі. "STEM" (СТЭМ) білім - жаңа мүмкіндіктер.

2

-

-

2

-

-

4

2.2

Озық білім беру тұжырымдамаларына шолу (Джон Биггс және Кевин Колливтің білім беру нәтижелері Таксономиясы, Колб моделі – ақыл-ой әрекетін сатылы қалыптастыру, Кен Робинсонның "Парадигмалар алмасуы").

-

-

-

2

-

-

2

2.3

Эмоционалды интеллект (Даниел Гоулман). Эмоционалды интеллектті зерттеудің заманауи үрдістері.

2

-

-

-

-

-

2

2.4

Жоғары оқу орындары оқытушылары мен білім алушыларының эмоционалды интеллектті дамыту технологиялары.

-

-

2

-

-

-

2

2.5

Кәсіби өзін өзі жүзеге асыру технологиялары.

-

-

2

-

-

-

2

2.6

Білім алушының өзіндік жұмысын тиімді ұйымдастыруда және мотивациялауда қолданылатын тұлғаға бағытталған оқытудың ұстанымдары.

-

-

2

-

-

-

2

3.

Мазмұндық модуль

6

-

24

8

-

-

38

3.1

Дублин дескрипторлары мен Б.Блум таксономиясын салыстырмалы талдау .

-

-

2

-

-

-

2

3.2

Оқу материалын өзгертудің құрылымдық тәсілдері (сызықтық, шоғырлас, спиарльді).

2

-

-

-

-

-

2

3.3

Оқытудың интербелсенді әдістері: "SWOT"-талдау (СВОТ талдау), (Питер Друкер), дананың кілттері (Тони Райан), ассоциограммалар әдісі, "Ойлаудың алты қалпағы" (Эдвард-де Боно), ми шабуылы (А.Ф.Осборн), тиімді оқылым технологиясы, ДЖИГСО әдісі.

-

-

6

-

-

-

6

3.4

Білім алушының өзіндік жұмысын "сase-study" (Кейс-стади) әдісін қолдана отырып ұйымдастыру.

2

-

2

2

-

-

6

3.5

Жобалық технология - білім алушылардың өзіндік жұмыстарын тиімді ұйымдастырудың құралы.

2

-

2

2

-

-

6

3.6

Іс-әрекеттегі зерттеу. Педагогтың зерттеу қызметінің дамуы.

-

-

2

-

-

-

2

3.7

Портфолио білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау технологиясы ретінде.

-

-

2

-

-

-

2

3.8

Жаңартылған білім беру мазмұнындағы оқыту мақсаттары жүйесінің ұстанымдары.

-

-

2

-

-

-

2

3.9

Жаңартылған білім беру мазмұнындағы оқу-әдістемелік кешенінің ерекшеліктері.

-

-

-

2

-

-

2

3.10

Жаңартылған білім беру мазмұнындағы оқыту мақсаттарына сәйкес критерийлері мен дескрипторларын әзірлеу. "SMART" (СМАРТ) мақсаттарын қою әдісі.

-

-

2

2

-

-

4

3.11

Сабақты қысқа мерзімді, орта мерзімді, ұзақ мерзімді жоспарлау. Оқу жетістіктерін қалыптастырушы және жиынтық бағалау.

-

-

4

-

-

-

4

4.

Технологиялық модуль

-

-

14

4

-

-

18

4.1

Қашықтықтан оқыту технологиясы.

-

-

-

2

-

-

2

4.2

Электронды оқулықтарды жасау технологиясы. Білім алушының электрондық оқу әдістемелік материалдарын әзірлеу.

-

-

4

2

-

-

6

4.3

Мультимедиалық контентті әзірлеу технологиялары. Білім алушының тақырыбы бойынша скринкасттар жасау.

-

-

2

-

-

-

2

4.4

Тақырып бойынша мультимедиалық контентті іздестіру, өңдеу, сақтау және тарату.

-

-

4

-

-

-

4

4.5

Бейне және анимация эффектілерін қолдану арқылы мультимедиалық презентациялар жасау технологиялары. Білім алушының тақырыбы бойынша мультимедиялық презентациялар мен тесттер жасау.

-

-

4

-

-

-

4


БАРЛЫҒЫ

12

-

44

16

-

-

72

      Ескертпе: 1академиялық сағат – 45 минут.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады