Уақытша кедендік бақылау аймақтары, уақытша сақтау орындары және бажсыз сауда дүкендерінің кейбір мәселелері туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 23 ақпандағы № 280 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 12 наурызда № 16549 болып тіркелді.

      "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Кодексі 404-бабының 4-тармағына, 502-бабының 4-тармағына, 509-бабының 5-тармағына, 516-бабының 4-тармағына, 523-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 12.06.2023 № 640 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Уақытша кедендік бақылау аймақтарын құру (оның ішінде мүдделі тұлғаның өтініші бойынша), олардың жұмыс істеуін тоқтату қағидалары, оларға қойылатын талаптар, сондай-ақ уақытша кедендік бақылау аймағының құқықтық режимі;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Еркін қойма аумағының периметрін қоршауға және бейнебақылау жүйесімен жарақтандыруға қойылатын талаптарды қоса алғанда, уақытша сақтау қоймасы, кеден қоймасы, еркін қойма ретінде пайдалануға арналған немесе пайдаланылатын құрылысжайларды, үй-жайларды (үй-жайлардың бөліктерін) және (немесе) ашық алаңдарды орналастыруға (еркін қоймалардан басқа), жайластыруға және жабдықтауға қойылатын талаптар;

      3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Бажсыз сауда дүкендерін орналастыруға, жайластыруға және жабдықтауға, оның ішінде бейнебақылау жүйесімен жарақтандыруға қойылатын талаптар, олардың құрылу мен жұмыс істеу қағидалары;

      4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес Бажсыз сауда дүкендерінде тауарларды өткізу қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (А.М. Теңгебаев) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электронды түрдегі көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
Б. Сұлтанов

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 23 ақпандағы
№ 280 бұйрығына 1-қосымша

Уақытша кедендік бақылау аймақтарын құру (оның ішінде мүдделі тұлғаның өтініші бойынша), олардың жұмыс істеуін тоқтату қағидалары, оларға қойылатын талаптар, сондай-ақ уақытша кедендік бақылау аймағының құқықтық режимі 1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Уақытша кедендік бақылау аймақтарын құру (оның ішінде мүдделі тұлғаның өтініші бойынша), олардың жұмыс істеуін тоқтату қағидалары, оларға қойылатын талаптар, сондай-ақ уақытша кедендік бақылау аймағының құқықтық режимі (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі (бұдан әрі – Кодекс) 404-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленген және уақытша кедендік бақылау аймақтарын құру, олардың жұмыс істеуін тоқтату, оларға қойылатын талаптар, сондай-ақ құқықтық режимін айқындайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 12.06.2023 № 640 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2-тарау. Кедендік бақылаудың уақытша аймағын құру тәртібі, құқықтық режимі, сондай-ақ оларға қойылатын талаптар

      2. Кедендік бақылаудың тұрақты аймақтарынан тыс жерлерде тауарлар мен көлік құралдарына қатысты кедендік бақылауды, жүк және өзге де операциялар жасауды жүзеге асыру мақсатында аумақтық органның лауазымды тұлғасының қызметтік жазбасы, оның ішінде еркін түрде жасалған мүдделі тұлғаның өтініші негізінде облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана бойынша аумақтық мемлекеттік кірістер органдарының (бұдан әрі – аумақтық орган) басшылары немесе оның орынбасарлары уақытша кедендік бақылау аймағын құру туралы шешім қабылдайды.

      Аумақтық орган өтінішті аумақтық органда тіркелген күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде қарайды.

      Уақытша кедендік бақылау аймағын құру мерзімін белгілеу 24 сағатты құрайды. Қызметтік жазбаның негізінде мерзім тағы 24 сағатқа дейін ұзартылуы мүмкін.

      Тауарларды теміржол көлігімен тасығанда жеткізетін бекетте кедендік бақылау аймағы болмаған жағдайда оны құру туралы шешім қабылданған күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні мерзімінен аспайтын уақытша кедендік бақылау аймағы құрылады.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Қаржы министрінің 30.11.2018 № 1045 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. Уақытша кедендік бақылау аймағын құру туралы қызметтік жазбада:

      1) құрудың негiзi мен мақсаты;

      2) құру мерзiмі;

      3) тауарлар мен көлік құралдарына қатысты уәкілеттігі бар және (немесе) кедендік қарап тексеру, кедендік тексеріп қарау жүзеге асырылатын үй-жайлар мен (немесе) ашық алаңдарға иелік ететін тұлға туралы мәліметтер;

      4) кедендік транзит кедендік рәімін аяқтау мақсатында темір жол көлігімен тасылатын жүкке қатысты уақытша кедендік аймағын құру үшін – тасымалдаушы және межелі бекеттің теміржол учаскесі туралы мәлімет;

      5) уақытша кедендік бақылау аймағының орналасқан жері;

      6) қолданылатын белгілеу құралдары көрсетіледі.

      4. Уақытша кедендік бақылау аймағы оның шектері басқа қозғалыс қатысушыларына кедергі келтірмейтіндей етіп белгіленеді.

      Уақытша бақылау аймақтарының шекаралары периметрі бойынша бірдей аралықтарда "кедендік бақылау аймағы" деген жазуы бар ені 50 миллиметрден кем емес ақшыл сары түсті созылмалы жолақпен, не бір бірінен 2 метрден аспайтын қашықтықтағы және 0,5 метрден кем емес, алайда қаралатын немесе тексерілетін көлік құралынан 4 метрден артық емес қашықтықтағы жол конустарымен шектеледі.

      5. Уақытша кедендік бақылау аймағын құру немесе бас тарту жағдайында аумақтық орган тиісті шешім қабылданған күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей жазбаша түрде өтініш берушіге хабарлайды.

      6. Уақытша кедендік бақылау аймағына рұқсат ету Кодекстің 404-бабы 8-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.

3-тарау. Уақытша кедендік бақылау аймағының жұмыс істеуін тоқтату

      7. Уақытша кедендік бақылау аймағы оны құруға үшін негіз болған іс- шаралары аяқталғаннан кейін немесе уақытша кедендік бақылау аймағын құру туралы аумақтық органның лауазымды тұлғасының қызметтік жазбасында, оның ішінде еркін түрде жасалған мүдделі тұлғаның өтінішінде көрсетілген қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін жұмыс істеуін тоқтатады.

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 23 ақпандағы
№ 280 бұйрығына 2-қосымша

Еркін қойма аумағының периметрін қоршауға және бейнебақылау жүйесімен жарақтандыруға қойылатын талаптарды қоса алғанда, уақытша сақтау қоймасы, кеден қоймасы, еркін қойма ретінде пайдалануға арналған немесе пайдаланылатын құрылысжайларды, үй-жайларды (үй-жайлардың бөліктерін) және (немесе) ашық алаңдарды орналастыруға (еркін қоймалардан басқа), жайластыруға және жабдықтауға қойылатын талаптар 1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Еркін қойма аумағының периметрін қоршауға және бейнебақылау жүйесімен жарақтандыруға қойылатын талаптарды қоса алғанда, уақытша сақтау қоймасы, кеден қоймасы, еркін қойма ретінде пайдалануға арналған немесе пайдаланылатын құрылысжайларды, үй-жайларды (үй-жайлардың бөліктерін) және (немесе) ашық алаңдарды орналастыруға (еркін қоймалардан басқа), жайластыруға және жабдықтауға қойылатын талаптар (бұдан әрі – Талаптар) "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 502-бабының 4-тармағына, 509-бабының 5-тармағына, 516-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленген және еркін қойма аумағының периметрін қоршауға және бейнебақылау жүйесімен жарақтандыруға қойылатын талаптарды қоса алғанда, уақытша сақтау қоймасы, кеден қоймасы, еркін қойма ретінде пайдалануға арналған немесе пайдаланылатын құрылысжайларды, үй-жайларды (үй-жайлардың бөліктерін) және (немесе) ашық алаңдарды орналастыруға (еркін қоймалардан басқа), жайластыруға және жабдықтауға қойылатын талаптарды айқындайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 12.06.2023 № 640 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2-тарау. Еркін қойма аумағының периметрін қоршауға және бейнебақылау жүйесімен жарақтандыруға қойылатын талаптарды қоса алғанда, уақытша сақтау қоймасы, кеден қоймасы, еркін қойма ретінде пайдалануға арналған немесе пайдаланылатын құрылысжайларды, үй-жайларды (үй-жайлардың бөліктерін) және (немесе) ашық алаңдарды орналастыруға (еркін қоймалардан басқа), жайластыруға және жабдықтауға қойылатын талаптар

      2. Уақытша сақтау қоймасы, кеден қоймасы, еркін қойма ретінде пайдалануға арналған немесе пайдаланылатын құрылысжайларды, үй-жайлар (үй-жайлардың бөліктерін) және (немесе) ашық алаңдар (бұдан әрі - Қоймалар):

      тауарлардың сақталуын және тауарларға қатысты өкілеттіліктері жоқ Қойма қызметкерлері болып табылмайтын не осындай өкілеттіктері бар тұлғалардың өкілі болып табылмайтын оларға бөгде тұлғалардың рұқсатының болмауын;

      осы тауарларға қатысты кедендік бақылау жүргізу мүмкіндігін қамтамасыз етуге орналастырылады, жайластырылады және жабдықталады.

      3. Қойма ретінде пайдалануға арналған құрылысжайлар, үй-жайлар және (немесе) ашық алаңдар кедендік бақылауда тұрған көлік құралдарын және тауарларды тұраққа қою үшін жабдықталған қатты төсемі бар (асфальт, бетон не өзге де қатты төсем) қорғалатын аумақ болып табылады.

      Қатты төсемі болуы керек деген талаптар еркін қоймалардың аумағына таратылмайды.

      4. Қоймалардың орналасқан жеріне (еркін қоймалардан басқа), жайластырылуына және жабдықталуына мынадай талаптар қойылады:

      1) көлік түріне байланысты техникалық жарамды кіреберіс жолдарының болуы;

      2) орналастырылатын жүктердің сипатына сай келетін қажетті тиеу-түсіру механизмдерінің болуы не тиеу-түсіру механизмдерін пайдаланумен байланысты қызметтерді ұсынатын тұлғамен шарттың болуы;

      3) қоймалардың барлық периметрлері бойынша үздіксіз қоршаудың болуы;

      4) бақылау-өткізу пункттерінің болуы;

      5) бақылау камералары тәулік бойы жазатын функциясы бар және күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде болған оқиғалар туралы жазба деректерді көруге мүмкіндік беретін бейнебақылау құралдарымен периметрді жарақтандырылуы (алаңы 10 (он) мың шаршы метрден асатын еркін қоймалардан басқа);

      6) қойылатын тауар және көлік құралдардің түрлеріне сәйкес сертификатталған салмақ өлшеуіш құралдарының болуы, ал газды арнайы сақтау орындарға қойған кезде – сәйкестендірілген есепке алу приборлары;

      7) Қоймада тұрған тауарлар туралы есептілікте қамтылған мәліметтерді облыстар, республикалық маңызы бар қалалары және астана бойынша аумақтық мемлекеттік кірістер органдарына электрондық түрде беру және Қоймадағы тауарларды шығару туралы мәліметтерді аумақтық органдардан электрондық түрде алу мүмкіндігін қамтамасыз ету.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 12.06.2023 № 640 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 23 ақпандағы
№ 280 бұйрығына 3-қосымша

Бажсыз сауда дүкендерін орналастыруға, жайластыруға және жабдықтауға, оның ішінде бейнебақылау жүйесімен жарақтандыруға қойылатын талаптар, оның құрылу мен жұмыс істеу қағидалары 1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Бажсыз сауда дүкендерін орналастыруға, жайластыруға және жабдықтауға, оның ішінде бейнебақылау жүйесімен жарақтандыруға қойылатын талаптар, оның құрылу мен жұмыс істеу қағидалары (бұдан әрі – Талаптар) "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 523-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленген және бажсыз сауда дүкендерін орналастыруға, жайластыруға және жабдықтауға, оның ішінде бейнебақылау жүйесімен жарақтандыруға қойылатын талаптар, оның құрылу мен жұмыс істеу тәртібін айқындайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 12.06.2023 № 640 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2-тарау. Бажсыз сауда дүкендерін орналастыруға, жайластыруға және жабдықтауға, оның ішінде бейнебақылау жүйесімен жарақтандыруға қойылатын талаптар

      2. Бажсыз сауда дүкендері (бұдан әрі – БСД) мемлекеттік шекара арқылы өткізу пунктінде оның ішінде порттарда, әуежайларда, вокзалдарда басымдылықпен орналасады және мынадай үй-жайларды:

      1) сауда залын (сауда залдарын);

      2) қосалқы үй-жайларды (олар болған кезде);

      3) БСД қоймаларыды қамтиды.

      Бұл ретте, көрсетілген үй-жайлардың әрқайсысының дүкеннің қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

      2-1. Әуе кемесінің бортында шетелдік тауарларды сатуға арналған және мақұлданған кеңсе, БСД сату бөлмесі ретінде (олар болған жағдайда) қызметтік бөліктерін немесе БСД кеңсе қоймаларын пайдаланады.

      Ескерту. 2-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 20.11.2019 № 1278 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. Сауда залы (сауда залдары) тауарларға кедендік декларациялау жүргізу үшін айқындалған орыннан тысқары орналасады.

      4. Қосалқы үй-жайлар және БСД қоймалары кедендік бақылаудан басқа тауарларды алып қою мүмкіндігін болдырмауды, сақалтуын қамтамасыз етуі және оған бөгде тұлғалардың қол жеткізу мүмкіндігінің болмауы қажет.

      5. БСД бейнежазба аппаратымен жарақтандырылады, бұл ретте бақылау камераларында тәулік бойы режимде жазатын функциясы бар және күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде болған оқиғалар туралы бейне ақпараттарды көруге мүмкіндік береді.

3-тарау. Бажсыз сауда дүкенін құру және жұмыс істеу тәртібі

      6. БСД оның иесін БСД иелерінің тізіліміне енгізген күннен кейінгі күннен бастап құрылған болып саналады.

      БСД иелерінің тізіліміне енгізу тәртібі Кодекстің 523, 524 және 525-баптарына сәйкес жүзеге асырылады.

      7. Кедендік бақылау аймағы БСД аумағы (сауда залы, қосалқы үй-жайлар және қоймалар) болып табылады.

      8. БСД қызметін тоқтатқан кезде бажсыз сауда кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар шетел тауарларына қолданылатын кедендік рәсіммен орналастыруға, ал Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлары – экспорттың кедендік рәсімімен орналастыруға немесе облыстар, республикалық маңызы бар қалалары және астана бойынша аумақтық мемлекеттік кірістер органы (бұдан әрі – аумақтық орган) басшысының не оны алмастыратын адамның не аумақтық органның басшысы орынбасарының тиісті бұйрығы қабылданған күннен бастап күнтізбелік алпыс күннің ішінде БСД-нен Еуразиялық экономикалық одақтың аумағына әкетілуге жатады.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 30.11.2018 № 1045 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9. БСД Кодекстің 527-бабына сәйкес БСД иелерінің тізілімінен шығарылады.

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 23 ақпандағы
  № 280 бұйрығына 4-қосымша

Бажсыз сауда дүкендерінде тауарларды өткізу қағидалары 1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Бажсыз сауда дүкендерінде тауарларды өткізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 523-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленген және бажсыз сауда дүкендерінде тауарларды өткізу тәртібін айқындайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 12.06.2023 № 640 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2-тарау. Бажсыз сауда дүкендерінде тауарларды өткізу тәртібі

      2. Бажсыз сауда дүкендерінде (бұдан әрі – БСД) бажсыз сауда кедендік рәсімімен тауарларды орналастыру және оларды осындай кедендік рәсімге сәйкес пайдалану шарттары сақталған кезде шетелдік тауарларға қатысты кедендік әкелу баждары, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждары төленбей тауарлар бөлшек саудада өткізіледі.

      3. Еуразиялық экономикалық одақтың кеден аумағынан кететін (келетін) жеке тұлғаларға, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше бір мемлекеттен Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекетке кететін жеке тұлғаларға және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттен Еуразиялық экономикалық одаққа мүше бір мемлекетке келетін жеке тұлғаларға тауарларды өткізу Кодекстің 324-бабы 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларына, сондай-ақ 3, 4, 5, 7-тармақтарына сәйкес жүзеге асырады.

      Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында орналасқан дипломатиялық өкілдіктерге, консулдық мекемелерге, мемлекеттердің халықаралық ұйымдар жанындағы өкілдіктеріне, халықаралық ұйымдарға немесе олардың өкілдіктеріне, сондай-ақ дипломатиялық өкілдіктің дипломатиялық персоналының мүшелеріне, консулдық лауазымды адамдарға және олармен бірге тұратын олардың отбасы мүшелеріне, мемлекеттердің халықаралық ұйымдар жанындағы өкілдіктерінің, халықаралық ұйымдардың немесе олардың өкілдіктерінің персоналына (жұмыскерлеріне, лауазымды адамдарына) өткізу Кодекстің 324-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына, 6-тармағына, екінші және үшінші бөлімдеріне сәйкес жүзеге асырады.

      3-1. Бажсыз сауда кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарларды керек-жарақтар ретінде өткізу БСД иесінің тауарларға декларация беруі арқылы жүзеге асырылады.

      Әуе кемесінің бортында сатылмаған шетелдік тауар қайтарылған жағдайда БСД иесі осы тауарды Кодекстің 35-тарауында белгіленген тәртіппен бажсыз сауда кедендік рәсімімен орналастыруға міндетті.

      Бұл ретте, шетелдік тауарды бажсыз сауда кедендік рәсімімен орналастырғанға дейін көрсетілген тауар өз тауарларын сақтау қоймасы ретінде пайдаланылатын БСД-ді орналастыру бөлігінде орналастырылады.

      Ескерту. 3-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 20.11.2019 № 1278 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. БСД-гі тауарлар "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінің (Салық кодексі) (бұдан әрі – Салық кодексі) 166-бабының 1-тармағына сәйкес міндетті түрде бақылау-касса машиналарын қолдана отырып, сондай-ақ Салық кодексінің 412, 413-баптарына сәйкес шот-фактураны жазып беру және оны тауарларды сатып алушыға беру бойынша талаптарды сақтай отырып өткізіледі.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 12.06.2023 № 640 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. Тауарларды қосалқы үй-жайлардан және БСД қоймасынан, сондай-ақ алдын-ала тапсырыс бойынша үйге жеткізумен, бөліп төлеммен сатуға жол берілмейді.

      6. Тауарлар БСД қоймасында облыстар, республикалық маңызы бар қалалары және астана бойынша аумақтық мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды тұлғаларының қатысуымен немесе келісімімен орналастырылады.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 30.11.2018 № 1045 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7. Тауарларды сақтау және өткізу үшін бажсыз сауда рәсімімен мәлімделмеген сауда залдарын, қосалқы үй-жайларды және БСД қоймасын пайдалануға жол берілмейді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады