"Ауыл, су, орман шаруашылықтары және жануарлар дүниесі саласындағы азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізілімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 8-2/1132 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 7 ақпандағы № 65 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 15 наурызда № 16608 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Ауыл, су, орман шаруашылықтары және жануарлар дүниесі саласындағы азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізілімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 8-2/1132 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13096 болып тіркелген, 2016 жылғы 2 наурызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ауыл, су, орман шаруашылықтары және жануарлар дүниесі саласындағы азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізілімі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесінің ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;

      4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      5) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрінің орынбасары –
      Қазақстан Республикасының
      Ауыл шаруашылығы министрі Ө. Шөкеев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Еңбек және халықты

      әлеуметтік қорғау министрі

      ______________М. Әбілқасымова

      2018 жылғы 28 ақпан

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары -
Қазақстан Республикасы Ауыл
шаруашылығы министрінің
2018 жылғы 7 ақпандағы
№ 65 бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы
№ 8-2/1132 бұйрығымен бекітілген

Ауыл, су, орман шаруашылықтары және жануарлар дүниесі саласындағы азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізілімі

Буын

Саты

Лауазымдар атауы

"А" блогы (басқару персоналы)

А1

1

Мыналардың:
Республикалық фитосанитариялық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығының;
Республикалық эпизоотикаға қарсы отрядтың;
Ауыл шаруашылығы дақылдарын сорттық сынау жөніндегі республикалық мемлекеттік комиссияның;
Республикалық агрохимия қызметінің ғылыми-әдістемелік орталығының;
Республикалық өсімдіктер карантині орталығының;
Қазақ мемлекеттік республикалық орман тұқымы мекемесінің;
Сандықтау оқу-өндірістік орман шаруашылығының; Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығының;
Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығының;
Наурызым мемлекеттік табиғи қорығының;
Алакөл мемлекеттік табиғи қорығының;
"Көкшетау" мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің;
Іле Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің; "Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің; "Ақжайық" мемлекеттік табиғи резерватының;
Ақсу-Жабағылы мемлекеттік табиғи қорығының;
"Семей орманы" мемлекеттік орман табиғи резерватының;
"Бұйратау" мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің;
Қазақ орман орналастыру кәсіпорнының;
"Охотзоопром" өндірістік бірлестігінің;
Қазақ ормандарды авиациялық қорғау және орман шаруашылығына қызмет көрсету базасының; Республикалық орман селекциялық орталығының (бұдан әрі - республикалық маңызы бар ММ, РММ және РМҚК) басшысы

1-1

Республикалық маңызы бар ММ, РММ және РМҚК басшысының орынбасары

2

Мыналардың:
"Қазагромелиосушар" республикалық әдістемелік орталығының;
Аймақтық гидрогеологиялық-мелиоративтік орталығының;
Қызылорда гидрогеологиялық-мелиоративтік экспедициясының;
Оңтүстік Қазақстан гидрогеологиялық-мелиоративтік экспедициясының;
Ауыл шаруашылығы дақылдарының сорттарын сынау жөніндегі Ақмола облыстық инспектурасының;
Ауыл шаруашылығы дақылдарының сорттарын сынау жөніндегі Ақтөбе облыстық инспектурасының;
Ауыл шаруашылығы дақылдарының сорттарын сынау жөніндегі Оңтүстік Шығыс өңірлік инспектурасының;
Ауыл шаруашылығы дақылдарының сорттарын сынау жөніндегі Шығыс Қазақстан облыстық инспектурасының;
Ауыл шаруашылығы дақылдарының сорттарын сынау жөніндегі Жетісу өңірлік инспектурасының;
Ауыл шаруашылығы дақылдарының сорттарын сынау жөніндегі Жамбыл облыстық инспектурасының;
Ауыл шаруашылығы дақылдарының сорттарын сынау жөніндегі Батыс Қазақстан облыстық инспектурасының; Ауыл шаруашылығы дақылдарының сорттарын сынау жөніндегі Қарағанды облыстық инспектурасының;
Ауыл шаруашылығы дақылдарының сорттарын сынау жөніндегі Қызылорда облыстық инспектурасының;
Ауыл шаруашылығы дақылдарының сорттарын сынау жөніндегі Қостанай облыстық инспектурасының;
Ауыл шаруашылығы дақылдарының сорттарын сынау жөніндегі Павлодар облыстық инспектурасының;
Ауыл шаруашылығы дақылдарының сорттарын сынау жөніндегі Солтүстік Қазақстан облыстық инспектурасының;
Ауыл шаруашылығы дақылдарының сорттарын сынау жөніндегі Оңтүстік Қазақстан облыстық инспектурасының;
Ауыл шаруашылығы дақылдарының сорттарын сынау жөніндегі Алматы облыстық инспектурасының;
Ауыл шаруашылығы дақылдарының сорттарын сынау жөніндегі Тың өңірлік инспектурасының;
Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығының;
Алматы мемлекеттік табиғи қорығының;
Үстірт мемлекеттік табиғи қорығының;
Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің;
Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің;
Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің;
"Көлсай көлдері" мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің; "Ертіс орманы" мемлекеттік орман табиғи резерватының;
Жоңғар Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің; "Алтын Дала" мемлекеттік табиғи резерватының;
Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығының;
Қаратау мемлекеттік табиғи қорығының;
"Алтын Емел" мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің; Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің;
Ырғыз-Торғай мемлекеттік табиғи резерватының; Қамыстыбас балық питомнигінің;
Атырау бекіре балық өсіру зауытының;
Жайық-Атырау бекіре балық өсіру зауытының (бұдан әрі - облыстық маңызы бар РММ және РМҚК) басшысы.
Облыстық маңызы бар орман шаруашылығы мекемесінің (бұдан әрі - КМК, МКҚК) басшысы

2-1

Облыстық маңызы бар РММ және РМҚК, КМК, МКҚК басшысының орынбасары

3

Аудандық маңызы бар ММ, МКК, МҚК ветеринариялық станция басшысы

3-1

Аудандық маңызы бар ММ, МКК, ҚМК басшысының орынбасары

А2

1

Республикалық маңызы бар ММ, РММ және РМҚК бас бухгалтері

1-1

Республикалық маңызы бар ММ, РММ және РМҚК бас бухгалтерінің орынбасары

Республикалық маңызы бар ММ, РММ және РМҚК филиалы, ауыл шаруашылығы дақылдарының сорттарын сынау инспектурасының басшысы, орман орналастыру өндірісінің бастығы

2

Республикалық маңызы бар ММ, РММ және РМҚК филиалы, ауыл шаруашылығы дақылдарының сорттарын сынау инспектурасы басшысының орынбасары, орман орналастыру өндірісі бастығының орынбасары

Облыстық маңызы бар РММ және РМҚК, КМК, МКҚК бас бухгалтері

2-1

Облыстық маңызы бар РММ және РМҚК, КМК, МКҚК бас бухгалтерінің орынбасары

3

Аудандық маңызы бар ММ, КММ, МКҚК, МКК, ҚМК бас бухгалтері

3-1

Аудандық маңызы бар ММ, КММ, МКҚК, МКК, ҚМК бас бухгалтерінің орынбасары

А3

1

Құрылымдық бөлімшенің (бөлімнің), республикалық маңызы бар ММ, РММ және РМҚК карантиндік зертханасының, "Республикалық агрохимия қызметінің ғылыми-әдістемелік орталығы" РММ зертханасының басшысы

"Қазақ ормандарды авиациялық қорғау және орман шаруашылығына қызмет көрсету базасы" РМҚК авиациялық звено командирі, өндірістік-ұшу қызметінің басшысы, республикалық маңызы бар "Қазақ орман орналастыру кәсіпорыны" РМҚК орман орналастыру партиясының басшысы

1-1

Республикалық маңызы бар бас: агроном, өсімдіктерді қорғау жөніндегі агроном, агрохимик, ветеринариялық дәрігер, вирусолог, зоотехник, герболог, мелиоратор, фитопатолог, энтомолог, бактериолог, негізгі қызметтердің инспекторы, негізгі қызметтердің инженері, аңшылықтанушы, экономист, балық өсіруші, механик, гидрогеолог, гидротехник, гельминтолог, диспетчер, республикалық маңызы бар орман қорғау және күзету инженері (табиғи кешендерді қорғау және күзету инженері), ормандарды қалпына келтіру инженері (ормандарды молықтыру және орман өсіру инженері) картограф.
Республикалық маңызы бар орман питомнигінің басшысы, орманшылық басшысы (орман күтуші)

2

Облыстық маңызы бар РММ және РМҚК, КММ, құрылымдық бөлімшесінің (бөлімінің) басшысы
Республикалық маңызы бар орманшылық басшысының орынбасары

"Атырау бекіре балық өсіру зауыты" РМҚК және "Жайық- Атырау бекіре балық өсіру зауыты" РМҚК теплоход капитаны

Облыстық маңызы бар РММ және РМҚК, КММ филиалының басшысы

2-1

Облыстық маңызы бар РММ және РМҚК, КММ, филиалы басшысының орынбасары

Облыстық маңызы бар бас: агроном, өсімдіктерді қорғау жөніндегі агроном, агрохимик, ветеринариялық дәрігер, вирусолог, зоотехник, герболог, мелиоратор, фитопатолог, энтомолог, бактериолог, негізгі қызметтердің инспекторы, негізгі қызметтердің инженері, аңшылықтанушы, экономист, балық өсіруші, механик, гидрогеолог, гидротехник, гельминтолог, диспетчер, орман қорғау және күзету инженері (табиғи кешендерді қорғау және күзету инженері), ормандарды қалпына келтіру инженері (ормандарды молықтыру және орман өсіру инженері).
Облыстық маңызы бар КММ, МКҚК орман тұқымбағының басшысы, орманшылық басшысы (орман күтуші).
Республикалық маңызы бар РММ және РМҚК орман өрт сөндіру станциясының басшысы.


3

Аудандық маңызы бар ММ, МКК және МКҚК, МКК ҚМК құрылымдық бөлімшесінің басшысы, облыстық маңызы бар орманшылық басшының
орынбасары
Облыстық маңызы бар орман өрт сөндіру станциясының басшысы

"В" блогы (негізгі персонал)

В1

1

Бас ғылыми қызметкер

2

Жетекші ғылыми қызметкер

3

Аға ғылыми қызметкер

4

Ғылыми қызметкер

5

Кіші ғылыми қызметкер

В2 

1

ММ, РММ және РМҚК, КММ жоғары санаттағы біліктілік деңгейі жоғары мамандары: эколог, экскурсия жүргізуші, ерекше қорғалатын табиғи аумақ инспекторы, орманшы (инспектор), аңшылықтанушы, биолог, ихтиолог, орнитолог, орман (учаске) шебері, авиациялық өрт сөндіру командасының (тобының) нұсқаушысы, бақылаушы-ұшқыш, картограф, орман шаруашылығы мен ЕҚТА негізгі қызметтердің барлық мамандықтарының инженерлері.

2

ММ, РММ және РМҚК, КММ бірінші санаттағы біліктілік деңгейі жоғары мамандары: агроном, өсімдіктерді қорғау жөніндегі агроном, тұқым шаруашылығы жөніндегі агроном, агрохимик, ветеринариялық дәрігер, зертхананың ветеринариялық дәрігері, зоотехник, герболог, мелиорация жөніндегі инженер, фитопатолог, энтомолог, бактериолог, вирусолог, топырақтанушы, гельминтолог, еңбекті көп қажетсінетін процестерді механикаландыру жөніндегі инженер, жанар-жағармай материалдары жөніндегі инженер, машиналық-тракторлық паркті пайдалану жөніндегі инженер, жерге орналастыру жөніндегі инженер, агроорманмелиораторы, эколог, экскурсия жүргізуші, ерекше қорғалатын табиғи аумақ инспекторы, орманшы (инспектор), аңшылықтанушы, биолог, ихтиолог, орнитолог, орман (учаске) шебері, авиациялық өрт сөндіру командасының (тобының) нұсқаушысы, бақылаушы-ұшқыш, картограф, орман шаруашылығы мен ЕҚТА негізгі қызметтердің барлық мамандықтарының инженерлері.

3

ММ, РММ және РМҚК, КММ екінші санаттағы біліктілік деңгейі жоғары мамандары: агроном, өсімдіктерді қорғау жөніндегі агроном, тұқым шаруашылығы жөніндегі агроном, агрохимик, ветеринариялық дәрігер, зертхананың ветеринариялық дәрігері, зоотехник, герболог, мелиорация жөніндегі инженер, фитопатолог, энтомолог, бактериолог, вирусолог, топырақтанушы, гельминтолог, еңбекті көп қажетсінетін процестерді механикаландыру жөніндегі инженер, жанар-жағармай материалдары жөніндегі инженер, машиналық-тракторлық паркті пайдалану жөніндегі инженер, жерге орналастыру жөніндегі инженер, агроорманмелиораторы, эколог, экскурсия жүргізуші, ерекше қорғалатын табиғи аумақ инспекторы, орманшы (инспектор), аңшылықтанушы, биолог, ихтиолог, орнитолог, орман (учаске) шебері, авиациялық өрт сөндіру командасының (тобының) нұсқаушысы, бақылаушы-ұшқыш, картограф, орман шаруашылығы мен ЕҚТА негізгі қызметтердің барлық мамандықтарының инженерлері.

4

ММ, РММ, РМҚК, КММ, МКҚК, МКК, ҚМК-ның санатсыз біліктілік деңгейі жоғары мамандары: агроном, өсімдіктерді қорғау жөніндегі агроном, тұқым шаруашылығы жөніндегі агроном, агрохимик, ветеринариялық дәрігер, зертхананың ветеринариялық дәрігері, зоотехник, герболог, мелиорация жөніндегі инженер, фитопатолог, энтомолог, бактериолог, вирусолог, топырақтанушы, гельминтолог, еңбекті көп қажетсінетін процестерді механикаландыру жөніндегі инженер, жанар-жағармай материалдары жөніндегі инженер, машиналық - тракторлық паркті пайдалану жөніндегі инженер, жерге орналастыру жөніндегі инженер, инженер-гидротехник, агроорманмелиораторы, гидрогеолог, химик, химик-талдамашы, биохимик, эколог, ерекше қорғалатын табиғи аумақ инспекторы, орманшы (инспектор), орман (учаске) инженері, парашюттік және десанттық өрт сөндіру қызметінің (тобының) нұсқаушысы, авиациялық өрт сөндіру командасының (тобының) нұсқаушысы, балық өсіруші, зертханашы, аңшылықтанушы, ұшқыш-бақылаушы, экскурсия жүргізуші, ұшу-өндірістік қызмет инспекторы, биолог, ихтиолог, орнитолог, картограф, орман шаруашылығы мен ЕҚТА негізгі қызметтердің барлық мамандықтарының инженерлері.

В3

1

ММ, РММ және РМҚК, КММ жоғары санаттағы біліктілік деңгейі орташа мамандары: эколог, экскурсия жүргізуші, ерекше қорғалатын табиғи аумақ инспекторы, орманшы (инспектор), аңшылықтанушы, биолог, ихтиолог, орнитолог, орман (учаске) шебері, авиациялық өрт сөндіру командасының (тобының) нұсқаушысы, бақылаушы-ұшқыш, техник-таксатор (негізгі қызметтердің), орман шаруашылығы мен ЕҚТА негізгі қызметтердің барлық мамандықтарының инженерлері.

2

ММ, РММ және РМҚК, КММ, МКҚК және МКК бірінші санаттағы біліктілік деңгейі орташа мамандары: ветеринариялық фельдшер, жануарларды қолдан ұрықтандыру жөніндегі техник, асыл тұқымды іс жөніндегі техник, эколог, экскурсия жүргізуші, ерекше қорғалатын табиғи аумақ инспекторы, орманшы (инспектор), аңшылықтанушы, биолог, ихтиолог, орман (учаске) шебері, авиациялық өрт сөндіру командасының (тобының) нұсқаушысы, ұшқыш-бақылаушы, таксатор-техник (негізгі қызметтердің), орман шаруашылығы мен ЕҚТА негізгі қызметтердің барлық мамандықтарының инженерлері.

3

ММ, РММ және РМҚК, КММ, МКҚК және МКК екінші санаттағы біліктілік деңгейі орташа мамандары: агроном, өсімдіктерді қорғау жөніндегі агроном, тұқым шаруашылығы жөніндегі агроном, агрохимик, зоотехник, ветеринариялық жөніндегі фельдшер, жануарларды қолдан ұрықтандыру жөніндегі техник, асыл тұқымды іс жөніндегі техник, эколог, экскурсия жүргізуші, ерекше қорғалатын табиғи аумақ инспекторы, орманшы (инспектор), аңшылықтанушы, биолог, ихтиолог, орнитолог, орман (учаске) шебері, авиациялық өрт сөндіру командасының (тобының) нұсқаушысы, ұшқыш-бақылаушы, таксатор-техник (негізгі қызметтердің), орман шаруашылығы мен ЕҚТА негізгі қызметтердің барлық мамандықтарының инженерлері.

4

ММ, РММ, РМҚК, КММ, МКҚК, МКК, ҚМК-ның санатсыз біліктілік деңгейі орташа мамандары: агроном, өсімдіктерді қорғау жөніндегі агроном, тұқым шаруашылығы жөніндегі агроном, агрохимик, зоотехник, аңшылықтанушы, мелиорация жөніндегі инженер, химик, химик-талдаушы, биохимик, ветеринариялық фельдшер, жануарларды қолдан ұрықтандыру жөніндегі техник, асыл тұқымды іс жөніндегі техник, эколог, орман (учаске) шебері, зертханашы, экскурсия жүргізуші, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар инспекторы, инженер-гидротехник, гидротехник, балық өсіруші, орманшы (инспектор), биолог, ихтиолог, орнитолог, авиациялық өрт сөндіру командасының (тобының) нұсқаушысы, ұшқыш-бақылаушы, таксатор-техник (негізгі қызметтердің), орман шаруашылығы мен ЕҚТА негізгі қызметтердің барлық мамандықтарының инженерлері.

"С" блогы (әкімшілік персонал)

С1


Басшы (Меңгеруші): механикалық-жөндеу шеберханасы, мұражай, цех

С2


Біліктілік деңгейі жоғары мамандар: бухгалтер, зертханашы, кадрлар инспекторы, шебер, менеджер, механик, аудармашы, референт, экономист, заң консультанты, бағдарламашы, кітапханашы, жұмыс жүргізуші (прораб), технолог, қоғаммен байланыс жөніндегі маман, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы жөніндегі инженер, инженер-бағдарламашы (бағдарламашы), жабдықтау жөніндегі инженер, ғимараттар мен құрылыстар жөніндегі инженер

С3


Мемлекеттік мекеменің әкімшілік-шаруашылық қызметін көрсетумен айналысатын құрылымдық бөлімшенің: виварий, кеңсе, қойма, шаруашылық, қазандық, учаске, мұрағат басшысы

Біліктілік деңгейі орташа мамандар: кітапханашы, бухгалтер, зертханашы, нұсқаушы, кадр жөніндегі инспектор, шебер, менеджер, механик, аудармашы, референт, жұмыс жүргізуші (прораб), экономист, заң консультанты, барлық атаулар техниктері, бағдарламашы, энергетик, технолог, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы жөніндегі инженер, инженер-бағдарламашы (бағдарламашы), жабдықтау жөніндегі инженер, ғимараттар мен құрылыстар жөніндегі инженер

"D" блогы (қосымша персонал)

D


ММ, РММ, РМҚК, КММ, МКҚК, МКК, ҚМК-ның техникалық орындаушылары: мұрағатшы, ассистент, рұқсатнама бюросының кезекшісі, іс жүргізуші, кассир, коммендант, шетел мәтінімен, диктофондық топпен, редакциямен, бюромен жұмыс істейтін машинка басушы, стенографист; тоңазытқыш жабдықтар, көшіру-көбейту машиналары, байланыс жүйелері, компьютерлік техника (бағдарламалар), электронды-есептеу машиналары, компьютер құрылғыларына қызмет көрсету операторлары, күзетші, хатшы, табелші, наряд жазушы, экспедитор, диспетчер

      Аббревиатуралардың толық жазылуы:

      ММ - мемлекеттік мекеме;

      РММ - республикалық мемлекеттік мекеме;

      РМҚК - республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын;

      КММ - коммуналдық мемлекеттік мекеме;

      МКҚК - мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын;

      МКК - мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын;

      ҚМК - қазыналық мемлекеттік кәсіпорын.

      ЕҚТА – ерекше қорғалатын табиғи аумақ

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады