"Жалпы білім беру ұйымдарының (бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру) түрлері бойынша қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 17 қыркүйектегі № 375 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 12 наурызда № 91 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 27 наурызда № 16648 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Жалпы білім беру ұйымдарының (бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру) түрлері бойынша қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 17 қыркүйектегі № 375 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2013 жылғы 18 қазанда № 8827 болып тіркелген, 2014 жылғы 8 наурыздағы № 47 (28271) "Егемен Қазақстан" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетiлген бұйрықпен бекітілген Білім беру деңгейлері бойынша білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларында:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Мектептердің негізгі міндеттері:

      1) құзыретті жеке тұлғаны қалыптастыруға және дамытуға бағытталған білім беру бағдарламаларын меңгеру арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту үшін жағдайлар жасау;

      2) білім алушылардың тиісті мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында көзделген базистік ғылым негіздерін алуын қамтамасыз ету;

      3) жеке тұлғаның шығармашылық, рухани және дене бітімі мүмкiндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру;

      4) азаматтық пен патриотизмге, өз Отаны – Қазақстан Республикасына деген сүйіспеншілікке, мемлекеттiк рәміздерді және мемлекеттік тілді құрметтеуге, халық дәстүрлерін қадірлеуге, Конституцияға қайшы және қоғамға қарсы кез келген көріністерге төзбеушілікке тәрбиелеу;

      5) белсенді азаматтық ұстанымы бар жеке тұлғаны тәрбиелеу, республиканың қоғамдық-саяси, экономикалық және мәдени өміріне араласу қажеттілігін, жеке тұлғаның өз құқықтары мен міндеттеріне саналы көзқарасын қалыптастыру;

      6) отандық және әлемдік мәдениет жетістіктеріне баулу, қазақ халқы мен Қазақстан Республикасында тұратын басқа да ұлттардың тарихын, әдет-ғұрпы мен дәстүрлерін зерделеу;

      7) барлық оқушылардың ерекше білім беруге қажеттіліктерін және жеке мүмкіндіктерін ескере отырып, білім алуға тең қолжетімділікті қамтамасыз етуге жағдайлар жасау.";

      16 және 17-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. Жалпы білім беру ұйымдарының барлық түрінде оқушылар үшін сабақтар арасындағы үзілістің ұзақтығы кемінде бес минут, үлкен үзіліс (екінші немесе үшінші сабақтан кейін) отыз минутты құрайды.

      Бір үлкен үзілістің орнына екінші және төртінші сабақтан кейін әрқайсысы он бес минуттан екі үзіліс жасауға жол беріледі.

      17. Жалпы білім беру ұйымдарында сабақтың ұзақтығы қырық минуттан аспайды. Бірінші сыныптарда оқу жүктемесін бірте-бірте арттыра отырып, оқу сабақтарының "сатылы" режимін қолданылады. Қыркүйекте үш сабақ отыз бес минуттан, қазаннан бастап қырық минуттан жоспарланады. Сабақтарда дене шынықтыру минуттарын және көзге арналған жаттығулар өткізіледі. Бірінші сынып оқушылары үшін жыл бойы қосымша бір апталық каникул көзделеді. Бастауыш мектепте қосарланған сабақтарды өткізуге жол берілмейді.";

      мынадай мазмұндағы 24-1-тармағымен толықтырылсын:

      "24-1. Ерекше білім беруге қажеттіліктері бар, сонымен қатар үйде оқитын балаларға қажеттіліктерге сәйкес "Қазақстан Республикасындағы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8170 болып тіркелген) бекітілген үлгілік оқу жоспарлары негізінде жеке оқу жоспарлары мен "Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, таңдау курстарының және факультативтердің үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8424 болып тіркелген) бекітілген үлгілік оқу бағдарламаларының негізінде жеке оқу бағдарламалары әзірленеді.";

      29-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "29. Мектеп өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңнамасын, осы Қағидаларды және мектептің жарғысын басшылыққа алады.

      Мектепті тікелей басқаруды конкурстық негізде тағайындалған директор жүзеге асырады.";

      көрсетiлген бұйрықпен бекітілген Оқытуды ұйымдастыру жағдайы бойынша білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларында:

      "13. Жас ерекшеліктері бойынша оқыту әдістемесін қолдану кезінде қосып оқытуға жол беріледі.";

      32-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "32. Мектепте оқу жылы 1 қыркүйекте басталады, меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан 25 мамырда аяқталады.".

      көрсетiлген бұйрықпен бекітілген Интернаттық білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларында:

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Интернаттық білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесі Жалпы орта білімнің бастауыш, негізгі және жалпы орта білім беретін бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының үлгілік қағидаларына және осы Үлгілік қағидаға, ішкі тәртіптің жарғысы мен қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.";

      көрсетiлген бұйрықпен бекітілген Біріктірілген білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларында:

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Арнайы педагогикалық немесе кәсіптік білімі бар тұлғалар педагогикалық қызметпен шұғылдана алады.

      Білім беру ұйымдарына сотталғандығы бар немесе болған, қылмыстық қудалауда жүрген немесе қудалауда болған (Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің негізінде оларға қатысты қылмыстық қудалау тоқтатылған адамдарды қоспағанда) тұлғаларға педагогикалық қызмет етуге рұқсат берілмейді.";

      22 және 23-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "22. Жалпы білім беру ұйымдарының барлық түрінде оқушылар үшін сабақтар арасындағы үзілістің ұзақтығы кемінде бес минут, үлкен үзіліс (екінші немесе үшінші сабақтан кейін) отыз минутты құрайды. Бір үлкен үзілістің орнына екінші және төртінші сабақтан кейін әрқайсысы он бес минуттан екі үзіліс жасауға жол беріледі.";

      23. Жалпы білім беру ұйымдарында сабақтың ұзақтығы қырық минуттан аспайды.".

      Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім департаменті (Ш. Т. Каринова) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) ресми жарияланғаннан кейін осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі және халықаралық ынтымақтастық департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі А. Қ. Аймағамбетовке жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі
Е. Сағадиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады