Сумен жабдықтаудың және (немесе) суды бұрудың реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) немесе олардың шектi деңгейлерiн есептеудің кемсітпейтін әдістемесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 4 мамырдағы № 175 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 24 мамырда № 16921 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 22 мамырдағы № 42 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ұлттық экономика министрінің 22.05.2020 № 42 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

      "Табиғи монополиялар туралы" 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса берілген Сумен жабдықтаудың және (немесе) суды бұрудың реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) немесе олардың шектi деңгейлерін есептеудің кемсітпейтін әдістемесі бекітілсін.

      2. "Сумен жабдықтаудың және (немесе) суды бұрудың реттеліп көрсетілетін қызметтеріне сараланған тарифтерді есептеу әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2013 жылғы 1 қазандағы 297-НҚ бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8886 болып тіркелген, 2014 жылғы 22 сәуірдегі № 77 (28301) "Егемен Қазақстан" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмесін қағаз және электрондық түрде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
Т. Сүлейменов

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2018 жылғы 4 мамырдағы
№ 175 бұйрығымен
бекітілген

Сумен жабдықтаудың және (немесе) суды бұрудың реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) немесе олардың шектi деңгейлерiн есептеудің кемсітпейтін әдістемесі

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Сумен жабдықтаудың және (немесе) суды бұрудың реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) немесе олардың шекті деңгейлерін есептеудің кемсітпейтін әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) "Табиғи монополиялар туралы" 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 13-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2013 жылғы 25 сәуірдегі № 130-НҚ бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8480 болып тіркелген) бекітілген Табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтер (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) бекіту кезінде қолданылатын шығындарды қалыптастырудың ерекше тәртібіне (бұдан әрі – Ерекше тәртіп) сәйкес әзірленді және сумен жабдықтаудың және (немесе) суды бұрудың реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) немесе олардың шекті деңгейлерін есептеуді айқындайды.

      2. Әдістеменің қағидаттары мыналар:

      1) тұтынушыларды ауыз суды үнемдеп пайдалануға және ресурс үнемдеуші технологияларды пайдалануға ынталандыру;

      2) сумен жабдықтау және (немесе) суды бұру қызметтерін көрсетуге байланысты шығындарды өтеу болып табылады.

      3. Осы Әдістемеде мынадай ұғымдар қолданылады:

      су шаруашылығы ұйымдары – қызметі суларды реттеумен, жеткізумен, ұдайы молайтумен, сумен жабдықтаумен, су бұрумен және су объектілерін пайдаланумен байланысты заңды тұлғалар;

      сумен жабдықтау – суды тұтынушыларға сумен жабдықтау жүйелері арқылы суды алуды, сақтауды, дайындауды, беру мен таратуды қамтамасыз ететін іс-шаралардың жиынтығы;

      суды бұру – сарқынды суларды суды бұру жүйелері арқылы су объектілеріне және (немесе) жердің бедерлеріне алуды, тасымалдауды, тазалауды және бұруды қамтамасыз ететін іс-шаралардың жиынтығы;

      тарифтің (бағаның, алым мөлшерлемесінің) шығын бөлігі – тарифтi (бағаны, алым мөлшерлемесін) және тарифтiк сметаларды бекiту кезінде ескерілетін, өндірістік шығыстар мен кезең шығыстарынан тұратын табиғи монополия субъектісінің қызметтерді (жұмыстарды) көрсетуіне байланысты шығындарының жиынтығы.

      Осы Әдістемеде пайдаланылатын өзге ұғымдар мен терминдер Заңға және 2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Су кодексіне сәйкес қолданылады.

      4. Тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) қалыптастыру реттеліп көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) әрбір түрі бойынша кірістердің, шығындар мен қолданысқа енгізілген активтердің бөлек есебінің негізінде жүзеге асырылады.

      сумен жабдықтау және (немесе) суды бұру қызметтердің сараланған тарифтерін қалыптастыру кезінде шығындар Ерекше тәртіптің талаптары ескеріле отырып енгізіледі.

      сумен жабдықтау және суды бұру қызметтеріне арналған тарифтерді тұтынушылардың топтары бойынша саралау кезінде тұтынушылардың топтары үшін тарифтер:

      сумен жабдықтау және (немесе) су бұру қызметтерін көрсетуге байланысты шығындарды өтеу;

      тиісті өңір халқының төлем қабілеттілігінің деңгейі;

      инфляцияға әсері;

      сумен жабдықтауды және суды бұруды тұтыну құрылымдары;

      кәсіпкерлік субъектілерін дамытудың деңгейі.

2-тарау. Тұтынушылардың топтарын айқындау тәртібі

      5. Сараланған тарифтерді белгілеу мақсатында тұтынушылар мынадай топтарға бөлінеді:

      1-топ:

      жеке тұлғалар (халық);

      2-топ:

      ыстық сумен жабдықтау қызметтерін көрсету кезінде (ыстық сумен жабдықтау жүйесі анық болған кезде) үстемелеп толтыру көлемдерінің және жылу энергиясын өндіру процесінде өз мұқтажына суды тұтыну көлемдерінің шегінде жылу энергиясын өндірумен айналысатын кәсіпорындар;

      бекітілген нормативтік техникалық ысыраптар көлемдерінің шегінде жылу энергиясын берумен және таратумен айналысатын кәсіпорындар.

      3-топ:

      бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар;

      тұтынушылардың бірінші және екінші топтарына кірмейтін өзге де тұтынушылар.

3-тарау. Тұтынушылардың әрбір тобы үшін тарифтерді есептеу тәртібі

      6. Сумен жабдықтау және (немесе) суды бұру қызметтеріне тарифтерді уәкілетті органның ведомствосы және қажетті шығындар мен пайданың негізінде сумен жабдықтайтын және (немесе) суды бұратын әрбір ұйым үшін бөлек бекітеді.

      7. Бірінші топ үшін сумен жабдықтау және (немесе) суды бұру қызметтеріне тарифтердің деңгейі пайдалану шығындарының деңгейінде белгіленеді, олар мынадай шығыстарды қамтиды:

      1) материалдық шығындар, оның ішінде:

      шикізат пен материалдар;

      сатып алынатын су (суды өндіру);

      отын;

      энергия;

      жанар-жағармай материалдары;

      2) өндіріс персоналының еңбегіне ақы төлеу шығыстары, оның ішінде:

      өндіріс персоналының жалақысы;

      әлеуметтік салық;

      міндетті кәсіби зейнетақы жарналары;

      міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру;

      3) жөндеу, оның ішінде негізгі құралдар құнының ұлғаюына алып келмейтін ағымдағы және күрделі жөндеулер.

      8. Сумен жабдықтау және (немесе) суды бұру қызметтеріне тарифті есептеу үшін мына формула қолданылады:



      мұндағы:

      Р1 – тұтынушылардың бірінші тобына арналған бір текше метр (м3) үшін сумен жабдықтау және (немесе) суды бұру қызметтерінің тарифі, теңгемен;

      Z1 – шығындар осы әдістеменің 7-тармағына сәйкес;

      V – барлық тұтынушылардың сумен жабдықтау және (немесе) суды бұру қызметтерін тұтыну көлемі, текше метрмен (м3).

      9. Екінші топ үшін тарифтің деңгейі қарыз қаражаттары бойынша сыйақы төлеу шығыстары мен амортизациялық аударымдардан басқа барлық шығыстарды жабады (оның ішінде осы Әдістеменің 7-тармағында көрсетілген пайдалануға арналған шығындар):



      мұндағы:

      Р2 – тұтынушылардың екінші тобына арналған бір текше метр (м3) үшін сумен жабдықтау және (немесе) суды бұру қызметтерінің тарифі, теңгемен;

      Z шығын бөлігі – тарифтің шығын бөлігі (бағалар, алымдар мөлшерлемелер);

      Zсыйақы,амор – қарыз қаражаттары бойынша сыйақы төлеуге арналған шығыстар мен амортизациялық аударымдар, теңгемен;

      V – барлық тұтынушылардың сумен жабдықтау және (немесе) суды бұру қызметтерін тұтыну көлемі, текше метрмен (м3).

      10. Үшінші топқа арналған тарифтің деңгейі бүкіл шығыстарды жабады (оның ішінде тұтынушылардың бірінші және екінші топтары жаппаған шығындардың бір бөлігін өтейді) және инвестициялық қажеттіліктерді жабу үшін жеткілікті болатын пайданың қолжетімді деңгейін қамтамасыз етеді:



      мұндағы:

      Р3– тұтынушылардың үшінші тобына арналған бір текше метр (м3) үшін сумен жабдықтау және (немесе) суды бұру қызметтерінің тарифі, теңгемен;

      Z шығын бөлігі– тарифтің шығын бөлігі (бағалар, алымдар мөлшерлемелер);

      Z1 – шығындар осы әдістеменің 7-тармағына сәйкес;

      Zсыйақы,амор – қарыз қаражаттары бойынша сыйақы төлеу мен амортизациялық аударымдар шығыстары, теңгемен;

      V – барлық тұтынушылардың сумен жабдықтау және (немесе) суды бұру қызметтерін тұтыну көлемі, текше метр (м3);

      V1– тұтынушылардың бірінші тобының сумен жабдықтау және (немесе) суды бұру қызметтерін тұтыну көлемі, текше метр (м3);

      V2– тұтынушылардың екінші тобының сумен жабдықтау және (немесе) суды бұру қызметтерін тұтыну көлемі, текше метр (м3);

      V3– тұтынушылардың үшінші тобының сумен жабдықтау және (немесе) суды бұру қызметтерін тұтыну көлемі, текше метр (м3);

      I – Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының 2003 жылғы 27 қаңтардағы № 17-НҚ бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2154 болып тіркелген) бекітілген Су шаруашылығы және (немесе) канализациялық жүйелерге және энергетика секторындағы табиғи монополия субъектілеріне қызмет көрсететін табиғи монополия субъектілері үшін іске қосылған активтердің реттелетін базасына арналған пайда (таза табыс) ставкаларын есептеу жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес есептелген пайданың жол берілетін деңгейі, теңгемен.

      11. Егер сумен жабдықтау және (немесе) суды бұру қызметтерін көрсеткен кезде бірнеше кәсіпорындар таратылған жағдайда, топтар бойынша тарифтер деңгейін есептеген кезде тиісті шығындар қызмет көрсетуге тартылған әр кәсіпорынның тарифтік сметаларынан қалыптасады.

      Сумен жабдықтау және (немесе) суды бұру қызметтеріне тұтынушылар топтары бойынша сараланған тарифтерді есептеудің және төлеудің бақылау үлгісі осы Әдістемеге қосымшада келтірілген.

  Сумен жабдықтаудың және
(немесе) суды бұрудың реттеліп
көрсетілетін қызметтеріне
(тауарларына, жұмыстарына)
тарифтерді (бағаларды, алымдар
мөлшерлемелерін) немесе
олардың шектi деңгейлерiн
есептеудің кемсітпейтін
әдістемесіне қосымша

Сумен жабдықтау және (немесе) суды бұру қызметтеріне тұтынушылар топтары бойынша сараланған тарифтерді есептеу мен төлеудің бақылау үлгісі

      Тарифтерді есептеу үшін мынадай ақпарат сұратылды:

      1. Z1– шығындар осы әдістеменің 7-тармағына сәйкес.

      2. Z шығын бөлігі – тарифтің шығын бөлігі (бағалар, алымдар мөлшерлемелер).

      3. I – сумен жабдықтау қызметі бойынша пайданың рұқсат етілген деңгейі.

      4. V – соңғы аяқталған күнтізбелік жылдағы барлық тұтынушылардың қызметті тұтыну көлемі, текше метрмен (м3).

      5. Тұтынушылар топтарының бөлінісінде соңғы аяқталған күнтізбелік жылғы су тұтыну көлемі туралы ақпарат.

      Суды тұтыну көлемі туралы деректер 1-кестеге сәйкес ұсынылған.

  1-кесте

Барлық тұтынушылардың тұтыну көлемі, м3

31 105 996

1

1-топтың тұтыну көлемі: жеке тұлғалар (халық)

4 620 978

2

2-топтың тұтыну көлемі, оның ішінде:

5 914 408


ыстық сумен жабдықтау қызметтерін көрсету кезінде (ыстық сумен жабдықтау жүйесі анық болған кезде) үстемелеп толтыру көлемдерінің және жылу энергиясын өндіру процесінде өз мұқтажына суды тұтыну көлемдерінің шегінде жылу энергиясын өндірумен айналысатын кәсіпорындар

2 345 126


бекітілген нормативтік техникалық ысырап көлемдері шегінде жылу энергиясын берумен және таратумен айналысатын кәсіпорындар

3 569 282

3

3-топтың тұтыну көлемі, оның ішінде:

20 570 610


бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар

8 965 230


тұтынушылардың 1 және 2-топтарына кірмейтін өзге де тұтынушылар

11 605 380

      Нәтижесінде, тұтынушылар топтары бойынша суды тұтыну көлемдері 2-кестеге сәйкес ұсынылған.

  2-кесте

Тұтынудың жалпы көлемі (м3), оның ішінде:

31 105 996

1 - топтың тұтыну көлемдері (V1)

4 620 978

2 - топтың тұтыну көлемдері (V2)

5 914 408

3 - топтың тұтыну көлемдері (V3)

20 570 610

      Сумен жабдықтау және (немесе) суды бұру ұйымдарының шығындары бойынша деректер 3-кестеге сәйкес ұсынылған.

  3-кесте

Z1

Көрсеткіштер атауы

Өлшем бірлігі, мың теңге

Тарифтік сметаның нақты көрсеткіштері, барлығы

1

Материалдық шығындар:

мың теңге

270 237

1.1

шикізат және материалдар

мың теңге

151 084

1.2

сатып алынатын су

мың теңге

6 388

1.3

отын

мың теңге

1 056

1.4

энергия

мың теңге

98 610

1.5

жанар – жағармай материалдары

мың теңге

13 099

2

Өндірістік персоналдың еңбегіне ақы төлеу шығыстары:

мың теңге

353 196

2.1

өндіріс персоналының жалақысы

мың теңге

319 925

2.2

әлеуметтік төлемдер

мың теңге

27 353

2.3

міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары

мың теңге

1 599

2.4

міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру

мың теңге

4 319

3

Жөндеу, оның ішінде

мың теңге

14 200

3.1

ағымдағы жөндеулер

мың теңге

4 200

3.2

негізгі құралдар құнының өсуіне алып келмейтін күрделі жөндеулер

мың теңге

10 000


шығындар сомасының ЖИЫНЫ (Z1)

мың теңге

637 633


1

Ерекше тәртіптің талаптары ескеріле отырып қабылданған қарыз қаражаттары бойынша сыйақы төлеу шығыстары мен амортизациялық аударымдарды есептемегендегі толық өзіндік құн, мың теңге

828 078

2

Қарыз қаражаттары бойынша сыйақы төлеу мен амортизациялық аударымдарға арналған шығыстар, мың теңге

65 615,6

3

Сумен жабдықтау қызметі бойынша пайданың қажетті көлемі, мың теңге.

100 000

      Әдістемеге сәйкес:



      мұндағы:

      Р1 – тұтынушылардың бірінші тобына арналған бір текше метр (м3) үшін сумен жабдықтау және (немесе) суды бұру қызметтеріне тарифі, теңгемен;

      Z1 – шығындар осы әдістеменің 7-тармағына сәйкес;

      V – барлық тұтынушылардың сумен жабдықтау және (немесе) суды бұру қызметтерін тұтыну көлемі, текше метрмен (м3).

      Осылайша,



      Екінші топқа арналған тариф деңгейі барлық шығыстарды жабады (оның ішінде осы Әдістеменің 8-тармағында көрсетілген пайдалануға арналған шығындар):

      Р2 – тұтынушылардың екінші тобына арналған бір текше метр (м3) үшін сумен жабдықтау және (немесе) суды бұру қызметтерінің тарифі, теңгемен;

      Zшығын бөлігі– тарифтің шығын бөлігі (бағалар, алымдар мөлшерлемелер);

      Zсыйақы,амор – қарыз қаражаттары бойынша сыйақы төлеуге арналған шығыстар мен амортизациялық аударымдар, теңгемен;

      V – барлық тұтынушылардың сумен жабдықтау және (немесе) суды бұру қызметтерін тұтыну көлемі, текше метрмен (м3).

      Осылайша,



      Үшінші топқа арналған тариф деңгейі барлық шығыстарды жабады (оның ішінде тұтынушылардың бірінші және екінші топтары жаппаған шығындардың бір бөлігін өтеуге) және инвестициялық қажеттіліктерді жабу үшін жеткілікті болатын пайданың қажетті деңгейін қамтамасыз етеді:



      мұндағы:

      Р3 – тұтынушылардың үшінші тобына арналған бір текше метр (м3) үшін сумен жабдықтау және (немесе) суды бұру қызметтеріне арналған тариф, теңгемен;

      Z шығын бөлігі– тарифтің шығын бөлігі (бағалар, алымдар мөлшерлемелер);

      Z1 – шығындар осы әдістеменің 7-тармағына сәйкес;

      Zсыйақы,амор – қарыз қаражаттары бойынша сыйақы төлеуге арналған шығыстар мен амортизациялық аударымдар, теңгемен;

      V – барлық тұтынушылардың сумен жабдықтау және (немесе) суды бұру қызметтерін тұтыну көлемі, текше метрмен (м3);

      I – пайданың рұқсат етілген деңгейі, теңгемен;

      V1 – тұтынушылардың бірінші тобының сумен жабдықтау және (немесе) суды бұру қызметтерін тұтыну көлемі, текше метрмен (м3);

      V2 – тұтынушылардың екінші тобының сумен жабдықтау және (немесе) суды бұру қызметтерін тұтыну көлемі, текше метрмен (м3);

      V3 – тұтынушылардың үшінші тобының сумен жабдықтау және (немесе) суды бұру қызметтерін тұтыну көлемі, текше метр (м3).

      Осылайша,



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады