"Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 25 маусымдағы № 624 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 9 шілдеде № 17161 болып тіркелді.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9756 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 17 қазанда жарияланған) мынадай толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасында:

      бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасында:

      01 "Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер" функционалдық тобында:

      2 "Қаржылық қызмет" функционалдық кіші тобында:

      332 "Республикалық маңызы бар қаланың, астананың активтер және мемлекеттік сатып алу басқармасы" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:

      мынадай мазмұндағы 005 бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын:

      "005 Коммуналдық меншікке мүлікті сатып алу";

      07 "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық" функционалдық тобында:

      1 "Тұрғын үй шаруашылығы" функционалдық кіші тобында:

      333 "Республикалық маңызы бар қаланың, астананың жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:

      мынадай мазмұндағы 005 бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын:

      "005 Мемлекеттік тұрғын үй қорын сақтауды үйымдастыру";

      10 "Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары" функционалдық тобында:

      1 "Ауыл шаруашылығы" функционалдық кіші тобында:

      255 "Облыстың ауыл шаруашылығы басқармасы", 334 "Республикалық маңызы бар қаланың, астананың инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы", 349 "Республикалық маңызы бар қаланың, астананың ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы" және 375 "Республикалық маңызы бар қаланың, астананың ауыл шаруашылығы басқармасы" бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бойынша:

      мынадай мазмұндағы 071 бюджеттік бағдарламасымен толықтырылсын:

      "071 Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы шеңберінде кәсіпкерлікке оқыту";

      12 "Көлiк және коммуникация" функционалдық тобында:

      1 "Автомобиль көлiгi" функционалдық кіші тобында:

      268 "Облыстың жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:

      025 "Облыстық автомобиль жолдарын және елді-мекендердің көшелерін күрделі және орташа жөндеу" бюджеттік бағдарламасы бойынша:

      мынадай мазмұндағы 011 және 015 бюджеттік кіші бағдарламаларымен толықтырылсын:

      "011 Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебiнен 015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен";

      13 "Басқалар" функционалдық тобында:

      1 "Экономикалық қызметтерді реттеу" функционалдық кіші тобында:

      334 "Республикалық маңызы бар қаланың, астананың инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:

      мынадай мазмұндағы 048 бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын:

      "048 Арнайы экономикалық аймақтардың, индустриялық аймақтардың, индустриялық парктердің инфрақұрылымын дамыту".

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджет заңнамасы департаменті (З.А. Ерназарова) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
Б. Сұлтанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады