Квазимемлекеттік сектордың 2018 жылға арналған сыртқы борышының шекті көлемін бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 22 маусымдағы № 224 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 10 шілдеде № 17171 болып тіркелді.

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 28 қыркүйектегі № 601 қаулысымен бекітілген Квазимемлекеттік сектордың сыртқы қарыздарының көлемін келісу қағидаларының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған квазимемлекеттік сектордың 2018 жылға арналған сыртқы борышының шекті көлемі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Мемлекет міндеттемелерін басқару және қаржы секторын дамыту саясаты департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика бірінші вице-министріне жүктелсiн.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
Т. Сүлейменов

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2018 жылғы 22 маусымдағы
№ 224 бұйрығымен
бекітілген

Квазимемлекеттік сектордың 2018 жылға арналған сыртқы борышының шекті көлемі

р/с №

Квазимемлекеттік сектор субъектілері

Сыртқы борыштың шекті көлемі, миллион теңге

Сыртқы борыштың шекті көлемі, миллион Америка Құрама Штаттары доллары*

1

2

3

4

1

"Самрұқ-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамы

5 658 280

16 642

2

"Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамы

1 644 920

4 838

3

"ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамы

624 920

1 838

4

"Зерде" ұлттық инфокоммуникациялық холдингі" акционерлік қоғамы

-

-

      *Ескертпе: 1 Америка Құрама Штаттары доллары үшін 340 теңге бағамы бойынша

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады