Әуежайлар мен аэронавигация көрсететін қызметтер саласындағы табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне арналған (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерге (бағаларға, алымдар мөлшерлемелеріне) уақытша төмендету коэффициентінің деңгейін есептеу әдістемесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 3 шiлдедегi № 493 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 31 шілдеде № 17256 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 22 мамырдағы № 42 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ұлттық экономика министрінің 22.05.2020 № 42 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

      "Қазақстан Респубикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 15-1-бабының 13) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Әуежайлар мен аэронавигация көрсететін қызметтер саласындағы табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне арналған (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерге (бағаларға, алымдар мөлшерлемелеріне) уақытша төмендету коэффициентінің деңгейін есептеу әдістемесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз тасығыштағы және электрондық нысандағы көшірмелерін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі
Ж. Қасымбек

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      ________________ Т. Сүлейменов

      2018 жылғы 16 шілде

  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және
даму министрінің
2018 жылғы 3 шілдедегі
№ 493 бұйрығымен
бекітілген

Әуежайлар мен аэронавигация көрсететін қызметтер саласындағы табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне арналған (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерге (бағаларға, алымдар мөлшерлемелеріне) уақытша төмендету коэффициентінің деңгейін есептеу әдістемесі

1 - тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Әуежайлар мен аэронавигация көрсететін қызметтер саласындағы табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне арналған (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерге (бағаларға, алымдар мөлшерлемелеріне) уақытша төмендету коэффициентінің деңгейін есептеу әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 15-1-бабының 13) тармақшасына (бұдан әрі – Заң), Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының 2003 жылғы 5 қарашадағы № 263-НҚ бұйрығымен бекітілген Әуежайлар мен аэронавигацияның реттеліп көрсетілетін қызметтерінің тарифтеріне (бағаларына, алым ставкаларына) уақытша төмендету коэффициентерін бекіту ережесіне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2599 болып тіркелген) (бұдан әрі – Қағидалар) сәйкес әзірленген және әуежайлар мен аэронавигация көрсететін қызметтер саласындағы табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне арналған (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерге (бағаларға, алымдар мөлшерлемелеріне) уақытша төмендету коэффициентінің деңгейін есептеу тетігін айқындайды.

      2. Әуежайлар мен аэронавигация көрсететін қызметтер саласындағы табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне арналған (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерге (бағаларға, алымдар мөлшерлемелеріне) уақытша төмендету коэффициентінің деңгейін есептеуді азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган Қағидалармен белгіленген аспайтын мәлімделген кезеңде жүргізеді.

      3. Осы Әдістемеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) мәлімделген қызметтерді тұтыну көлемі – уақытша төмендету коэффициентін белгілеуге әуе кемесін пайдаланушы, әуежай немесе аэронавигациялық ұйымның өтінімінде көрсетілген қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) көлемі;

      2) мәлімделген кезең – уақытша төмендету коэффициентін белгілеу өтінішімен әуе кемесін пайдаланушы, әуежай немесе аэронавигация ұйымының өтінімінде көрсетілген кезең;

      3) табиғи монополия субъектісі (бұдан әрі – Субъект) - табиғи монополия жағдайында тауарлар өндірумен, жұмыстарды орындаумен және (немесе) тұтынушыларға қызмет көрсетумен айналысатын жеке кәсіпкер немесе заңды тұлға;

      4) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган – Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану мен азаматтық және эксперименттiк авиация қызметi саласында басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.

2 - тарау. Уақытша төмендету коэффициентінің деңгейін есептеу тетігі

      4. Уақытша төмендету коэффициентін қолданумен аэронавигация мен әуежайлардың реттеліп көрсетілетін қызметтеріне арналған тарифтерге (бағаларға, алымдар мөлшерлемелеріне) реттеліп көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) ұсыну үшін қажет шығындардың құнынан төмен болмауы тиіс және табиғи монополия субъектісінің тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ететін пайданы алу мүмкіндігін ескеру қажет.

      5. Әуежайлар мен аэронавигация көрсететін қызметтер саласындағы табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне арналған (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерге (бағаларға, алымдар мөлшерлемелеріне) уақытша төмендету коэффициентінің деңгейін есептеу мынадай формула бойынша жүргізіледі:

      Ткi - = Т1i / Тi мұндағы: (1)

      Ткi – әуежайлар мен аэронавигация көрсететін қызметтер саласындағы табиғи монополия субъектісінің i-ң реттеліп көрсетілетін қызметіне (тауарына, жұмысына) уақытша төмендету коэффициенті;

      Тi – әуежайлар мен аэронавигация көрсететін қызметтер саласындағы табиғи монополия субъектісінің і-ң реттеліп көрсетілетін қызметіне (тауарына, жұмысына) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган бекіткен тарифі (баға, алым мөлшерлемесі);

      Т1i – әуежайлар мен аэронавигация көрсететін қызметтер саласындағы табиғи монополия субъектісінің і-ң реттеліп көрсетілетін қызметін (тауарын, жұмысын) тұтынудың мәлімделген көлемінің бірлігіне арналған тарифтің (бағалардың, алымдар мөлшерлемелердің) есептеу деңгейі мынадай формула бойынша есептеледі:

      Т1i = (Тi х Vi +Т2i х дельта Vi)/(Vi + дельта Vi), мұндағы: (2)

      Vi – мәлімделгенге ұқсас алдыңғы жылдың кезеңінде әуежайлар мен аэронавигация көрсететін қызметтер саласындағы табиғи монополия субъектісінің і-ң реттеліп көрсетілетін қызметін (тауарын, жұмысын) әуе кемесін пайдаланушы тұтынған нақты көлем;

      дельта Vi – алдыңғы жылдың тиісті кезеңіне қатысты мәлімделген кезеңде әуежайлар мен аэронавигация көрсететін қызметтер саласындағы табиғи монополия субъектісінің і-ң реттеліп көрсетілетін қызметін (тауарын, жұмысын) тұтыну көлемінің мәлімделген өсімі;

      Т2i – әуежайлар мен аэронавигация көрсететін қызметтер саласындағы табиғи монополия субъектісінің і-ң реттеліп көрсетілетін қызметін (тауарын, жұмысын) тұтыну көлемінің мәлімделген өсім бірлігіне арналған тарифтің (бағаның, алым мөлшерлемесінің) есептік деңгейі мынадай формула бойынша айқындалады:

      Т2i = дельта Зi / дельта Vi + Пi, мұндағы: (3)

      Пi – әуежайлар мен аэронавигация көрсететін қызметтер саласындағы табиғи монополия субъектісінің і-ң реттеліп көрсетілетін қызметінің (тауарының, жұмысының) бірлігіне азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органмен бекітілген қолданыстағы тарифке (бағаға, алым мөлшерлемесіне) салынған пайда;

      дельта Зi – әуежайлар мен аэронавигация көрсететін қызметтер саласындағы табиғи монополия субъектісінің і-ң реттеліп көрсетілетін қызметін (тауарын, жұмысын) тұтыну көлемінің мәлімделген өсіміне арналған қосымша шартты-ауыспалы шығындар.

      6. Әуежайлар мен аэронавигация көрсететін қызметтер саласындағы табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне арналған (тауарларына, жұмыстарына) тарифтеріне (бағаларына, алым мөлшерлемелеріне) уақытша төмендету коэффициентінің деңгейін есептеу мысалы Әдістемеге 1 және 2-қосымшаларда келтірілген.

  Әуежайлар мен аэронавигация
көрсететін қызметтер
саласындағы
табиғи монополия субъектісінің
реттеліп көрсетілетін
қызметтеріне арналған
(тауарларына, жұмыстарына)
тарифтерге (бағаларға, алымдар
мөлшерлемелеріне) уақытша
төмендету коэффициентінің
деңгейін есептеу әдістемесіне
1-қосымша

Әуежайлар көрсететін қызметтер саласындағы табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне арналған (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерге (бағаларға, алымдар мөршерлемелеріне) уақытша төмендету коэффициентінің деңгейін есептеу мысалы

1 - тарау. Шартты деректер

      Әуе кемелерін пайдаланушы: "ABC" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

      Әуежай қызметінің түрі: әуе кемелерінің ұшып-қонуы.

      Әуе кемелерінің ұшып-қонуы қызметіне азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органмен бекітілген тариф (баға, алым мөлшерлемесі): әуе кемелерінің барынша жоғары ұшу массасы 1 тоннаға 1 650 теңге.

      Әуежай қызметінің бірлігіне арналған қолданыстағы тарифке (бағаға, алым мөлшерлемесіне) салынған пайда: 165 теңге.

      Мәлімделген кезеңде әуежай қызметін тұтынудың мәлімделген көлемі: 13 000 тонна.

      Мәлімделгенге ұқсас алдыңғы жылдағы кезеңде әуежай қызметін тұтынудың нақты көлемі: 10 000 тонна.

      Мәлімделген кезеңде әуежай қызметін тұтыну көлемінің мәлімделген өсімі: 3000 тонна.

      Мәлімделген кезеңде әуежай қызметін тұтыну көлемінің жоспарланып отырған өсіміне арналған қосымша шартты-ауыспалы шығындар: 2 475 000 теңге.

2 - тарау. Уақытша төмендету коэффициентінің деңгейін есептеу

      1. Әуежай қызметін тұтыну көлемінің мәлімделген өсімінің бірлігіне арналған тарифтің (бағаның, алым мөлшерлемесінің) есептік деңгейі Әдістеменің мынадай (3) формуласы бойынша айқындалады:

      Т2 = 2 475 000 теңге/3 000 тонна + 165 теңге = 990 теңге

      2. Әуежай қызметін тұтыну көлемінің мәлімделген бірлігіне арналған тарифтің (бағаның, алым мөлшерлемесінің) есептік деңгейі Әдістеменің мынадай (2) формуласы бойынша айқындалады:

      Т1 = (1 650 теңге * 10 000 тонна + 990 теңге * 3000 тонна)/(10 000 тонна + 3 000 тонна) = 1 497,69 теңге.

      3. Әуежай қызметіне арналған тарифтерге уақытша төмендету коэффициентінің деңгейі Әдістеменің мынадай (1) формуласы бойынша айқындалады:

      Тк = 1 497,69 теңге/1 650 теңге = 0,91.

  Әуежайлар мен аэронавигация
көрсететін қызметтер
саласындағы табиғи монополия
субъектісінің реттеліп
көрсетілетін қызметтеріне
арналған (тауарларына,
жұмыстарына) тарифтерге
(бағаларға, алымдар
мөлшерлемелеріне) уақытша
төмендету коэффициентінің
деңгейін есептеу әдістемесіне
2-қосымша

Аэронавигация көрсететін қызметтер саласындағы табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне арналған (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерге (бағаларға, алымдар мөршерлемелеріне) уақытша төмендету коэффициентінің деңгейін есептеу мысалы

1 - тарау. Шартты деректер

      Әуе кемелерін пайдаланушы: "ABC" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

      Аэронавигация қызметінің түрі: Қазақстан Республикасының әуе кеңістігіндегі әуе кемелеріне аэронавигациялық қызмет көрсету.

      Аэронавигация қызметіне азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органмен бекітілген тариф (баға, алым мөлшерлемесі): 700 теңге – әуе кемелерінің барынша жоғары ұшу массасы кезіңде 5 000 кг дейін.

      Аэронавигация қызметінің бірлігіне қолданыстағы тарифке (бағаға, алым мөлшерлемесінің) салынған пайда: 60 теңге.

      Мәлімделген кезеңде аэронавигация қызметін тұтынудың мәлімделген көлемі: 12 000 ұшақ-шақырым.

      Мәлімделгенге ұқсас алдыңғы жылдың кезеңіне аэронавигация қызметін тұтынудың нақты көлемі: 10 000 ұшақ-шақырым.

      Мәлімделген кезеңде аэронавигация қызметін тұтыну көлемінің мәлімделген өсімі: 2 000 ұшақ-шақырым.

      Мәлімделген кезеңде аэронавигация қызметін тұтыну көлемінің жоспарланған өсіміне арналған қосымша шартты-ауыспалы шығындар: 250 000 теңге.

2 - тарау. Уақытша төмендету коэффициентінің деңгейін есептеу

      1. Аэронавигация қызметін тұтыну көлемінің мәлімделген өсім бірлігіне арналған тарифтің (бағаның, алым мөлшерлемесінің) есептік деңгейі Әдістеменің мынадай (3) формуласы бойынша айқындалады:

      Т2 = 250 000 теңге/2 000 ұшақ-шақырым + 60 теңге = 185 теңге

      2. Аэронавигациялық қызмет көрсету көлемін 2 000 шақырымға ұлғайту кезінде аэронавигация қызметін тұтынудың мәлімделген көлемінің бірлігіне арналған тарифтің (бағаның, алым мөлшерлемесінің) есептік деңгейі Әдістеменің мынадай (2) формуласы бойынша айқындалады:

      (700 теңге х 10 000 ұшақ-шақырым + 185 теңге х 2 000 ұшақ-шақырым) Т1 = ---------------------------------------------------------------- = 614,17 теңге (10 000 ұшақ-шақырым + 2000 ұшақ-шақырым)

      3. Уақытша төмендету коэффициентінің деңгейі Әдістеменің мынадай (1) формуласы бойынша айқындалады:

      Тк = 614,17 теңге/700 теңге = 0,88.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады