Жыл сайынғы "Шапағат" конкурсын өткізу қағидаларын және "Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнертапқышы" атағын беру қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 16 тамыздағы № 1272, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 20 тамыздағы № 410, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 22 тамыздағы № 583 және Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 17 тамыздағы № 319 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 27 тамызда № 17308 болып тіркелді.

      "Қазақстан Республикасының Патент заңы" туралы Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 шілдедегі Заңының 9-бабының 5-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫЗ:

      1. Мыналар:

      1) Жыл сайынғы "Шапағат" конкурсын өткізу қағидалары;

      2) "Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнертапқышы" атағын беру қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бірлескен бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкiне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында ресми жарияланғаннан кейін орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Әділет вице-министріне, жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министріне, жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму вице-министріне және Қазақстан Республикасы энергетика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Әділет министрі
М. Бекетаев
      Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі
Е. Сағадиев
      Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі
Ж. Қасымбек
      Қазақстан Республикасының
Энергетика министрі
Қ. Бозымбаев

  Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2018 жылғы 16 тамыз
№ 1272
  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2018 жылғы 20 тамыз
№ 410
  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
2018 жылғы 22 тамыз
№ 583
  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2018 жылғы 17 тамыз
№ 319 бірлескен бұйрығымен
бекітілген

Жыл сайынғы "Шапағат" конкурсын өткізу қағидалары

1 Тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы жыл сайынғы "Шапағат" конкурсын өткізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасындағы өнертапқыштық қызметті насихаттау және ол туралы хабардар болуды арттыруды қолдау мақсатында және "Қазақстан Республикасының Патент заңы" туралы Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 шілдедегі Заңының 9-бабының 5-тармағына сәйкес (бұдан әрі – Патент заңы) әлеуметтік және экономикалық маңызы бар, бәсекеге қабілетті, экологиялық қауіпсіз өнертабыстарды іріктеу бойынша әзірленген.

2 Тарау. Жыл сайынғы "Шапағат" конкурсын өткізу туралы тәртібі

      2. Конкурс жыл сайын конкурс алдындағы жылдың қорытындысы бойынша электронды түрде өткізіледі.

      Конкурсқа қатысуға онлайн өтінімдерді қабылдау ағымдағы жылдың 26 сәуірі мен 26 тамызы аралығында өткізіледі.

      Интернет-ресурсын пайдаланушылар арасында дауыс беру ағымдағы жылғы 1 қыркүйек пен 10 қазан аралығын қоса алғанда өткізіледі.

      Дауыстарды санау бірегей ұялы телефон нөміріне жіберілген, кодты растау арқылы жазылады.

      Дауыстар бірегей ұялы телефон нөміріне жіберілген кодты растау арқылы жазылады.

      Дауыс беру аяқталғаннан кейін конкурс қорытындысы шығарылады.

      3. Конкурстың ұйымдастырушысы "Қазақстан Республикасының Патент заңы" туралы Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 шілдедегі Заңының (бұдан әрі – Патент заңы) 4-1-бабында көзделген сараптамалық ұйым болып табылады.

      4. Конкурс төрт кезеңде өткізіледі:

      бірінші кезең - онлайн-конкурстың басталуы туралы хабарландыру;

      екінші кезең - shapagat.kazpatent.kz интернет-ресурсында онлайн-өтінімтерді қабылдау;

      үшінші кезең – дауыс беру;

      төртінші кезең – қорытындысын шығару.

      Байқау барысында осы кезеңдер бұқаралық ақпарат құралдарында оқиғаны жариялаумен қатар жүреді.

      5. Сараптамалық ұйым іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі жұмысын үйлестіру үшін Ұйымдастыру комитеті құрылады.

      6. Алдағы Конкурс туралы хабарландыру Конкурсты өткізгенге дейін отыз күнтізбелік күннен кешіктірмей уәкілетті органның, сараптама ұйымының интернет-ресурсында орналастырылады және мыналарды қамтиды:

      1) Конкурстың ұйымдастырушысының толық атауы мен орналасқан жері;

      2) онлайн-өтінімтеріне арналған мерзім.

      7. Онлайн-конкурсына қатысушыларға арналған талаптар:

      1) өз өнертабысы (пайдалы модель, өнеркәсіптік үлгі) туралы оның маңызын ашпай бейне түсіреді;

      2) оны YouTube порталына орналастыру;

      3) сайтта онлайн-өтінімді берген кезде роликке сілтеме жасау.

      Ролик ұзақтығы үштен бес минутқа дейін.

      8. Дауыс беру кезінде келесі критерийлер ескеріледі:

      1) жаңалығы мен өзектілігі;

      2) әлеуметтік және экономикалық маңыздылығы;

      3) экономиканың түрлі салаларында патенттелген өнертабыстарды енгізу мен қолданудың нәтижелері (кәсiпорынның (мекемелердiң, ұйымдардың), ғылыми немесе ғылыми-техникалық қызметпен айналысатын тұлғаның, өнертабыстарды орындау актiлерiн iске асыру жөнiндегi пікірі);

      4) өнертабысқа, пайдалы модельге және өнеркәсіптік үлгіге қолданыстағы патенттердің болуы.

      9. Ең көп дауыс жинаған алғашқы он жеңімпаз Конкурс жеңімпаздары болып табылады. Уәкілетті органның басшылығымен немесе басқа да лауазымды тұлғалармен конкурс жеңімпаздары дипломдар мен естелік кәдесыйлармен марапатталады.

  Жыл сайынғы "Шапағат"
конкурсын өткізу қағидаларына
қосымша
  нысан

ОНЛАЙН – ӨТІНІМ "ШАПАҒАТ" КОНКУРСЫНА ҚАТЫСУ ҮШІН

      Құпиялылық туралы келісім:

      Келісемін _________________________________________________________

      ТАӘ (бар болған жағдайда)__________________________________________

      Телефон нөмірі ____________________________________________________

      Электрондық пошта ________________________________________________

      Регион____________________________________________________________

      Аумақтық _________________________________________________________

      Қала ______________________________________________________________

      Мекенжай _________________________________________________________

      Патент берілген:

      Өнертабыс ________________________________________________________

      Пайдалы модель ___________________________________________________

      Өнеркәсіптік үлгі ___________________________________________________

      Патент нөмірі ______________________________________________________

      YouTube орналысқан сілтеме _________________________________________

      Енгізу, тиімділік, өзін өзі ақтау туралы мәліметтер _______________________

      __________________________________________________________________

      Қысқаша сипатама _________________________________________________

      __________________________________________________________________

      Ескертпе: Қатысушылар видеоролик ұсынған жағдайда, ұйымдастырушылар оның мазмұнына жауап бермейді

  Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2018 жылғы 16 тамыз
№ 1272
  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2018 жылғы 20 тамыз
№ 410
  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрінің
2018 жылғы 22 тамыз
№ 583
  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2018 жылғы 17 тамыз
№ 319 бірлескен бұйрығымен
бекітілген

"Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнертапқышы" атағын беру қағидалары

1 Тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы "Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнертапқышы" атағын беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасындағы өнертапқыштық қызметті насихаттау және ол туралы хабардар болуды арттыруды қолдау мақсатында және "Қазақстан Республикасының Патент заңы" туралы Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 шілдедегі Заңының 9-бабының 5-тармағына сәйкес (бұдан әрі – Патент заңы) неғұрлым маңызды және кеңінен пайдаланылатын өнертабыстардың авторлары үшін әзірленген.

2 Тарау. "Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнертапқышы" атағын беру тәртібі

      2. Патент заңының 4-1 тармағында көзделген сараптама ұйымының бұйрығымен (бұдан әрі – сараптама ұйымы), құрамына Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі (бұдан әрі – уәкілетті орган), білім және ғылым, индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау және энергетика саласындағы, экологиялық реттеу және бақылау мемлекеттік органдары, патенттеу саласындағы қоғамдық бірлестіктердің өкілдері, Әділет органдары қызметінің мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңестің мүшелері, сараптама ұйымының қызметкерлері кіретін атақ беру жөніндегі ұсынымдарды қарайтын конкурстық комиссия (бұдан әрі – комиссия) құрылады.

      3. Атақ әр жылдың екінші тоқсанында сараптама ұйымы өткізетін конкурстың нәтижелері бойынша беріледі.

      4. Комиссияның жұмыс органы сараптамалық ұйым болып табылады.

      Комиссия құрамына комиссияның төрағасы, төрағаның орынбасары, мүшелері және хатшысы кіреді. Комиссия төрағасы отырыстарға төрағалық етеді, қабылданған шешімдерге жалпы басшылықты және бақылауды жүзеге асырады. Комиссия төрағасының шешімімен ол болмаған уақытта оның функцияларын орынбасары атқарады.

      Комиссияның хатшысы сараптама ұйымының қызметкері болып табылады.

      Хатшы конкурстық комиссияның мүшесі болып табылмайды және комиссияның шешімдер қабылдауы кезінде дауыс беру құқығы жоқ.

      5. Комиссияның отырыстары комиссия мүшелерiнiң жалпы санының жартысынан астамы қатысқан жағдайда, заңды деп есептеледi.

      Конкурстық материалдар комиссиясының сараптамасының нәтижелері бойынша комиссияның әрбір қатысушысы әр кандидатқа осы Ереженің қосымшасына сәйкес нысан бойынша жеңімпазды анықтау үшін бағалау параққа толтырады.

      Комиссия шешімі бағалау парақтарының негізінде хаттамада ресімделеді.

      6. Атақ беру жөніндегі алдағы конкурс туралы хабарландыруды Конкурс өткізілгенге дейін отыз күнтізбелік күннен кешіктірмей уәкілетті орган және сараптама ұйымының интернет-ресурсында орналастырады және құрамында бар:

      1) Конкурстың ұйымдастырушысының толық атауы мен орналасқан жері;

      2) атақ беру туралы ұсынымдар (бұдан әрі – ұсынымдар) арналған мерзім.

      7. Ұсынымдар білдіруге:

      1) мемлекеттік органдар;

      2) ғылыми ұйымдар немесе қоғамдық бірлестіктер;

      3) кәсiпорын, мекеме немесе ұйым бастамашы болады.

      8. Ұсынымдар қағаз жүзімде еркін нысанда сараптама ұйымына жыл сайын бірінші мамырға дейін беріледі.

      9. Өтiнiшке мемлекеттiк органның, ғылыми ұйымның немесе қоғамдық бiрлестiктiң (немесе оның мiндеттерiн атқаратын адамның) негiзгi (тұрақты) жұмыс орнында бiрiншi басшысы қол қояды, сондай-ақ ұсынылған кандидаттың өнертабысын (өнертабыстарын) жүзеге асырған кәсiпорынның, мекеменiң немесе ұйымның бiрiншi басшысы болуға тиiс, үміткердің тегі, аты, (егер бар болса) әкесінің аты атағы үшін өз номинациясы өнертабыстық қызметінің негізгі бағытын, өнеркәсіп үшін мәні, барлығы патенттер саны, авторлық куәліктер, өнертабысты жүзеге асыру туралы кәсіпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың пікірінің болуы, өнертапқыштық үшін ынталандыру мен наградалар, басқа да облыстардың осы күнге дейін соңғы үш жылда өнертабыстық қызметтің нәтижелерін, практикалық қолдану кандидаттың еңбегі мен жетістіктерін көрсететін іс-әрекеттер.

      Ұсынымға:

      1) кандидаттың жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

      2) неғұрлым маңызды және кеңінен пайдаланылатын өнертабыс туралы пікірлер, рецензиялар және басқа да материалдар қоса беріледі.

      10. Келіп түскен ұсынымдарды жыл сайын оныншы мамырға дейін олар бойынша шешімдер қабылдау үшін комиссияның қарауына жіберіледі.

      11. Комиссия үміткердің өнертапқыштық қызметке қосқан үлесі үшін келесі критерийлерді ескереді:

      1) өнертабысқа алынған және тиімді патенттердің жалпы саны, сондай-ақ авторлық куәліктер;

      2) экономиканың түрлі салаларында патенттелген өнертабыстарды енгізу мен қолданудың нәтижелері (кәсiпорынның (мекемелердiң, ұйымдардың), ғылыми немесе ғылыми-техникалық қызметпен айналысатын тұлғаның, өнертабыстарды орындау актiлерiн iске асыру жөнiндегi пікірі);

      3) аударымдарды тіркеу және (немесе) өнертабысты пайдалану құқығын беру.

      12. Комиссия берілген ұсынымдарды түскен сәттен бастап он жұмыс күні ішінде қарайды.

      Комиссия ең жоғары балл алған адамға (адамдарға), оның ішінде бірдей ұпай жинаған тұлғаларға қатысты, атақ (атақтары) беру туралы шешімді қабылдайды.

      13. Уәкілетті органның басшылығы және басқа да лауазымдық тұлғалар Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнертапқышына дипломды және "Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнертапқышы" естелік лентасын салтанатты түрде тапсырады.

  "Қазақстан Республикасының
еңбек сіңірген өнертапқышы"
атағын беру қағидаларына
қосымша
  нысан

Жеңімпаздарын анықтау үшін бағалау парағы

      Тегі, аты, жөні (бар болған жағдайда) __________________________________

      __________________________________________________________________

Бағалау критерийлері

1-ден 5-ке дейін баға

Өнертабысқа алынған және тиімді патенттердің жалпы саны, сондай-ақ авторлық куәліктер


Экономиканың түрлі салаларында патенттелген өнертабыстарды енгізу мен қолданудың нәтижелері (кәсiпорынның (мекемелердiң, ұйымдардың), ғылыми немесе ғылыми-техникалық қызметпен айналысатын тұлғаның, өнертабыстарды орындау актiлерiн iске асыру жөнiндегi пікірі)


Аударымдарды тіркеу және (немесе) өнертабысты пайдалану құқығын беру


      Конкурстык комиссияның мүшесі __________________________ ________

      ТАЖ (бар болғани жағдайда) қолы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады