Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында техникалық және кәсіптік білімі бар мамандарды даярлауға 2018-2019 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 10 тамыздағы № 393 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 6 қыркүйекте № 17339 болып тіркелді

      "Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында (Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдар үшін мамандар даярлауды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарын қоспағанда) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандар даярлауға 2018 – 2019, 2019 – 2020, 2020 – 2021 оқу жылдарына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 16 сәуірдегі № 199 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында техникалық және кәсіптік білімі бар мамандарды даярлауға 2018 – 2019 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Техникалық және кәсіптік білім департаменті (Н.Ж. Оспанова) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін ресми жариялау үшін мерзімді баспа басылымдарына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң Эталондық бақылау банкiне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 1), 2) және 3) тармақшаларында қарастырылған іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі және халықаралық ынтымақтастық департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Б.А. Асыловаға жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі
Е. Сағадиев

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2018 жылғы 10 тамыздағы
№ 393 бұйрығына қосымша

Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында техникалық және кәсіптік білімі бар мамандарды даярлауға 2018-2019 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы

Оқу орындарының атауы

Мамандық атауы

Саны (адам)

Оның ішінде қазақ тілінде оқытатын

9- сынып базасында

11-сынып базасында

1

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Бөбек" ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру және сауықтыру орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны "Өзін-өзі тану" Адамның үйлесімді дамуы гуманитарлық колледжі

0105000-Бастауыш білім беру:
010503 3 "Шетел тілінен бастауыш білім беру мұғалімі" біліктілігі

52

26

26

26

0105000 – Бастауыш білім беру:
0105023 "Информатика пәнінен бастауыш білім беру мұғалімі" біліктілігі

26

26

-

26

0105000 – Бастауыш білім беру:
0105013 "Бастауыш білім беру мұғалімі" біліктілігі

26

26

-

26

0111000 – Негізгі орта білім беру:
0111053 "Өзін-өзі тану мұғалімі" біліктілігі

26

26

-

26

0101000 Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту: 010101 3 "Мектепке дейінгі ұйымдар тәрбиешісі"

26

26

-

26

Барлығы


156

130

26

130


"Кәсіпқор" Холдингі" коммерциялық емес акционерлік қоғамы "APEC PetroTechnic жоғары колледжі" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

0801000 – Мұнай мен газ скважиналарын бұрғылау және бұрғылау жұмыстарының технологиясы (бейін бойынша):
080114 3 "Техник-технолог" біліктілігі


-

25

25

0809000 – Мұнай және газ кен орындарын пайдалану (бейін бойынша):
0809223 "Техник-технолог" біліктілігі

50

-

25

25

0902000 Электрмен қамтамасыз ету (сала бойынша):
090203 3 "Техник-электрик" біліктілігі

50

-

25

25

0821000 – Мұнай және газ өндіру технологиясы:
0821013 "Бұрғылау мен көтергіш қондырғыларға қызмет көрсету және бұрғылау бойынша технолог" біліктілігі

50

-

25

25

0823000 Химиялық инжиниринг технологиясы:
082301 3 "Мұнай, газ, химиялық процестер мен компоненттерді өңдеу техник-технологы" біліктілігі

50

-

25

25

0828000 - БӨА инжинирингі технологиясы:
0828013 "Техник-технолог"

50

-

25

25

Барлығы


300

-

150

150

3

Шығыс қазақстан облысы Білім басқармасының "Рымбек Байсеиітов атындағы Семей қаржы-экономикалық колледжі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

1304000 - Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету (түрлері бойынша):
1304043 "Техник-бағдарламашы" біліктілігі

140

115

140

-

1304000 - Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету (түрлері бойынша):
1304053 "Ақпаратты қорғау технигі" біліктілігі

190

115

190

-

1305000 - Ақпараттық жүйелер (қолдану саласы бойынша):
1305023 "Техник-бағдарламашы" біліктілігі

50

25

50

-

Барлығы


380

255

380

-


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады