"Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері операторы өзінің банктік шотына келіп түскен ақшаны төлемақы түрінде жіберу бойынша өзге де қызметін анықтау туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2017 жылғы 20 қазандағы № 352 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 28 тамыздағы № 340 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 22 қыркүйекте № 17405 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері операторы өзінің банктік шотына келіп түскен ақшаны төлемақы түрінде жіберу бойынша өзге де қызметін анықтау туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2017 жылғы 20 қазандағы № 352 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15934 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 3 қарашада жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Қалдықтарды басқару департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделгеніс-шараларды орындау туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Энергетика министрі
Қ. Бозымбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Инвестициялар және даму министрі

      __________________ Ж. Қасымбек

      2018 жылғы "__" ___________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады