Байланыс формасы

"Еңбекке уақытша жарамсыздыққа сараптама жүргізу, еңбекке уақытша жарамсыздық парағын және анықтамасын беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 183 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2018 жылғы 17 қыркүйектегі № ҚР ДСМ-15 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 22 қыркүйекте № 17406 болып тіркелді

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексі 59-бабының 2- тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      "Еңбекке уақытша қабілетсіздікке сараптама жүргізу, еңбекке уақытша қабілетсіздік парағын және анықтамасын беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 183 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 90054 болып тіркелген, 2015 жылғы 29 мамырда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Еңбекке уақытша жарамсыздыққа сараптама жүргізу, еңбекке уақытша жарамсыздық парағын және анықтамасын беру қағидаларында:

      1-тарау мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      2-тарау мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Еңбекке уақытша жарамсыздыққа сараптама жүргізу, еңбекке уақытша жарамсыздық парағын және еңбекке уақытша жарамсыздық анықтамасын беру тәртібі";

      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Еңбекке уақытша жарамсыздық парағы жүктілікті және босануды, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1033 бұйрығымен бекітілген Екі айдан астам еңбекке уақытша жарамсыздық мерзімі белгіленген аурулардың тізбесінде айқындалған ауруларды қоспағанда, күнтізбелік алпыс күннен аспайтын мерзімге беріледі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12733 болып тіркелген).

      Егер ДКК-ның қорытындысы бойынша мүгедектікті белгілеу мақсатында МӘС-ке жіберу үшін негіз болмаса, бірақ адамдардың еңбек жағдайы аурудың клиникалық ағымы мен болжамын нашарлатса, ДКК-ның екі айдан бастап алты айға дейінгі мерзімге неғұрлым жеңіл жұмысқа уақытша ауыстыру туралы қорытындысы беріледі. Мерзімді кәсібіне (мамандығына), аурудың ағымы мен асқынуларына қарай ДКК белгілейді.";

      3-тарау мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-тарау. Жүктілік пен босану бойынша еңбекке уақытша жарамсыздық парағын және анықтамасын беру";

      56-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "56. Жүктілік пен босану бойынша еңбекке уақытша жарамсыздық парағын және анықтамасын беру тәртібі:

      1) жүктілік пен босану бойынша еңбекке уақытша жарамсыздық парағын және анықтамасын медицина қызметкері (акушер-гинеколог дәрігер), ал ол болмаған жағдайда - жүктіліктің отызыншы аптасынан бастап ұзақтығы күнтізбелік жүз жиырма алты күнге қалыпты босанған жағдайда (босанғанға дейін күнтізбелік жетпіс күн және босанғаннан кейін күнтізбелік елу алты күн) ДКК қорытындысынан кейін бөлімше меңгерушісімен бірлесіп, дәрігер береді.

      Ядролық сынақтардың әсеріне ұшыраған аумақтарда тұратын әйелдерге жүктілігі мен босануы бойынша еңбекке уақытша жарамсыздық парағы және анықтамасы қалыпты босанған жағдайда жиырма жеті аптадан бастап ұзақтығы күнтізбелік жүз жетпіс күнге беріледі қалыпты босанған жағдайда (босанғанға дейін күнтізбелік тоқсан бір күн және босанғаннан кейін күнтізбелік жетпіс тоғыз күн);

      2) Қазақстан Республикасының шегінде уақытша тұрақты тұрғылықты мекенжайынан кеткен әйелдерге жүктілігі мен босануы бойынша еңбекке уақытша жарамсыздық парағы және анықтамасы босанған медициналық ұйымдарда немесе № 907 бұйрықпен бекітілген босандыру ұйымдарының үзінді көшірмесіне (алмастыру картасына) сәйкес бақыланған орны бойынша әйелдер консультацияларында беріледі (ұзартылады).

      Тұрақты мекенжайынан Қазақстан Республикасынан тыс уақытша кеткен әйелдерге, олар жүктілігі мен босануы бойынша демалысы кезінде жүгінген кезде еңбекке уақытша жарамсыздық парағы және анықтамасы бекітілген орны бойынша медициналық ұйымда ДКК қорытындысы бойынша, баланың (балалардың) медициналық ұйымда туылған фактісін растайтын құжатты және баланың туу туралы куәлігін көрсеткен кезде беріледі (ұзартылады). Ұсынылатын құжаттар қазақ немесе орыс тілдеріне аударылуы және келген елінде немесе Қазақстан Республикасында бекітілуі тиіс;

      3) асқынған босану, екі және одан да көп бала туған жағдайда еңбекке уақытша жарамсыздық парағы және анықтамасы босандыру денсаулық сақтау ұйымдарының шығару парағына сәйкес бақыланатын жері бойынша медицина қызметкері (акушер-гинеколог дәрігер), ал ол болмаған жағдайда ДКК қорытындысынан кейін бөлімше меңгерушісімен бірлесіп, дәрігер береді, қосымша күнтізбелік он төрт күнге ұзартады. Мұндай жағдайда босанғанға дейінгі және босанғаннан кейінгі демалыстардың жалпы ұзақтығы күнтізбелік жүз қырық күнді құрайды (босанғанға дейін күнтізбелік жетпіс күн және босанғаннан кейін күнтізбелік жетпіс күн).

      Ядролық сынақтардың әсеріне ұшыраған аумақтарда тұратын әйелдерге, асқынған босану, екі және одан да көп бала туған жағдайда еңбекке уақытша жарамсыздық парағы қосымша күнтізбелік он төрт күнге ұзартылады, босанғанға дейінгі және босанғаннан кейінгі демалыстардың жалпы ұзақтығы күнтізбелік жүз сексен төрт күнді құрайды (босанғанға дейін күнтізбелік тоқсан бір күн және босанғаннан кейін күнтізбелік тоқсан үш күн).

      4) жиырма екі аптадан бастап жиырма тоғыз аптаға дейінгі жүктілік мерзімі кезінде босанған және дене салмағы бес жүз және одан артық грамм бала туған және ол жеті тәуліктен астам өмір сүрген жағдайда әйелге босану фактісі бойынша күнтізбелік жетпіс күнге еңбекке уақытша жарамсыздық парағы және анықтамасы беріледі.

      Жиырма екі аптадан бастап жиырма тоғыз аптаға дейінгі жүктілік мерзімі кезінде босанған және өлі бала туған немесе дене салмағы бес жүз және одан артық грамм бала туған және ол жеті тәулікке дейін қайтыс болған жағдайда әйелге босану фактісі бойынша күнтізбелік елу алты күнге еңбекке уақытша жарамсыздық парағы және анықтамасы беріледі;

      5) ядролық сынақтардың әсеріне ұшыраған аумақтарда тұратын әйелдерге жиырма екі аптадан бастап жиырма тоғыз аптаға дейінгі жүктілік мерзімі кезінде босанған, дене салмағы бес жүз және одан артық грамм бала туған, ол жеті тәуліктен астам өмір сүрген жағдайда әйелге тоқсан үш күнге еңбекке уақытша жарамсыздық парағы және анықтамасы беріледі.

      Ядролық сынақтардың әсеріне ұшыраған аумақтарда тұратын әйелдер үшін жиырма екі аптадан бастап жиырма тоғыз аптаға дейінгі жүктілік мерзімі кезінде босанған және өлі бала туған немесе дене салмағы бес жүз және одан артық грамм бала туған, ол жеті тәулікке дейін қайтыс болған жағдайда әйелге босанғаннан кейін күнтізбелік жетпіс тоғыз күнге еңбекке уақытша жарамсыздық парағы және анықтамасы беріледі;

      6) әйел жүктілік кезеңінде еңбекке уақытша жарамсыздық парағына жүгінген кезде жүктілігі мен босануы бойынша демалыс жиынтықта есептеледі және ол босанғанға дейін іс жүзінде пайдаланылған күндердің санына қарамастан толықтай беріледі.

      Әйелдер босанғаннан кейінгі кезеңде еңбекке уақытша жарамсыздық парағына жүгінген кезде босанғаннан кейін осы тармақта көзделген ұзақтықта ғана демалыс ұсынылады;

      7) әйел төленетін жыл сайынғы еңбек демалысында немесе үш жасқа толғанша балаға күтім жасау бойынша жалақысы сақталмайтын демалыста болған кезеңде жүктілік басталған кезде енбекке уақытша жарамсыздық парағы осы тармақтың 6) тармақшасының екінші бөлігінде көзделген жағдайларды қоспағанда, жүктілігі мен босануы бойынша демалыстың бүкіл күндеріне беріледі;

      8) босанған кезде немесе босанғаннан кейінгі кезеңде анасы қайтыс болған жағдайда еңбекке уақытша жарамсыздық парағы және анықтамасы нәрестеге күтім жасауды жүзеге асыратын адамға беріледі;

      9) жүктіліктің жасанды үзу операциясы кезінде еңбекке уақытша жарамсыздық парағын және анықтамасын операция жүргізілген стационарда және амбулаториялық-емханалық деңгейде болған кезде дәрігер бөлімше меңгерушісімен бірлесіп береді, ал асқынулар болған жағдайда - еңбекке уақытша жарамсыздығының бүкіл кезеңіне береді.

      Түсік өздігінен түскен (түсік тастағанда) жағдайда еңбекке уақытша жарамсыздық парағы және анықтамасы еңбекке жарамсыздықтың бүкіл кезеңіне беріледі;

      10) эмбрионды ауыстырып қондыру операциясын жүргізген кезде операция жасаған медициналық ұйым эмбрионды ауыстырып қондырған күнінен бастап жүктілікті белгілеу фактісіне дейін еңбекке уақытша жарамсыздық парағын және анықтамасын береді.

      Жаңа туған баланы (қыз баланы) (балаларды) асырап алған адамдарға, сондай-ақ биологиялық аналарға cуррогат ана болу кезінде баланы (қыз баланы) асырап алған күнінен бастап және бала туған күнінен бастап күнтізбелік елу алты күн өткенге дейін тікелей перзентханадан еңбекке уақытша жарамсыздық парағы және анықтамасы беріледі.";

      4-тарау мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-тарау. Науқас балаға күтім жасау бойынша еңбекке уақытша жарамсыздық парағын және анықтамасын беру";

      5-тарау мынадай редакцияда жазылсын:

      "5-тарау. Карантин кезінде еңбекке уақытша жарамсыздық парағын және анықтамасын беру";

      6-тарау мынадай редакцияда жазылсын:

      "6-тарау. Ортопедиялық протездеу кезінде еңбекке уақытша жарамсыздық парағын және анықтамасын беру";

      7-тарау мынадай редакцияда жазылсын:

      "7-тарау. Туберкулезбен ауыратын науқастарға еңбекке уақытша жарамсыздық парағын және анықтамасын беру";

      Қосымшаның оң жақ жоғары бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:

  "Еңбекке уақытша
жарамсыздыққа сараптама
жүргізу, еңбекке уақытша
жарамсыздық парағын және
анықтамасын беру қағидаларына
қосымша".

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күннің ішінде оның көшірмелерін қазақ және орыс тілдеріндегі Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және қосу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      5) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Л. М. Ақтаеваға жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
Е. Біртанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады