Авиамаршруттарды субсидиялау кезінде, белгілі бір рейстегі пайдалану шығыстарын есептеу қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 28 қыркүйектегі № 678 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 17 қазанда № 17562 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 1511 қаулысымен бекітілген Авиамаршруттарды субсидиялау қағидасының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Авиамаршруттарды субсидиялау кезінде, белгілі бір рейстегі пайдалану шығыстарын есептеу қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлiгiнiң интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлiгiнiң Заң департаментiне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәлiметтердi ұсынуды қамтамасыз етсiн.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі
Ж. Қасымбек

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрі

      ______________ Ә. Смайылов

      2018 жылғы "___" ___________

  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің 2018 жылғы
28 қыркүйектегі № 678
бұйрығымен
бекітілген

Авиамаршруттарды субсидиялау кезіндегі, белгілі бір рейстегі пайдалану шығыстарын есептеу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы авиамаршруттарды субсидиялау кезінде, белгілі бір рейстегі пайдалану шығыстарын есептеу қағидалары Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 1511 қаулысымен бекітілген Авиамаршруттарды субсидиялау қағидасының 2-тармағына сәйкес әзірленген және авиамаршруттарды субсидиялау кезіндегі, белгілі бір рейстегі пайдалану шығыстарын есептеу тәртібін айқындайды.

2-тарау. Авиамаршруттарды субсидиялау кезінде, белгілі бір рейстегі пайдалану шығыстарын есептеу тәртібі

      2. Авиамаршруттарды субсидиялау кезінде, белгілі бір рейстегі пайдалану шығыстары мынадай тәртіппен есептеледі:

      Барлық пайдалану шығыстары = ұшу уақыты х ӘК ұшу сағатының өзіндік құны + әуежай қызметтері + ЖЖМ + АҚК + метеоқамтамасыз ету + өзге де шығыстар,

      мұндағы:

      ұшу уақыты – ұшып көтерілу мақсатында, әуе кемесі қозғала бастаған сәттен бастап ұшу аяқталғаннан кейін ұшақ толықтай тоқтауға дейінгі жалпы уақыт;

      ӘК ұшу сағатының өзіндік құны – "Субсидияланатын маршруттарда ұшуды орындаған кезде ұшу сағатының өзiндiк құны есебiнiң нұсқаулығын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 18 наурыздағы № 159 бұйрығына сәйкес есептелетін өзіндік құны (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6856 болып тіркелген);

      әуежай қызметі – әуежай қызметінің құрамына кіретін әуеайлаққа және жерде қызмет көрсету тауарлары, жұмыстары, қызметтері;

      ЖЖМ – авиациялық жанар-жағармай материалдарына төленетін шығыстар;

      АҚК – аэронавигациялық қызмет үшін төленетін шығыстар;

      метеоқамтамасыз ету – ұшуды метеорологиялық қамтамасыз етуге төленетін шығыстар;

      өзге де шығыстар – билеттерді сату, жүктерді және багажды тасымалдау бойынша шығыстарды қамтитын шығыстар, сондай-ақ рейстегі жолаушылар мен экипажды борттық тамақтандыру бойынша шығыстар.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады