"Электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке шекті тарифтерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 3 шілдедегі № 465 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 29 қарашадағы № 464 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 29 қарашада № 17828 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке шекті тарифтерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 3 шілдедегі № 465 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде №11850 болып тiркелген, 2015 жылы 6 тамызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:

      электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке шекті тарифтер осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Электр энергетикасы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Энергетика министрі
Қ. Бозымбаев

  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2018 жылғы 29 қарашадағы
№ 464 бұйрығына
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2015 жылғы 3 шілдедегі
№ 465 бұйрығының
2-қосымшасына

Электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке шекті тарифтер

  мың. теңге/(МВт×айына.)

Атауы

Жыл

2019

2020

2021

2022

2023

2024

2025

1

2

3

4

5

6

7

8

9

1

Электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке шекті тарифтер

590,0

590,0

590,0

590,0

590,0

590,0

590,0


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады