Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрінің "Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің қызметтік куәлігін беру қағидаларын және оның сипаттамасын бекіту туралы" 2017 жылғы 23 ақпандағы № 18 және "Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы" 2018 жылғы 12 наурыздағы № 22 бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрінің 2018 жылғы 29 қарашадағы № 01-01/79 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 5 желтоқсандағы № 17859 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2019 жылғы 12 қарашадағы № 433 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 12.11.2019 № 433 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 28 маусымдағы № 707 Жарлығына сәйкес келтіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің қызметтік куәлігін беру қағидаларын және оның сипаттамасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрінің 2017 жылғы 23 ақпандағы № 18 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14913 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 30 наурызда жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігінің қызметтік куәлігін беру қағидаларын және оның сипаттамасын бекіту туралы";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Мыналар:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігінің қызметтік куәлігін беру қағидалары;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігі қызметтік куәлігінің сипаттамасы бекітілсін.";

      осы бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің қызметтік куәлігін беру қағидаларында (бұдан әрі - Қағидалар):

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігінің қызметтік куәлігін беру қағидалары";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "Осы Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігінің қызметтік куәлікті беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) қызметтік куәлікті беру тәртібін белгілейді.";

      көрсетілген Қағидаларға қосымша, Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі мемлекеттік қызметшілерінің қызметтік куәлігін беруді есепке алу журнал нысаны осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі қызметтік куәлігінің сипаттамасында:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігі қызметтік куәлігінің сипаттамасы";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Қызметтік куәліктің ішкі жағында ақ түсті фонда жасырын түрдегі күн және шеңбер ішіндегі қалықтаған қыранды қолдана отырып, көк түсті қорғаныш тангир бейнеленген.

      Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігінің (бұдан әрі - Министрлік) қызметтік куәлігінде жоғарғы бөлігінде "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ ДАМУ МИНИСТРЛІГІ", "МИНИСТЕРСТВО ОБЩЕСТВЕННОГО РАЗВИТИЯ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН" деген жазу орналастырылған.

      Министрліктің комитеттерінің қызметтік куәлігінде қосымша жолда "ҚОҒАМДЫҚ КЕЛІСІМ КОМИТЕТІ", "КОМИТЕТ ОБЩЕСТВЕННОГО СОГЛАСИЯ", "АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМ ІСТЕРІ КОМИТЕТІ", "КОМИТЕТ ПО ДЕЛАМ ГРАЖДАНСКОГО ОБЩЕСТВА", "ЖАСТАР ЖӘНЕ ОТБАСЫ ІСТЕРІ КОМИТЕТІ", "КОМИТЕТ ПО ДЕЛАМ МОЛОДЕЖИ И СЕМЬИ." деген жазу орналастырылған.

      2. Күші жойылды – ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 26.08.2019 № 299 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігінің Персоналды басқару қызметі Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмелерін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді;

      4) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасының Қоғамдық даму министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      5) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігінің жауапты хатшысы М.А. Әзілхановқа жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қоғамдық даму министрі
Д. Кәлетаев

  Қазақстан Республикасы
Қоғамдық даму министрінің
2018 жылғы 29 қарашадағы
№ 01-01/79 бұйрығына
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Қоғамдық даму министрлігінің
қызметтік куәлігін беру
қағидаларына
қосымша
  нысан

Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігі мемлекеттік қызметшілерінің қызметтік куәлігін беруді есепке алу журналы

Фотосурет

№ р/с қызметтік куәліктің нөмірі

Берілген күні

Кімге берілді қызметкердің А.Т.Ә. (ол болған жағдайда)

Лауазымы

Қызметкердің алғаны жөнінде жеке қолы

Тапсырғаны туралы белгі

Жою туралы белгі










      Ескертпе: Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігі мемлекеттік қызметшілерінің қызметтік куәлігін беруді есепке алу журналы тігіліп, нөмірленіп және тиісті кадр қызметі басшысының қолымен және мөрімен расталады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады