"Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары медициналық және фармацевтикалық білімі бар мамандарды даярлауға 2018-2019 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2018 жылғы 4 шілдедегі № 418 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2018 жылғы 4 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-33 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 6 желтоқсанда № 17879 болып тіркелді

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 7-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      "Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары медициналық және фармацевтикалық білімі бар мамандарды даярлауға 2018-2019 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2018 жылғы 4 шілдедегі № 418 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17121 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік - құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 30 шілдеде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1-тармақтың 2) және 3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес 508 орын санында жоғары медициналық және фармацевтикалық білімі бар мамандарды даярлауға 2018-2019 оқу жылына арналған;";

      "3) 2192 орын санында конкурс негізінде медицина кадрларын даярлауды жүзеге асыратын жоғары оқу орындарында жоғары медициналық және фармацевтикалық білімі бар мамандарды даярлауға 2018-2019 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылсын.".

      көрсетілген бұйрыққа 1-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген бұйрыққа 2-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ғылым және адами ресурстар департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне қосу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      4) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Л.М. Ақтаеваға жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрі
Е. Біртанов

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2018 жылғы 4 желтоқсандағы
№ ҚР ДСМ-33 бұйрығына
  1-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2018 жылғы 4 шілдедегі
№ 418 бұйрығына
1-қосымша

Денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарында техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандарды даярлаудың 2018-2019 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы

р/с №

Денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдары

Бөлінген орындардың саны

Мамандықтардың атауы

Мамандық бойынша бөлінген орындардың саны

1.

Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасының жанындағы "Көкшетау жоғары медицина колледжі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі – МКҚК)

25 қазақ тілінде білім алушылар

"Мейіргер ісі"

25 қазақ тілінде білім алушылар

2.

Астана қаласы әкімдігінің "Жоғары медицина колледжі" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны (бұдан әрі – ШЖҚ МКК)

25 қазақ тілінде білім алушылар

"Мейіргер ісі"

25 қазақ тілінде білім алушылар

3.

Батыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасының "Батыс Қазақстан жоғары медицина колледжі" МКҚК

50, оның ішінде 25 қазақ тілінде білім алушылар

"Мейіргер ісі"

50, оның ішінде 25 қазақ тілінде білім алушылар

4.

Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасының "Қарағанды облыстық жоғары мейіргерлік медицина колледжі" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны

36, оның ішінде 23 қазақ тілінде білім алушылар

"Мейіргер ісі"

36, оның ішінде 23 қазақ тілінде білім алушылар

5.

Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының "Қызылорда жоғары
медицина колледжі" МКҚК

42 қазақ тілінде білім алушылар

"Мейіргер ісі"

42 қазақ тілінде білім алушылар

6.

Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасының "Жоғары медицина колледжі" ШЖҚ МКК

68 қазақ тілінде білім алушылар

"Мейіргер ісі"

68 қазақ тілінде білім алушылар

7.

"Республикалық жоғары медицина колледжі" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

98, оның ішінде 52 қазақ тілінде білім алушылар

Мейіргер ісі"

98, оның ішінде 52 қазақ тілінде білім алушылар

"Мейіргер ісі" Көз аурулары мүгедектері үшін "Массажист" біліктілігі

орыс тілінде білім алушылар 16

8.

"Түркістан" жоғары көпбейінді медицина колледжі" жеке мекемесі

56 қазақ тілінде білім алушылар

"Мейіргер ісі"

56 қазақ тілінде білім алушылар

Барлығы: 400

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2018 жылғы 4 желтоқсандағы
№ ҚР ДСМ-33 бұйрығына
2-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2018 жылғы 4 шілдедегі
№ 418 бұйрығына
2-қосымша

Жоғары медициналық және фармацевтикалық білімі бар мамандарды даярлаудың 2018-2019 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы

р/с №

Денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдары

Мамандықтың атауы

Мамандық бойынша бөлінген орындардың саны

1

2

3

4

1.

"Ұлттық медицина университеті" акционерлік қоғамы

Жалпы медицина

332, оның ішінде 230 қазақ тілінде білім алушылар

Стоматология

14, оның ішінде 9 қазақ тілінде білім алушылар

Мейіргер ісі

11, оның ішінде 8 қазақ тілінде білім алушылар

Фармация

9, оның ішінде 7 қазақ тілінде білім алушылар

Қоғамдық денсаулық сақтау

11, оның ішінде 8 қазақ тілінде білім алушылар

Педиатрия

131, оның ішінде 99 қазақ тілінде білім алушылар


Барлығы:

508


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады