Республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолын (жол учаскесін) ақылы негізде пайдалану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 24 желтоқсандағы № 903 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 27 желтоқсанда № 18072 болып тіркелді

      "Автомобиль жолдары туралы" 2001 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 2-тармағының 29) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Мыналар:

      1) республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын І-б санатты Алматы – Шелек – Қорғас автомобиль жолының Алматы – Қорғас 25+800 километр (бұдан әрі – км) – 320 + 800 км (бұдан әрі – ақылы жол (учаске)) ақылы негізде пайдаланылады;

      2) баламалы жол: Өзбекстан Республикасы шекарасы (Ташкентке) – Шымкент – Тараз – Алматы – Қорғас, Көкпек, Көктал, Қайнар арқылы (Қырғызстан Республикасының шекарасына кiреберiспен және Тараз, Құлан, Қордай шатқалының айналма жолдарымен) республикалық маңызы бар ортақ пайдаланылатын автомобиль жолы арқылы жүріп өту жүзеге асырылуда;

      3) ақылы жолдың (учаскесінің) бастапқы пункті – 25 + 800 км, ақылы жолдың (учаскесінің) соңғы пункті – 320 + 800 км;

      4) ақылы жолдың (учаскенің) басқа автомобиль жолдарымен қиылысулар және басқа автомобиль жолдарына қосылулар тізбесі осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес;

      5) ақылы жолдың (учаскенің) техникалық сыныптамасы – І-б санаты, ақылы жолдың (учаскенің) негізгі параметрлері:

      автомобиль жолымен жүріп өту белдеуінің ені – кемінде 3,75 метр;

      ақы алу пункттері орындарында автомобиль жолымен жүріп өту белдеуінің ені – кемінде 3,00 метр;

      ақы алу пункттері орындарында жүріп өтудің шеткі оң жақ белдеуінің ені – кемінде 6,0 метр және габаритті емес көліктің жүріп өтуіне арналған;

      автомобиль жолындағы қозғалыс белдеулерінің саны – екі бағытта 4 белдеу;

      6) ақылы жолдың (учаскенің) ұзақтығы – 295 км;

      7) ақылы автомобиль жолы арқылы жүріп өту үшін төлем мөлшерлемелері осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес айқындалады;

      8) басқа автомобиль жолымен баламалы түрде жүре алмайтын, іргелес елді мекендер жоқ;

      9) ақылы жолды (учаскені) ақылы негізде пайдалану мерзімі – 20 жыл деп белгіленсін.

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Инвестициялар және даму министрі Ж. Қасымбек

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

      2018 жылғы "___" _________


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ішкі істер министрлігі

      2018 жылғы "___" _________

  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
2018 жылғы 24 желтоқсандағы
№ 903 бұйрығына
1-қосымша

Ақылы жолдың (учаскенің) басқа автомобиль жолдарымен қиылысулар және басқа автомобиль жолдарына қосылулар тізбесі

Қиылысулар мен қосылулар мекенжайы км + метр

Көзделген қиылысу мен қосылу бойынша елді мекендердің атауы

Іле ауданы

28 км + 100

Өтеген Батыр кенті

31 км + 500

Кіші Байсерке кенті

Талғар ауданы

36 км + 500

Төңкеріс кенті

39 км + 000

Алға кенті

Еңбекшіқазақ ауданы

42 км + 300

Қойшыбек кенті

47 км + 000

Ават (Космос) кенті

55 км + 000

Амангелді кенті

56 км + 200

Қайнар кенті

62 км + 000

Еңбек кенті

65 км + 800

Қырбалтабай (Ақбастау) кенті

73 км + 500

Балтабай (Күш) кенті

74 км + 600

Қайрат кенті

77 км + 000

Ақши кенті

84 км + 500

Байдібек би (Казатком) кенті

99 км + 500

Тескенсу кенті

118 км + 500

Лавар кенті

124 км + 050

Торғай кенті

125 км + 600

Қорам кенті

27 км + 000

Шелек кенті

130 км + 300

Қызылшорық кенті

133 км + 000

Қайрат кенті

135 км + 500

Байсеиіт кенті

135 км + 500

К.Ұлтарақов кенті

153 км + 000

Нұрлы кенті

158 км + 000

Борандасу кенті

Ұйғыр ауданы

204 км + 000

Іле кенті

Панфилов ауданы

255 км + 000

Айдарлы кенті

261 км + 000

Көктал кенті

281 км + 000

Үшарал кенті

287 км + 000

Жаркент қаласы

315 км + 000

Алтынкөл станциясы

  Қазақстан Республикасы
  Инвестициялар және даму
  министрінің
  2018 жылғы 24 желтоқсандағы
  № 903 бұйрығына
  2-қосымша

Ақылы автомобиль жолы (учаскесі) бойынша жүріп өту үшін төлем мөлшерлемелері

      І-б санатты Алматы – Шелек – Қорғас жалпы пайдаланымдағы республикалық маңызы бар автомобиль жолының Алматы – Қорғас 25 + 800 км – 320 + 800 км учаскесі:

  теңге

Р/с №

Аймақтар

жеңіл автокөліктер

16 орынға дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 2,5 тоннаға (бұдан әрі - тн) дейін жүк автомобильдері

32 орынға дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 5,5 тн дейін жүк автомобильдері

32 орыннан асатын автобустар және автопоездардың жук көтергіштігі 10-тн дейінгі жүк автомобильдері

Жүк көтергіштігі 10 тн-дан 15 тн-ға дейінгі жүк автомобильдері

Жүк көтергіштігі 15 тн-дан жоғары, оның ішінде тіркелгіш және ершікті тартқыштар

Жергілікті көлік

Алдынала төлем бойынша транзит

Қолма-қол ақшамен, төлегенде транзит

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

1.

Байсерке 25+800 – 38+200 км (12,4 км)

20

20

40

70

120

180

250

300

2

Балтабай 38+200 – 120+700 км (82,5 км)

80

80

160

420

830

1230

1650

2060

3

Шелек 120+700– 204+650 км (83,9 км)

80

80

160

420

840

1250

1680

2090

4

Ұйғыр 204+650 – 254+900 км (50,2 км)

50

50

100

260

500

750

1000

1250

5

Панфилов 254+900 – 320+800 км (66 км)

70

70

140

330

660

990

1320

1650


Бір бағыттағы барлық маршрут бойынша жиыны (295 км)

300

300

600

1500

2950

4400

5900

7350

      Ескертпе:

      1) аймақ – өзінің ұзақтығы бар және көлік құралының жүк көтергіштігі мен түріне байланысты жүріп өткені үшін белгілі бір ақы мөлшерлемесі бар ақылы автомобиль жолындағы (учаскедегі) жол бөлігі;

      2) алдын-ала төлеу – пайдаланушының ақылы автомобиль жолдарымен (учаскелерімен) ақы алу пунктері арқылы жүріп өткенге дейінгі төленген ақысы;

      3) жергілікті көлік – бір аудан шегінен тыс қозғалу кезінде жалпы пайдаланымдағы республикалық маңызы бар ақылы автомобиль жолына (учаскесіне) іргелес әкімшілік-аумақтық бірлікте (облыстың ауданы) белгіленген тәртіппен тіркелген автокөлік;

      4) транзиттік көлік – жалпы пайдаланымдағы республикалық маңызы бар ақылы автомобиль жолына (учаскесіне) іргелес әкімшілік-аумақтық бірлікте (облыстың ауданы) белгіленген тәртіппен тіркелмеген көлік немесе ол туралы мәліметтер Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің тіркелген көліктің бірыңғай ақпараттық жүйесінде қамтылмаған;

      5) жергілікті жеңіл көліктер үшін екі бағыттағы барлық маршрут бойынша күнтізбелік 365 күнге 1000 теңге көлемінде жүріп өткені үшін абоненттік төлем төленуі мүмкін.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады