"Қосымша дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету туралы" Ақмола облыстық мәслихатының 2017 жылғы 29 қыркүйектегі № 6С-15-4 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Ақмола облыстық мәслихатының 2018 жылғы 5 мамырдағы № 6С-20-6 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 23 мамырда № 6625 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облыстық мәслихатының 2020 жылғы 7 қазандағы № 6С-50-7 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облыстық мәслихатының 07.10.2020 № 6С-50-7 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 9-бабы 1-тармағы 5) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес, Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Қосымша дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету туралы" Ақмола облыстық мәслихатының 2017 жылғы 29 қыркүйектегі № 6С-15-4 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6122 болып тіркелген, 2017 жылғы 23 қазанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:

      1- тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:

      "1. Амбулаториялық емделу кезінде "Ювенильді идиопатиялық артрит" ауруларынан зардап шегетін азаматтарға "Адалимумаб", "Тоцилизумаб" дәрілік заттары, "Өкпе гипертензиясы" ауруларынан зардап шегетін азаматтарға "Силденафил", "Бозентан", "Риоцигуат" дәрілік заттары тегін, облыстық бюджет қаражаты есебінен қосымша берілсін.".

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ақмола облыстық
мәслихаты сессиясының
төрағасы
Қ.Сұлтанов
      Ақмола облыстық
мәслихатының хатшысы
Д.Нұрмолдин

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Ақмола облысының денсаулық
сақтау басқармасы" мемлекеттік
мекемесінің басшысының
міндетін атқарушы
Ә.Қалдыбаева

      05.05.2018

      "Ақмола облысының экономика
және бюджеттік жоспарлау
басқармасы" мемлекеттік
мекемесінің басшысы
Б.Малғаждаров

      05.05.2018

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады