Заводской кентінде көшелерді қайта атау туралы

Жаңа

Ақмола облысы Степногорск қаласы әкімдігі Заводской кенті әкімінің 2018 жылғы 27 қарашадағы № 3 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 19 желтоқсанда № 6949 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабының 2-тармағына сәйкес, халықтың пікірін ескере отырып және Ақмола облыстық онамастика комиссиясының 2018 жылғы 5 қазандағы қорытындысы негізінде, Заводской кентінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Заводской кентінде көшелер қайта аталсын:

      Димитров көшесі Етекбай би көшесіне, Дзержинский көшесі Сарыарқа көшесіне, Комсомольская көшесі Ахмет Байтұрсынұлы көшесіне, Пионерская көшесі Достық көшесіне, Шахтерская көшесі Кеншілер көшесіне, Горноспасателей көшесі Біржан сал көшесіне, Рудничная көшесі Талғат Бигелдинов көшесіне, Молодежная көшесі Жастар көшесіне, Гоголь көшесі Рақымжан Қошқарбаев көшесіне, Крылов көшесі Мағжан Жұмабаев көшесіне, Чехов көшесі Құрманғазы көшесіне, Герман Титов көшесі Сәкен Сейфуллин көшесіне, Валентина Терешкова көшесі Ілияс Есенберлин көшесіне, Степная көшесі Әлия Молдағұлова көшесіне, Степногорская көшесі Қажымұқан көшесіне, Мир көшесі Бейбітшілік көшесіне, Юрий Гагарин көшесі Қаныш Сәтпаев көшесіне.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Заводской кентінің
әкімі
М.Мадьяров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады