Аршалы аудандық мәслихатының 2013 жылғы 20 тамыздағы № 18/2 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Аршалы ауданы мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Аршалы аудандық мәслихатының 2018 жылғы 11 қазандағы № 28/2 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 26 қазанда № 6816 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Аршалы аудандық мәслихатының 2020 жылғы 23 желтоқсандағы № 70/5 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Аршалы аудандық мәслихатының 23.12.2020 № 70/5 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 56 бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына, "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына сәйкес, Аршалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Аршалы аудандық мәслихатының "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Аршалы ауданы мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" 2013 жылғы 20 тамыздағы № 18/2 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3801 тіркелген, 2013 жылғы 27 қыркүйекте аудандық "Аршалы айнасы" газетінде, 2013 жылғы 27 қыркүйекте аудандық "Вперед" газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Аршалы ауданы мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:

      2 тармақтың 9) тармақшасы жаңа редакцияда баяндалсын:

      "9) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – уәкілетті ұйым) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;";

      9-тармақ келесі мазмұндағы 9) тармақшасы толықтырылсын:

      "9) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушыларына және мүгедектеріне теңестірілген адамдарға, зейнеткерлік жасына жеткен адамдарға, бірінші, екінші және үшінші топтағы мүгедектерге, он сегіз жасқа дейінгі мүгедек балаларға, соның ішінде ата-анасының (заңды өкілдерінің) біреуіне, "Күміс алқа", "Алтын алқа" алқаларымен марапатталған көп балалы аналарға, он сегіз жасқа дейінгі төрт және одан да көп балалары бар көп балалы отбасылардың ата-анасының (заңды өкілдерінің) біреуіне – алушының мәртебесін растайтын құжаттың түпнұсқасы ұсынылған жағдайда, қала маңындағы жолаушылар көлігінің маршруттарында жол жүруге төлем төлеуден босату түрінде.".

      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат
сессиясының төрағасы
Қ.Шедербеков
      Аудандық мәслихаттың
хатшысы
Қ.Шедербеков

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Аршалы ауданының әкімі А.Тайжанов

      2018 жылғы 11 қазан

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады