2018 жылға арналған Ерейментау ауданы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы

Жаңа

Ақмола облысы Ерейментау ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 14 наурыздағы № а-3/100 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 9 сәуірде № 6525 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі "Білім туралы" Заңы 6-бабының 4-тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес, Ерейментау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса берілген 2018 жылға арналған Ерейментау ауданы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері бекітілсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Е.Әлжановқа жүктелсін.

      3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді, ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған құқықтық қатынастарға тарайды.

      Ерейментау ауданының
әкімі
Е.Нұғыманов

  Ерейментау ауданы әкімдігінің
2018 жылғы "14" наурыздағы
№ а-3/100 қаулысымен
бекітілді

2018 жылға арналған Ерейментау ауданы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері

Меншік түрі

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының тәрбиеленушілер саны


Бөбекжай- бақшасы

Толымсыз жұмыс күнімен дербес шағын орталық

Мектеп жанындағы толымсыз жұмыс күнімен шағын орталық

мемлекеттік

190

0

520

жеке меншік

170

10

0

      кестенің жалғасы:

Бір тәрбиеленушіге айына (теңге) шығындардың орташа құны

Мектепке дейінгі мекемелерде айына (теңге) ата-ана төлемақысының мөлшері

Бөбекжай- бақшасы

Толымсыз жұмыс күнімен дербес шағын орталық

Мектеп жанындағы толымсыз жұмыс күнімен шағын орталық

Бөбекжай- бақшасы

Толымсыз жұмыс күнімен дербес шағын орталық

Мектеп жанындағы толымсыз жұмыс күнімен шағын орталық

30500

0

9343

Үш жасқа дейін -11000
үш жастан жоғары - 12000

0

0

30500

17650

0

Үш жасқа дейін -12000
үш жастан жоғары - 15000

Үш жасқа дейін-2500
Үш жастан жоғары- 3000

0


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады