Біржан сал ауданында ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерінде мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін квота белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Біржан сал ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 28 наурыздағы № а-3/124 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 11 сәуірде № 6537 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Біржан сал ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 30 желтоқсандағы № а-12/279 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Біржан сал ауданы әкімдігінің 30.12.2021 № а-12/279 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 9 бабының 6) тармақшасына, 27 бабының 1 тармағының 1) тармақшасына, "Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы № 498 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14010 болып тіркелген) сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Біржан сал ауданында ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерінде мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін квота жұмыскерлердің тізімдік саны бар ұйымдарға белгіленсін:

      елуден жүз адамға дейін - жұмыскерлердің тізімдік санының екі пайызы мөлшерінде;

      жүз бірден екі жүз елу адамға дейін - жұмыскерлердің тізімдік санының үш пайызы мөлшерінде;

      екі жүз елу бірден артық адам - жұмыскерлердің тізімдік санының төрт пайызы мөлшерінде.

      2. "Еңбекшілдер ауданында ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерінде мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін квота белгілеу туралы" Еңбекшілдер ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 11 тамыздағы № а-8/175 (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеудің мемлекеттік тізілімінде № 6071 тіркелген, 2017 жылы 21 қыркүйекте Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрдегі жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аталған мәселеге жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Біржан сал ауданы
әкімінің міндетін
атқарушы
Е.Сабыров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады