Есіл аудандық мәслихатының 2016 жылғы 25 сәуірдегі № 3/3 "Есіл ауданы аумағында жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Есіл аудандық мәслихатының 2018 жылғы 15 маусымдағы № 32/2 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 2 шілдеде № 6706 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Есіл аудандық мәслихатының 2020 жылғы 17 маусымдағы № 72/4 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Есіл аудандық мәслихатының 17.06.2020 № 72/4 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңына сәйкес, Есіл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Есіл аудандық мәслихатының "Есіл ауданы аумағында жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы" 2016 жылғы 25 сәуірдегі № 3/3 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5403 тіркелген, 2016 жылғы 13 маусымда "Жаңа Есіл" аудандық газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің Есіл ауданы аумағында жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібіндегі:

      2 тармақтың 2) тармақшасы жаңа редакцияда баяндалсын:

      "2) Есіл қаласы, орталық стадион, Ғарышкерлер көшесі.";

      3 тармақтың 2) тармақшасы жаңа редакцияда баяндалсын:

      "2) Есіл қаласы, Энергетиктер және Ғарышкерлер көшелерінің қиылысынан бастап Ғарышкерлер көшесінің бойымен орталық стадионға дейін.".

      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат
сессиясының төрағасы
К.Мистриди
      Аудандық мәслихат
хатшысы
С.Ағымбаева

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Есіл ауданының әкімі Т.Ерсейітов

      15 маусым 2018 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады