Жақсы ауданында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын бекіту туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Жақсы ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 17 қазандағы № а-9/308 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 16 қарашада № 6835 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Жақсы ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 14 қарашадағы № а-8/261 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Жақсы ауданы әкімдігінің 14.11.2019 № а-8/261 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31 бабының 1 тармағының 4-2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушысының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 бұйрығымен бекітілген Ішкі сауда қағидаларының 50-1 тармағына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11148 тіркелген) сәйкес, Жақсы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Жақсы ауданында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары бекітілсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б.Ж.Касеновке жүктелсін.

      3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Б.Малғаждаров

  Жақсы ауданы әкімдігінің
2018 жылғы "17" қазандағы
№ а-9/308 қаулысымен
бекітілген

Жақсы ауданында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары

Әкімшілік-аумақтық бірліктің атауы

Орналасу орындары

1

Жақсы ауылы

Тәуелсіздік көшесі, "Адина" дүкенінің жанында

2

Жақсы ауылы

Тәуелсіздік көшесі, "Гезгу" дүкенінің жанында

3

Белағаш ауылы

Сарыарқа көшесі, "Елена" дүкенінің жанында

4

Киев ауылы

Ленин көшесі, "Мечта" дүкенінің жанында

5

Подгорное ауылы

Школьная көшесі, "Имангали" дүкенінің жанында

6

Терісаққан ауылы

Майкөтова көшесі, пошта ғимаратының жанында

7

Перекатное ауылы

Киров көшесі, "Фараон" дүкенінің жанында

8

Жаңа-Қима ауылы

30 лет Победы көшесі, "Динара" дүкенінің жанында

9

Запорожье ауылы

Ленин көшесі, "Весна" дүкеніне қарама-қарсы

10

Ешім ауылы

Баубек батыр көшесі, стадион жанында

11

Калинин ауылы

Зеленая көшесі, "Арман" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ғимаратының жанында

12

Моховое ауылы

Тәуелсіздік көшесі, "Тугел-Аубакир и К" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ғимаратының жанында

13

Киров ауылы

Киров көшесі, "Каражон" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі кафе ғимаратының жанында

14

Новокиенка ауылы

Торговый тұйық көшесі, наубайхана ғимаратының жанында

15

Тарас ауылы

Островский көшесі, "Тарас" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі асханасы ғимаратының жанында


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады