Целиноград ауданының Мәншүк ауылының көшелерін қайта атау туралы

Жаңа

Ақмола облысы Целиноград ауданы Мәншүк ауылы әкімінің 2018 жылғы 12 қарашадағы № 1 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 4 желтоқсанда № 6888 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік – аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35, 37-баптарына сәйкес, халықтың пікірін ескере отырып және Ақмола облыстық ономастика комиссиясы отырысының 2018 жылғы 5 қазандағы қорытындысы негізінде, Мәншүк ауылының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Целиноград ауданының Мәншүк ауылының көшелері қайта аталсын:

      Молодежная көшесін Тәуке хан көшесіне;

      Мира көшесін Атамекен көшесіне;

      Коммунистическая көшесін Тәуелсіздік көшесіне;

      Советская көшесін Жеңіс көшесіне;

      Набережная көшесін Дінмұхамед Қонаев көшесіне;

      Степная көшесін Ұлы дала көшесіне;

      Дружба көшесін Жібек жолы көшесіне;

      Центральная көшесін Алаш көшесіне;

      Октябрьская көшесін Сарыарқа көшесіне.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Мәншүк ауылының
әкімі
Ғ.Исаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады