Шортанды ауданы Дамса ауылдық округінің Научный кентінің көшелерін қайта атау туралы

Жаңа

Ақмола облысы Шортанды ауданы Дамса ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 24 тамыздағы № 65 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 17 қыркүйекте № 6782 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк–аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес, халықтың пікірін ескере отырып және Ақмола облыстық ономастика комиссиясы отырысының 2018 жылғы 18 сәуірдегі қорытындысы негізінде, Дамса ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Шортанды ауданы Дамса ауылдық округінің Научный кентінің көшелері қайта аталсын:

      1) Березовая роща көшесі Аққайың көшесіне;

      2) Новая көшесі Болашақ көшесіне;

      3) Садовая көшесі Бақшалы көшесіне;

      4) Юбилейная көшесі Мерей көшесіне.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Дамса ауылдық
округінің әкімі
А.Кульмагамбетов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады