Ақмола облысы Бурабай ауданы Абылайхан ауылдық округі елді мекендерінің көшелерін қайта атау туралы

Жаңа

Ақмола облысы Бурабай ауданы Абылайхан ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 19 қазандағы № 6 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 9 қарашада № 6829 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес, халықтың пікірін ескере отырып және Ақмола облыстық ономастика комиссиясының 2018 жылғы 18 сәуірдегі қорытындысы негізінде, Абылайхан ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ақмола облысы Бурабай ауданы Абылайхан ауылдық округінің Озерное ауылының көшелері қайта аталсын:

      1) Мир көшесі Бейбітшілік көшесіне;

      2) Набережная көшесі Жағалау көшесіне;

      3) Целинная көшесі Достық көшесіне;

      4) Боровская көшесі Орталық көшесіне.

      2. Ақмола облысы Бурабай ауданы Абылайхан ауылдық округінің Новый Қарабауыр ауылының Молодежная көшесі Жастар көшесіне қайта аталсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Абылайхан ауылдық
округінің әкімі
Ғ.Қалмағанбетов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады